Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет26/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар

  1. И. А. Колесникова бойынша педагогикалық жобалау нысандарын атаңыз.

  2. Басқарудағы жобалаудың «белсенді агент» позициясын түсіндіріңіз.

  3. Білім беруді басқарудағы жобалаудың синергетикалық заңдылыққа негізделу мәнін түсіндіріңіз.

  4. Ф. Кумбстың не себептен «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде» дегенін дәлелдеңіз.

  5. А. Файоль ұсынған басқару құрылымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз.

  6. Э. Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясының» мәні неде?

  7. Басқарудың бүгінгі рационалдық бағыттарының ӛкілдері кімдер, олардың ерекшелігі неде?

  8. В. С. Лазаревтың басқару түрлеріне сипаттама.

  9. Басқарудағы жобалау негізінде мәселені шешу моделі.

  10. Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі.

  11. Глоссарийді жалғастырыңыз.

5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін
қалыптастырудағы рӛлі
Бүгінде посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде де білім беру жүйесін жаңғырту ӛзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Зерттеушілердің айтуынша, экономикалық дамудың жаңа факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге ӛрлеп келе жатқан білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика әлемде білімділік экономикасы деп аталуда. Европалық экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) кӛптеген елдерде жүргізген зерттеулері қорытындысында білім саласы білім индустриясына айналуы тиіс дей отырып, білім беру жүйесінің ӛзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек, ӛйткені, білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің ӛздері тиімді болуы қажеттігі атап айтылған. Европаның табысты болуының кілтібілімдар экономикаға тікелей байланыстылығы кӛптеген талдаулар арқылы дәлелденген.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде, Европалық білім қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру нәтижесіне бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, біздің еліміз толық мүшесі болып қабылданған Болон процесі барлық деңгейлердегі білім беру ұйымындағы оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға – қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның білім алу заманына айналып келе жатқанын кӛрсетеді. Соған сай білім үдерісінде білім беруден – білім алуға, оқытудан – оқуға кӛшу парадигмасы білім беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау, білім беру үдерісін басқару әдістері мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үдерісін ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар тӛмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін кӛтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын ӛзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рӛлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің ӛсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын кӛздейді. Соған сай, білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру міндеттері нақтыланды.
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам капиталын дамытуды кӛздейтін жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы мен әлемдік ӛркениетке ықпалдасу білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде. Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы негізгі ӛзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға ұсынылған Жалпы орта білім беру стандартының 5 бӛлімінде орта білім беру мақсаты – білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және ӛмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзіндік басқаруын қамтамасыз ету деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бӛлімдегі базалық білім мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар болып табылады, түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамиды. Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет; коммуникативтік құзырет, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің нақты қадамдарын кӛрсетеді.
Сонымен қатар, стандарттардың Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы бӛлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар белгіленген. Мысалы, 9.4 бӛлімде: білім алушылардың жеке және топпен ӛз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім беру білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде олардың ӛзбетінше зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық жобалар басымдық танытады делінген. Ал, 9.5 бӛлімдегі мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің ӛнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді, олардың сыныптан тыс оқу-іс-әрекеттерде бағдарлануына кӛмектеседі, ӛз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсетеді деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру үдерісін басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық ӛзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және ӛзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын кӛрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  1. Жаңа білімді туындату немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана

жаңа білім кӛзі бола алатын) кӛптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың рӛлінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының ӛзгеруі;

  1. Педагогтардың бойында ӛз әрекетін

интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  1. Қазіргі заманда ӛмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;

  2. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың кӛмегімен, ӛзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  3. Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа мәселелерді шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі.

  4. Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды түрде берілуін ӛзгерту қажеттігі.

«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын зерттеушісі М. Барбер білім беру нәтижесін түбегейлі ӛзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес деген. Ол сонымен қатар, ӛзінің кӛптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет-ұйым жұмысындағы сапалы ӛзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде кӛптеген инновациялық бағыттар пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім беру мазмұнын кӛздейтін оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің жаңа құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру педагогикалық ұжымның түгелдей теориялық дайындығын, әдістемелік және технологиялық тұрғыларын терең меңгеруін қажет етеді.
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы ӛзгерістердің ӛзегі деп қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы, ресурстары болуы тиіс. Ӛйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған ӛзгерістер мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан кӛзқарасын, ойлау әрекеттерін ӛзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері ӛзгертуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет