Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Танымдық саланың даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Ақыл-ойдың 
кемістігі бар баладағы психикалық әрекеттер, әртҥрлі деңгейдегі 
ӛзгерістерді тудырады. Жҥргізілген бақылаулар мен арнайы 
зерттеулер, баладағы кейбір психикалық ҥдерістер айқын 
қалыптаспаған болса, басқалары, салыстырмалы тҥрде сақталған 
кҥйде болатындығы туралы айтуға мҥмкіндік береді. Балалар 
арасында кездесетін жеке-дара айырмашылықтар мен танымдық 
әрекет барысында анықталатын қабілеттер деңгейі, жеке 
тҧлғалық ӛзгешеліктер мен тҥсіндірілетін болса керек.  
Ақыл-ойы кем баланың психикалық қҧрылымы аса кҥрделі 
болып келеді. Алғашқы кемістік, басқа туынды кемістіктердің 
пайда болуына жағдай жасайды. Баланың психикалық жетілмеуі 
мен танымдық қабілеттерінің бҧзылуы, тҧлғалық бҧзылу алуан 
тҥрлі кҥйде кӛрінеді. Таным мен мінез-қҧлық кемістіктері, айнала 
қоршаған ортадағы адамдардың назарын еріксіз ӛзіне аударады. 
Бірақ, ӛзге қабілеттері мен жағымды қасиеттері, бҧлардың орнын 
толтырады және даму ҥдерісін қамтамасыз етеді.
Олигофрен балалар жалпы алғанда, дамуға қабілетті, бірақ 
бҧл ҥдеріс ӛте баяу, қалыпты дамудан әлдеқайда ауытқу арқылы
жҥзеге асады. Сӛйте тҧра, мҧндай даму балалардың психикалық 
әрекетіне сапалық ӛзгерістер енгізе алады. Л.С.Выготский 
кӛрсеткен дене сау бала мен ауытқуы бар баланың даму 
заңдылығының бірдей болатыны туралы ереже,
----------------- 
1
Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. М.: «Просвещение», 1990. –С 36-37. 


49 
дені сау баланың даму тҧжырымдамасын, ақыл-ойы кем баланың 
дамуы туралы ережеде пайдалануға болатыны бала дамуына әсер 
ететін факторлардың бірдей болатынына мҥмкіндік береді.
Ақыл-ойы кем баланың дамуы, биологиялық және 
әлеуметтік факторлармен анықталады. Олардың алғашқысына, 
кемістіктің айқындығы, оның қҧрылымының сапалық қасиеті, 
пайда болу уақыты жатады. Ал әлеуметтік факторлар: баланың ең 
жақын ортасы, отбасы, бірге уақыт ӛткізетін, қарым-қатынас 
жасайтын ересектер мен балалар, мектеп. 
Жеткіліксіз танымдық белсенділік, бағдарлау әрекетінің
тӛмендігі – бҧл ақыл-ойы кем балалардың ми қыртысындағы 
нейрофизиологиялық ҥдерістердің ерекшеліктеріне тікелей 
қатысты 
симптомдар. 
«Осы 
категориядағы 
балалардың 
патологиялық дамуын зерттеумен айналысқан бірқатар ғалымдар 
(С. С. Корсаков, Г. Е. Сухарева, М. Г. Блюмина, С. Я. Рубинштейн 
т.б.), олардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарының 
аздығын, бастамшылдықтың пен селқостық тәрізді белгілерді 
атап кӛрсетеді. Г. Е. Сухарева былай деп жазады: 
«Олигофрениядан зардап шегетін балаларда, сау балаға тән 
қоршаған ортаны тануға деген тежеусіз ҧмтылыс жоқ»
1
.
Ақыл-
ойы кем балаларда жҥйке ҥдерістері деңгейінде инерттілік, 
сақтану мақсатындағы тежелуге деген жоғары бейімділік орын 
алады. Бҧлардың барлығы, жалпы танымдық белсенділіктің 
тӛмендеуіне патогендік негіз береді. Мектепке дейінгі жастағы, 
ақыл-ойы кем балалар, ӛзін қоршаған жақын заттық ортаға
ешқандай қызығушылық танытпайтындығымен сипатталады. 
Қозғыш балалар кӛзіне тҥскеннің барлығын бірден қамтуға 
ҧмтылады, оның қажетті-қажетсіз екендігін ойлап жатпайды. 
Бірақ, оларды жетектейтін кҥш – қызығушылық емес, оларға тән 
қасиет – импульсивтілік. Ӛкінішке орай, балалар қолына іліккенді 
сол сәтте-ақ тастайды, себебі оның қажеттілігі болмайтыны 
анықталады.
Тежелгіш олигофрендер, керісінше, айналасындағы заттарға 
кӛңіл аудармайды, ешнәрсеге назар салмайды. Ал, мінез-қҧлқы
анағҧрлым адекватты балалар, кейбір айқын, ашық бояулы, жаңа
------------------ 
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. — М.: «Академия», 2002. —
С.90. 


50 
заттарға аз уақыт ғана қызыға қарайды. Бірақ, сол затттар туралы 
ересектерге сҧрақ қоймайды, ӛз беттерімен жаңа нәрсе білуге 
талаптанбайды. Олардың қолынан келетін жалғыз әрекет – сол 
затты аузына салу немесе еденді, қабырғаны тоқылдатып ҧру. 
Мҧндай стереотипті әрекеттер, білуге қҧштарлықтың белгісі емес, 
жаман әдеттер. Мектеп жасына дейінгі балалар, әдетте 
ойыншықтарды еш аяусыз қиратып, ойланбай сындырып, кӛзін 
жоюға тырысады. Әрине, мҧндай әрекеттер, заттың практикалық 
талдауын немесе заттың сапасы мен қасиетін анықтауды 
білдірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет