Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет83/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында 
ӛзінің мінез–құлқын реттеу, ӛзіндік әрекетін басқару 
құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы 
жоғары сыныпта ӛзінің білім алу траекториясын таңдауға 
жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды 
және ӛзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін 
басқаруға қабілеттілігіне айналады. 
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті 
қызметтік рӛл де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге 
асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу 
әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, 
мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ 
бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады. 
Білім берудің тӛмендегі сипаттамалары бар екені 
белгілі, олар: 
- кеңістік пен уақыт ішінде орындалады; 
- коммуникация түрлері арқылы орындалады
- бағалау түрлері қолданылады; 


236 
Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде 
аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда 
емтихан тапсырмайды, келесі сатыға ӛтуге таңдау 
жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары ӛз 
сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан 
ӛтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары 
белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені 
аяқтауға тиіс болады. 
Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын 
сынып ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, 
бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп 
ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта 
мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де 
шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша 
білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады. 
Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі 
оқушыларға оқу–тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар 
әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды. 
Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бӛлмесі, сабақ 
– бұлжымас оқу түрі, сондай–ақ, кабинеттік жүйе (химия 
лабораторияларымен, биология, ӛсімдіктер, жануарлар 
әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) 
пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері 
мұғаліммен қатынаста құрылса, негізгі және орта 
мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік 
кеңістікте құрылады. 
Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне ӛзгеріс 
енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының 
құрылымына байланысты таңдалады. 
- жоба идеясы оқу үдерісінде немесе басқа да 
ситуацияларда пайда болуы мүмкін; 
- жобаны орындаудың ӛзі сыныптағы сабақтан тыс, 
жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. 
Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет–класс, т.б. 
- жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның 
мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не 
мереке, конференция, фестиваль, т.б. 
Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы 
орындалады. Мысалы, бастауышта 1–2 күн бұрын 


237 
жоспарланса, 5–6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір 
пән кӛлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 
1 тоқсан, одан да кӛп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. 
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін 
дамытылуын неден кӛруге болатынын қарастырайық. Олар: 
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы 
оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуында; 
Оқушы (топ): 
- тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін 
дайындайтын 
уақытын, 
ӛз 
мүмкіндіктерін 
талдайды; 
- тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның 
уақытын, орындаушыларын кӛрсетеді, уақыт 
бӛледі; 
- тапсырманың кейбір бӛліктерінен мүмкіндікке 
қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, 
уақыт аз, т.б.); 
Осылайша, міндеттерді орындаудан–оның кезеңдерін 
жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру 
сияқты жұмыстар жалғастырылады. 
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар 
тӛмендегі жұмыстарды орындайды: 
- тақырып таңдайды; 
- жұмысты орындау жолдарын таңдайды; 
- жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін 
жоспарлайды; 
- жоба ӛнімін жасайды; 
- қорытынды 
ӛнімнің нәтижелерін кӛрсетудің 
түрлерін анықтайды; 
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар 
ӛздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын кӛрсететін белгі 
де тұруы керек. 
Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің 
ерекшеліктері бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге 
асырудың бірлігі–оның айнымас белгісі, ол–білім беру 
жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі. 
Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін 
қалыптастыру – бұл: 


238 
- бастауышта: іс-әрекет амалдарын іздеу, анықтау 
(бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес, 
мұғалімге тән); 
- негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың 
бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім 
қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын 
таңдау, нәтижелік ӛнімді алу және оны 
презентациялау; 
- жоғары сыныпта: ӛзінің білім алу траекториясын 
жобалау. 
Осылайша, бастауышта пайда болып, жинақталған іс-
әрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін 
ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың 
оқу–тәжірибелік жұмысты ӛз бетімен орындау қабілетін 
дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады. 
Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары 
сыныптардағы оқулықтың ӛзіндік білім алу траекториясын 
жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған 
білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің 
құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін 
орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы 
жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте 
ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы 
мектепшілік жұмыстарда бӛлек ұйымдастырылмайды, 
бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие 
жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы:
1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады; 
2–кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына 
айналады; 
3–кезең: одан жобаны орындау оқушының ӛз бетіндік 
оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады; 
Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің ӛзара 
байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының ӛз бетімен оқу – 
тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға 
негіз болады. 
Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау 
әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер 
жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері қалыптасуы 


239 
мүмкін емес. Осы себепті жобалауды оқыту процесіне ендіру 
қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін кӛрсетеді: 
- оқу – жобалық; 
- ӛз бетімен, еркін – регламенттелген; 
- бағаланады – бағаланбайды; 
- еркін – қадағаланады; 
- авторлық – нормативтік; 
- сынаулық – нәтижелік. 
Бастауыш мектепте бұл қарама–қайшылықтар тек 
кӛріне бастайды, олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – 
қатынасқа ӛзгерістер енгізіле бастағаннан кӛрінеді. Негізгі 
мектепте оқушы кӛптеген дамытушылықтық, ӛзбетіндік 
әрекеттерге пәндер арқылы емес, ӛзінің танымдық әрекеттері 
арқылы ӛзін, ӛз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған 
қарама–қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне ӛту 
барысында оқушы кӛптеген оқу–танымдық әдіс–тәсілдер мен 
олардың түрлерін таңдай, түсіне алады, қажеттікке қарай 
қолдана бастайды. Олардың барысында ӛз бетіндік 
әрекеттерге үйренеді. 
Негізгі мектепте алған ӛз әрекеттерін таңдай білу, 
ӛзгелермен қарым–қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары 
сыныптарда ӛз әрекеттерін қойылған мақсатқа байланысты 
ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге асырады. 
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың ӛз 
бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағыттар 
анықталады. Сондай–ақ оқушылар міндетті, нормаланған 
және еркін, ӛз бетімен жасалатын жұмыстарды ажырата 
алады және ӛз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады. 
Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу 
пәндері және сыныптан тыс жұмыстарда ӛзбетіндік 
әрекеттерін қалыптасқан жағдайына сай ұйымдастыра алады, 
мұндай әрекеттердің жиынтығы оқу–тәжірибелік жұмысында 
ӛз бетінше әрекет ету қабілетін қалыптастырады. 
Жоғары кластарда оқушы ӛз әрекеттерін, ӛздерінің оқу 
міндеттерін ӛздері ұйымдастыра алатын болады. Ол 
сабақтан, мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды. 
Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы 
оқушының мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті 
нәтижелі бітірудің кӛрсеткіші – олардың жоғары сыныпқа 


240 
барғанда, бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқу–
тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет