ІІ. Ҧйымдастырушылық кезең Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу.
Мазмұны:
Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына ӛзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын,
филиалдар, ғылыми–кеңесшілік топтар құрылады;
Педагогтардың ғылыми-әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;
Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;
Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар ӛткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;
Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;
Ӛзара шараларға, сабақтарға қатысу, дӛңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады.
ІІІ. Жҥзеге асыру кезеңі Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық ӛзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;
Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д. Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;
Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды тӛмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер, сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау.
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық ӛзгерістері: сыныпішілік, сыныпаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының ӛзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата–аналардың түрлі тақырыптардағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.