қоғамдар қалыптасу үдерісі қарқынды жүрді. Дегенмен, кейбір аудандарда
таптардың қалыптасу үдерісі елеулі тәжірибе жинап үлгерген болатын.
Таптық қоғамның алғашқы үлгілері Орта Азияның оңтүстік аудандарындағы
қолдан суғармалы егіншілік дамыған аудандарда ертеден-ақ қалыптасқаны
белгілі. Мысал ретінде Алтынтөбе мен Намазгатөбе егіншілік өркениеттерін
айтуға болады.
Арменияның таулы өлкесін мекендеген ежелгі тұрғындарда б.з.д. І
мыңжылдықта шығыс үлгісіндегі мемлекет қалыптасты. Кішкене кейінірек Қара
теңіздің Солтүстік жағалауларында жергілікті тайпаларға өзінің үлкен мәдени
ықпалын тигізген ежелгі грек қоныстары пайда болды. Ықпалдың әсері
жергілікті тайпалардың арасында материалдық өндірістің дамуы мен алғашқы
тұрмыстық қоғам құрылысының ыдырауына ұйытқы болды.
Қалалардың, қала өркениеті мен мәдениетінің қалыптасуы таптық қоғамның
орнығуымен тікелей байланысты дамыды. Қалаларда жазу ісі пайда болып,
күрделі сәулеткерлік құрылыстар салынды. Теңгелер таралып, сауда дамыды.
Бұл алғашқы нышандары ерте заманнан бастап қалыптасқан өндіруші
шаруашылықтың дамыған түрі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: