Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі бекіткен алматы, 011 £



Pdf көрінісі
бет50/100
Дата20.01.2023
өлшемі16,47 Mb.
#62106
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
Байланысты:
Биотехнология

- 
цидтік
) тудыра отырып эсер етеді. 
Бактерицидтік
заттар мик-
роорганизмнің тез өлуіне сеоеп оолады, микроорганизмдердщ 
цитоплазмалық ақуыздарын өзгертеді, ақуыз молекуласы олар- 
дың әсерінен қайтымсыз денатурацияланады. Бұл заттардың 
әсерінің ерекшелігі болмайды, әр түрлі микроорганизмдерге эсер 
етеді. Бактерицидтік заттар адам ақуыздарымен де әрекеттеседі, 
сондықтан олардың әсерінен адам ағзасының ұлпалары да зақым- 
дану мүмкін. Бактерицидтік заттарды дезинфекция үшін пайдала­
нады. 
Бактериостатикальщ
заттар микроорганизмнің биохимия- 
лык үдірістеріне эсер етеді, олардың дамуы мен өсуін тежейді. 
Микроорганизмдердің өсу мен үрпақтануы үшін қолайсыз жағдай 
туады. Бактериостатикалық зат белгілі бір микробтың түріне гана 
өзінін әсерін көрсетеді, себебі әр түрлі микробтардың зат алмасу 
процестерінде айырмашылығы табылған. Бактериостатикалық 
заттың әсерінен адам үлпалары зақымданбайды.
Қазіргі күнде 18000-ға жуық табиғи антибиотиктер белгілі, ал 
медицина мен ветеринарияда ауруларды емдеу үшін 350-ін ғана 
пайдаланады. Себебі, белгілі антибиотиктердің ішінен 90%-ы ме­
дицина үсынылатын талаптарына сай келмейді. Медицинада қол- 
даньшатын антибиотикалық заттар келесі талаптарына сай болуы
керек:
- антибиотиктің өзінің уыттылығы және ағзада түзілетін өнім- 
дерінің уыттылығы болмайды немесе өте төмен;
- тиімді әсері төмен концентрацияда іске асады;
- ағза жағдайында микроорганизмге қарсы әсерін көрсетеді;
- антибиотикке қарсы микроорганизмнің түрақтылығы баяу
дамиды;
- қосымша зиянды әсері өте төмен немесе болмайды;
- суда жақсы ериді;
- әдеттегі жағдайда үзақ уақыттын ішінде микроорганизм­
дерге қарсы белсенділігін сақтайды;
75


— 
ортаның әр түрлі жағдайында, ағзаның физиологиялық сүй- 
ықтық және үлпалық жағдайында антимикробтық әсерін сақтайды.
Көп мөлшерде пайдаланатын антибиотиктер жанама зиянды 
көрсету мүмкін. Антибиотиктердің макроорганизмдерге жанама 
зиянды әсері мынадай: уыттылық әсері, антибиотиктің әсерінен 
дисбактериоз және аллергиялық реакцияның даму мүмкіндігі, 
иммунитеттің тежелуі, аурудьщ асқынуы, ағзада өндірілетін уытты 
есеңгіреу (шок). Антибиотиктердің микроорганизмдерге жанама 
әсеріне микробтардың өзгерген штамдары, антибиотиктерге 
түрақты және антибиотиктерге тәуелді түрлері түзілуі жатады. 
Антибиотиктердің әсерінен ағзада жүқпалы аурулардан қорғай- 
тьш ерекше және ерекше емес қорғаныштық негізгі факторлары 
тежеледі (иммуноглобулиндердің түзілуі, комплемент жүйесі, ли- 
зоцим ақуыздың әсері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет