Мәселені іс жүзінде шешу – іс жүзіндегі жүйені күтілетін жүйеге айналдыру мақсатында ӛзгертудің нақты үдерісі. Іс жүзіндегі шешімнің кейбір кезеңдерде мәселені шешудің моделіне сәйкес келмеуі де мүмкін, бұдан жаңа мәселелер туындайды.
Педагогикалық жүйелерді басқару мәселелерін шешудің жолдары:
− мәселені анықтау;
− мәселенің ӛзектілігін бағалау;
− шектеулер түрлерін белгілеу;
− мәселені шешудегі күтілетін деңгейге жету дәрежесін анықтайтын критерийлерін айқындау;
− жүйенің мәселені шешудегі мүмкіндіктерін талдау;
− мәселені шешу жолдарының бірнеше нұсқасын жасау;
− нұсқаларға баға беру, тиімдісін таңдау;
− шешімді жүзеге асыру;
− шешімнің орындалу нәтижесін бағалау.
Ӛзгеріс объектілеріне жүйелердің мақсаттары, шарттары, мазмұны, құралдары, әдістері, оқыту, тәрбиелеу, басқару, т.б. үдерістер түрлері жатады.
Қазіргі инновациялық жаңғыртуларды ендіру барлық деңгейдегі, мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар, ірі корпорациялар болса да, белгілі бір ұйымның ӛмір сүруі мен дамуының басты элементі болып отыр. Жүйелілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, инновациялар жүйені ӛзгертетін, оның дамуын келесі деңгейге кӛтеретін басты факторға айналды. Педагогикалық жүйелер қазіргі қоғамның басты салаларының бірі ретінде осы инновациялық ӛзгерістерді бастан кешіру үстінде.
Бүгінгі білім беру тәжірибесіндегі ӛзгерістерге байланысты басқару қызметі технологияларын жүзеге асырудағы басым бағыттар да ӛзгеруде, олар соңғы кездері стратегиялық кӛзқарасқа, дамытушылық сипатқа қарай ауыса бастады (кесте 2).
Кесте 2 − Жобалау басқару қызметі ретінде
Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа түрлерін
Қажет етеді
Жүйенің түрін ӛзгерту
Жобалаудың
ӛзінің логикасы мен аясына сай
Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда жобаны жасау оны құрастыру – қозғалыстағы күйі, ӛйткені, ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік– зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын кӛздейді, олар: болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру, т.б.. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, түзету әрекеттерін қажет етеді.
Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің ӛз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі кіші деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды мәселені болжау барысында жоба жетекшісі тӛмендегідей жобалау әрекеттерін ретімен орындайды:
мәселені нақтылау;
оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы мәселелер, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін мәселелер;
оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау;
қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау;
қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру;
Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рӛлді жобалау атқарады, ӛйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. Кейіннен инновациялық қозғалыстың кеңінен тарауына байланысты бұл ұғымның ӛзі де нақтылана басталды, кейбір зерттеушілердің пікірінше, инновацияға тән қасиеттер ретінде мыналарды алуға болады:
жаңа қажеттіктерді қанағаттандыру;
жоғары дәрежедегі тәуекелге бару мен алатын нәтиженің белгісіздігі;
қарама - қайшылықтар мен конфликтілердің шиеленісуі;
ӛзгерістер түрлерінің икемділігі;
күтпеген нәтижелердің пайда болу ықтималдығы;
жүйенің дамудың жаңа деңгейіне ӛтуі;
Бүгінгі қоғам дамуына тән жедел ӛзгерістер жағдайында басты мәселе үнемі туындап отыратын проблемалық ситуацияларды шешудің әдіс амалдарын табу болғандықтан, инновациялар үнемі ӛзгеріп отыратын жағдайға жауап беріп отырудың тиімді түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерде туып отырған қазіргі проблемалық ситуация - қазіргі экономикалық қатынастарға еніп кетуге мүмкіндік беретін оқу нәтижелерін күтетін білім алушылар талабы мен осы талаптар мүддесінен кӛбінесе шыға алмай жүрген білім беру үдерісін басқару қызметі арасындағы қайшылық. Білім сапасын кӛтеру, оның мазмұнындағы прагматикалық компоненттерді күшейту бағытында ӛзгерту талаптары осыдан туындап отырған мәселелер.
Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі жобалау үдерісінің үздіксіз циклін құрайды. Оның басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік -мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған әрекет талаптарын ӛзгерту, қайта жаңғырту мақсатын кӛздейтін ӛзіндік сұраныстан немесе сыртқы сұранысты қабылдаудан басталады. Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру негізінде жетуді кӛздейтін түпкілікті нәтиже туралы нақты түсінігі болуы қажет. Сӛйтіп, болашақ әрекеттің ең қарапайым және міндетті талабы – әрекеттің мақсаты анықталады. Әрекет мақсаты басқарушы айқындаған тұрғысы мен принциптеріне негізделеді. Одан соң әрекеттің берілген үлгісінен белгіленіп отырған күтілетін нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бӛлініп кӛрсетілген әрекеттің талаптары жоспар болып табылады. Осылайша, барлық процедуралар мен оны орындауға қажетті құралдарды, орындалу мерзімін, алынатын аралық ӛнімдерін нақтылай отырып, басқарушы әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасын жасайды. Бұл талаптың маңызы зор, ӛйткені, осы сипаттамаларды белгілеу барысында қажетті ресурстар анықталады.