талшықтар, өзара тоқылу нәтижесінде түкті қабаты бекітіліп, бағалы - үлбір терісінің негізін қүрайтын тығыз және берік, қалыңдығы жоғары тоқыма түзеді. Былғары астары. Әр түрлі қалыңдықты, тығыздықты бола- ды, сондықтан алдымен созылуға беріктігін, созылғыштығын және салмағын анықтайды. Түкті жабын үлбірді сипаттаудағы анықтағыш көрсеткіші болып табылады, себебі бүл көрсеткіштен үлбірдің эстетикалық қасиеті ғана емес және басқада пайдалану қасиеттері тәуелді. Түкті жабынды қүрайтын түктер, әр түрлі, қалыңдығы, биіктігі, бүйралылығымен және ішкі қүрылымымен ажыратылады. Түкті жабын үш негізгі шаш түріне бөлінеді: мамық, қылшық және бағыттауыш. Мүның әрқайсысы теріде өзінің функцияларын орындайды. Мамық түктер - аса жүқа және қысқа, әрдайым қатты бүйраланған. Олар негізінен түктің негізгі көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар