Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Жоспарлау стратегиясы және стратегияны іске асыру



Pdf көрінісі
бет20/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

6. Жоспарлау стратегиясы және стратегияны іске асыру
Стратегиялық жоспарлау 
Жоспар дегенді ойда жүрген болжау, болашақта қалай дамытып 
іске асуы керек деген ой-пікір. Ол жүзеге асу үшін қандай әзірлік, 
іс-тіршілік және қандай мақсаттар барын анықтау қажет.
Жоспарлау - басқарудың бір қызметі. Яғни басқару объектісі 
ағымда және болашақта қалай дамуы керек екендігі туралы ең 
тәуір (жақсы) баламаны таңдай білу қажет. Бұл балама басқару 
объектісінің мақсатына және мүмкіндіктеріне (ресурстарға) сәйкес 
болуы керек.
Жоспарлау иілмелі, басқару объектінің өзінің және сыртқы 
ортаның ұдайы өзгерулеріне бейімделуге қабілетті болуы керек. 
Олар нысанаға алынған мақсаттарға, әсіресе, нарық субъектілерінің 
қажеттерін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Нарықтық экономика жағдайында басқару объектісінің ұзақ 
мерзімді бәсекеге қабілеттілігін, мықтылығын және жағдайының 
тұрақтылығын қамтамасыз ету - жоспарлаудың негізгі міндеттері. 
Басқа тағы бір міндеті – мәліметтік-бағдарлық.
Тәжірибеде жоспарлаудың көптеген түрлері бар. Олардың ішінде 
оперативтік, тактикалық, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік, 
орталандырылған, кооперативтік, бизнес-жоспарлау және т.б. бар.
Әдістер және технологиялар бойынша: орталандырылған 
(директивті) және орталықсыздандырылған, мөлшерлі, индикативті 
жоспарлау болып бөлінеді. 


43
Индикативтік жоспарлау шаруашылық субъектісінің шешуші 
көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып және үдеріске әсер ететін 
шараларды қамтиды. Өзінің атқаратын қызметіне байланысты 
өндірістік (өнім дайындау), коммерциялық (материалдық-
технологиялық жабдықтау), инвестициялық, еңбек және жалақы 
және т.б. белгілейді
Стратегиялық басқаруға байланысты жоспардың болашақтық, 
тактикалық және оперативтік түрлерін атауға болады.
Стратегиялық жоспарлау стратегиялық басқарудың негізгі 
буыны, стратегияны әзірлеу және оны айқындау қызметін атқарады
Стратегиялық жоспар – құжат, оған ұйымның миссиясын 
қалыптастыру, оның мақсатын анықтау, ішкі-сыртқы ортаны 
сараптау және стратегиясын дайындау кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет