Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет36/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру нысандары.

  2. Жобалауды ұйымдастыру құрылымы мен компоненттері.

  3. Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы.

  4. Жобалау негізіндегі педагогикалық ұжымның ӛзгерістері.

  5. Инновациялық жобалауға қойылатын талаптар.

  6. Мақсатты жобаларға тән белгілер.

  7. Жобалау алды даярлық жұмыстарының құрылымы.

  8. Жобаның негізгі бӛлімдеріне талдау жасаңыз.

  9. SWOT-талдаудың мәні мен мазмұны.

  10. PEST- талдаудың ерекшелігі.

  11. Жобалаудың логикалық құрылымына сүйене отырып, ӛзіңіз оқитын не жұмыс істейтін педагогикалық жүйені ӛзгерту жобасының құрылымын жасаңыз.

  12. Глоссарийді жалғастырыңыз.

2.Педагогикалық жобалауды ҧйымдастырудың шарттары
Жобалау бүгінгі еліміздегі және шет елдер тәжірибесіндегі инновациялық ӛзгерістерді қолдауда, маңызды ғылыми–зерттеу салаларын дамытуда, ұйымның даму бағдарламасын құрастыруда кеңінен қолданыла бастаған тиімді қызметке айналып отыр. Сонымен қатар, оның білім беруді ұйымдастыру тәжірибесіне әлі де кеңінен тарай қоймаған, басқарушылар мен педагогтар үшін жаңа технология болғандықтан оны ұйымдастырудың ӛзіндік шарттарын анықтау қажет.
Ӛйткені, түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамытуды кӛздейтін жобалауды тиімді ұйымдастыру белгілі бір шарттарының қатаң орындалуына тығыз байланысты.
Бірінші шарты, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын, педагогикалық үдеріс, оқыту мен тәрбие беру, әдістемелік жұмыс, т.б. дамыту үшін, ең әуелі, жүйенің стратегиялық мақсатқа сай күтілетін нәтижелерін анықтап алып, мақсатты – бағдарлы жобалау қызметі арқылы оны қайта жаңарту міндеті қойылады.
Екінші шарт, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін жоба жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім алушылардың) құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы мүмкіндіктер жасалуы керек. Бұлар арнайы ұйымдастырылып, тұрақты түрде қызмет істейтін семинарлар немесе оқу-тәжірибелік алаңдар мен зертханаларды ұйымдастыру арқылы мүмкін болады.
Үшінші шарт, кез келген деңгейдегі жобалау әрекеттерін ұйымдастыру жаңа идеялар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын белсенді топтар құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жоба аяқталғанда таратылуы тиіс.
Тӛртінші шарты, педагогикалық жүйені басқаруды жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе иерархиялық–матрицалық болуын талап етеді, ӛйткені, мақсатты-бағдарлы жобалау технологиясы құрылымы иерархиялыққа бағытталмайды, тұтастық пен жүйелікке негізделеді және қозғалмалы болады, яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобалар уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін.
Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық жүйенің жаңа сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым – қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, қатысушылардың субъектілік позицияларын қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігіжобалаудың тиімді ұйымдастырылуына негіз болады.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері(жұмыс жоспары). Кіріспе бӛліміндегі нақтыланған міндеттерді орындау белгілі бір іс-әрекеттерді логикалық сабақтастықпен, белгілі бір мерзімде жүзеге асыруды, қажетті ресурстарды әр кезеңге бӛлуді, әрбір кезеңнен күтілетін нәтижесін белгілеуді, адамдар арасында жауапкершілікті бӛлісуді талап етеді. Жобаның әр кезеңіндегі іс-әрекеттер нақты жоспарланады, қатаң қадағаланады. Сӛйтіп, бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан ӛткізу орындалады. Нәтижесі –білім беру жүйесінің жаңа сапаға ӛткендігін назарға алу.
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру. Мониторинг екі түрлі мақсатты кӛздейді. Біріншіден, қойылған мақсат–міндеттердің қаншалықты тиімді орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында қажеттілікке сай ӛзгерістер мен түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинақтау, яғни, жобаның тиімділігіне баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру. Бұл жерде бағалануы мүмкін параметрлер:

  • Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға ықпалын анықтау (мысалы, жоба болмаса қалай болар еді);

  • Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол жеткен нәтижелерге сәйкестігі);

  • Ӛткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар мақсатына жетті ме, жасалған еңбек пен шыққан шығын күтілетін нәтижені берді ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет