Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет37/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Жобаның жалпы нәтижесі мен ӛміршеңдігін бағалау. Жобаны қаржыландырушылар үшін де, жоба авторлары үшін де жобаның қаншалықты ӛміршең болатыны, яғни, одан әрі тиімділігінің сақталуы, ӛзекті болуы, ӛздігінен инвестиция тарта алатындығы - маңызды мәселелердің бірі. Жобаның ӛміршеңдігі әрі қарай ӛзін қаржыландыра алатын, мемлекет тарапынан, басқа да гранттар мен бизнес қорларынан қаржыландырыла алатын дәрежеде маңызды болуымен ӛлшенеді.
Жоспарланған бюджеті. Жоба бюджетінің құрылымы түрлі жағдайларға байланысты жасалады, олар: нәтижені орындауға бағытталған тікелей қаржыландыру, қосымша қаржыландыру, т.б. Мысалы, жобаның қаржысы 70-80 % тікелей қаржыландырудан тұратын болса, ал қалғаны қосымша қаржы кӛздерінен құралса, бұл ӛте қолайлы жоба болып есептеледі.
Қорытынды кезеңде атқарылатын жұмыстар:

    • жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау;

    • жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы;

    • пайда болған мәселелерге сыни рефлексия жасау; – жобаны коррекциялау, түзетулер енгізу.

Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаның жаңғыртылған түрі құрастырылады.
Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды мәселені шешуді жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық жобалар, т.б.
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек. Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы - онда жүзеге асырылып жатқан үдерістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын тексеру, бағалау ӛлшемдері берілген бӛлімінің болуынан кӛрінеді. Бұл бӛлім жобаларды бағалауға арналған эксперттердің сараптамалық тәжірибелеріне сай жасалады. Бүгінгі тәжірибеде екі түрлі сараптама қалыптасып отыр, олар:
Квалиметриялық сараптама–бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру. Квалиметрия жүргізуші нақты технологиялар мен әдістемелерге сай стандарттық кӛрсеткіштермен сараптама жасауы тиіс.
Статустық сараптама–жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама. Мұнда белгілі бір ӛлшемдерге сүйенген сараптамашының пікірі негізге алынады, бұл жағдайларда тәуелсіз сараптамашылар бірнеше адамнан тұруы мүмкін.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның аяқталуының рәсімделуі. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі.
Рәсімделіп, аяқталуына кӛңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де қажетті шара, ӛйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратады. Сондықтан, бұл кезеңде тӛмендегі мәселелер команда мүшелері тұрғысынан қорытылып, олар құжатқа енгізілуі қажет:

  1. Жобаны жүзеге асыру барысында қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Алдын ала белгіленген ӛзгерістердің барлығы да орындалды ма?

  2. Жобалау негізіндегі ӛзгерістерді мүдделі топтар не ұтты және оны қалай қабылдады?

  3. Белгіленген бюджет жеткілікті болды ма? 4) Жобалық ӛзгерістердің болашағы бар ма?

  1. Команда не нәрселерге қол жеткізді?

  2. Команданың әрбір мүшесі не ұтты?

  3. Жобалауға қатысушылар нені үйренді?

  4. Жобаға қатысу арқылы адамдардың жеке перспективаларында не ӛзгерістер пайда болды?

Жүйеде бір уақытта бірнеше жобалар жүзеге асырылуы мүмкін. Біреулері бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асырылу мүмкін, ал біреулері – ӛзара тығыз байланыста болуы немесе жекелеген жаңа ендірілімдер мен олардың арасындағы байланыстардан тұратын күрделі құрылымды құрауы мүмкін.
Жобаны жүзеге асыру оның басқалардан тәуелсіздігіне, команданың жауапкершілігінің жоғары болуына, оған жауап беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктері мол болуына байланысты. Сондықтан жобаны орындауға кіріспес бұрын, ең әуелі, қажетті команда құрамын белгілеп алу маңызды. Стандарттық ситуацияларда қызметкерлерден жаңашылдық пен бастамашылдық талап етілмейтін болса, қалыптан тыс жағдайлар жобаны орындаушылардың ерекше қасиеттерін қажет етеді. Мысалы, олардың қатарына тӛмендегі құзіреттіліктерді жатқызуға болады:

  • қалыптан тыс ойлау дағдылары;

  • тәуекел жағдайларда, шешімі белгісіз мәселелермен жұмыс жасай алу қабілеттері; – командада жұмыс жасай білетін; – ӛзгерістерге бейімділігі бар.

Жоба жетекшісі де осыған сәйкес қасиеттерге ие болуы шарт, олардың қатарына:

  • лидерлік және харизматикалық қасиеттер;

  • команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін дамыта алатын, адамдардың ӛзіне және бір–біріне ӛзара сенімділік жағдайын тудыра алатын;

  • маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес, коммуникативтік қабілеттері де жоғары болуы жатады.

Басқару үдерісінің тағы бір маңызды кезеңі –жоспарлау да қатаң сипатта емес, индикаторлық сипатта орындалады. Индикаторлық сипат үш деңгейлі сценарий бойынша жасалады, олар: жоғары деңгейде, орташа деңгейде, мүмкін деңгей немесе ӛте тӛмен деңгейде осылардың әрқайсысының нәтиже, уақыт, шығын кӛрсеткіштері белгіленеді. Осындай жағдайда жасалатын жоспар мақсатты – бағдарлы жобалар үшін икемді болып келеді.
Тӛменде жобалау үдерісінің үздіксіз циклін құрайтын алгоритмі беріліп отыр:

  1. Жобалаудың басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік–мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған әрекет талаптарын ӛзгерту, қайта жаңғырту мақсатын кӛздейтін ұйымның ӛзіндік сұранысынан немесе сыртқы сұранысты қабылдаудан басталады.

  2. Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру

негізінде жетуді кӛздейтін түпкілікті нәтиже
белгіленеді;

  1. Одан соң, болашақ әрекеттің ең қарапайым және міндетті талабы–іс–әрекеттің мақсаты анықталады;

  2. Іс–әрекет мақсаты басқарушы айқындаған жобалау ұстанымдарына негізделеді;

  3. Одан соң, берілген әрекет үлгісінен–күтілетін нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бӛлініп, кӛрсетілген әрекеттің талабы жоспар болып табылады.

  4. Одан соң, барлық ұйымдастырушылық қызметтер мен оны орындауға қажетті құралдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет