8. іурһі Ту-
2 1
штаммы алынды, оның негізінде сүзекке қарсы вакцинаны жа-
сады. Тірі вакциналардың кемшілігі - тірі жасушалардың дүрыс
дозасын таңдап алу мен биологиялық бақылау қиынға соғады.
Сонымен қатар олар жоғары температураға өте сезімтал, оларды
сақтау (төменгі температура) талабы жоғары болады.
Инактивтелген (өлі) вакциналар түрақты және қауіпсіз болады,
себебі олар вируленттік реверсиясын тудырмайды. Өлі вакцина
лар - белсенділігі толық жойылған микроорганизмдердің негізінде
жасалған вакциналары. Патогенді микроорганизмнің вирулент-
тілігін толық тежейді, нәтижесінде оның жүқпалы ауруды қозды-
ратын қабілеті жоғалады. Оларды қыздыру немесе химиялық жол-
мен алады. Адам немесе жануарлар ағзасына вакцинаны енгізген-
де өлі қоздырғыштың барлық антигендеріне қарсы иммундық
жауап қалыптасады. Өлі вакциналарды сақтау женіл, суықта сақ-
тауды талап етпейді, осы қасиеттеріне байланысты практикада
қолдануға өте ыңғайлы болады. Бактериялар мен вирустардың
молекулалық антигендерін немесе күрделі протективті антиген-
дерді синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналарды
алу үшін қолданады. Соңғылары полимерлі қүрылым мен
адью- ванттан (иммунитетті күшейтетін химиялық қосылыс) түратын
спецификалық антигенді комплекс болып табылады.
Тірі және өлі вакциналарды мынадай жүмыс жүргізіп жасайды:
1
) ауруды қоздыратын табиғи (жабай) штамның түрін тандап ала
ды, себінді жағдайда өсіреді және тазартады;
2
) штамм белсенді-
лігін толық тежейді немесе штамды түрөзгеріске (модификацияға)
үшыратады. Өзгерген штамды енгізгенде адам мен жануарларда
тиімді иммундық жауап дамиды.
Вакциналар молекулалық (химиялык) және корпускулярлық
деп жіктеледі.