Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет39/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142
Ӛзектілігін бағалау. Жобалау оқытуда белгілі бір 
қиындықтар туғызып отырған мәселелерді анықтап, оны 
тиімді шешуге бағытталған болуы тиіс. Осындай мәселелік 
бағыттарды айқындау, талдау жасау арқылы негіздеу және 
шешу жолдарын ұсыну, жобалау маңызды мәселеге 
бағытталғанын кӛрсетеді.
Ӛлшемдері болуын бағалау. Жобалау нәтижесі
қалыптасқан жағдайды ӛзгертетін, не жетілдіретін болуы 
керек. Ол үшін алдын ала анықтау алуды қажет ететін 
сұрақтар: 1) жобаның қандай кӛрсеткіштері нәтижелер деп 
есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер арқылы ӛлшеуге 
болады және олар немен ӛлшенеді? 
Қолжетімдігін бағалау. Жобалаудың қолжетімдік 
стратегиясын жүзеге асыру оның күтілетін нәтижелерінің 
алдын ала анықталуы және оны орындау жолдары мен 
механизмдерінің 
нақты 
кезеңдері 
мен алгоритмінің 
жасалуынан белгілі болады. 
Шынайылығын бағалау. Жобалауды іске асыратын 
лайықты адамдар тобының белгіленуі, жобалаудың мазмұны 
мен технологиясы, қажетті ресурстарының анықталуы. Осы 
әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде жүзеге 
асырылуына мүмкіндік жасайды. 
Уақыт шектеулерінің белгіленуін бағалау. Бұл жобалау 
қызметінің басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау 
барысындағы аралық кезеңдерді және әрбір аралық кезеңнің 
мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің нақты белгіленуінен 
кӛрінеді.  
Болуы мүмкін күтілетін кедергілермен тәуекелелдік 
дәрежесінің анықталуы. Жобалау барысында осыған ұқсас


109 
тәжірибелерді зерттеу және талдау арқылы алдын ала болжау 
әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін кедергілер мен 
қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала 
белгіленуі. 
Жобаның ӛміршеңдігін бағалау. Оның мәнісі жоба 
жетекшілерінің алдына қойылған міндеттерді орындап, 
жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын анықтау болып 
табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін 
қандай ресурстар бар, қандай ресурстар қажет? Міне, осы 
талдаулардың болуы жобаның ӛміршеңдігін кӛрсетеді.
Берілген талаптарға сай педагогикалық ұжымның 
дамуын 
қамтамасыз 
ететін 
мақсаттық-бағдарлы  
жобаларды ұйымдастыру және оның тиімділігін аталған 
кӛрсеткіштер арқылы бағалау жобалаудың тиімділігін 
қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, жаңа білім беру нәтижелері мазмұны 
жағынан білім, білік, дағдыларға бағытталған дәстүрлі білім 
беру шеңберінен шығып, адамның тұлғалық сапаларын 
әрекеттік тұрғыдан қалыптастыруды кӛздейтін жаңа
талаптар білім беру ұйымдарының ӛзгерістерін қажет ететіні 
белгілі болды. Сондықтан, педагогикалық ұжымдарда 
болашақ ӛзгерістерге алдын ала дайындық жүргізілуі тиіс. 
Ӛзгерістерге алдын ала дайындық дегеніміз-қол жеткен 
нәтижелерді талдау барысында болашақ жағдайды ілгері
кӛре білу, соған сай жүйенің дамуын қамтамасыз ететін 
ресурстарды алдын – ала даярлай білу дегенді білдіреді.
Алдын ала даярлық педагогикалық ұжымның тұрақты 
дамуына мүмкіндік береді, ӛйткені, бұл жағдайда тӛмендегі 
қызметтер жүзеге асырылады: педагогикалық ұжымды 
дамытудағы нақты жаңа ӛзгерістер алдын ала белгіленеді
ұжым мүшелерінің бірлескен әрекеттері барысында аталған 
ӛзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктер 
анықталады; педагогтар бойында жүзеге асыруға қажетті 
кәсіби құзыреттіліктерін арттыратын жобалау арқылы оқыту 
бағдарламасы құрастырылады және жүзеге асырылады. 
Сӛйтіп, жобалау негізінде педагогтар құзыреттіліктерін 
қалыптастыру олардың ӛзгерістер жағдайында нәтижелі 
жұмыс жасауына қажетті инновациялық мүмкіндіктерін 
қамтамасыз етеді.


110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет