Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет8/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Жобалаудың инновациялықты дамытудағы рӛлі. «Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын кӛрсететін қажетті кӛрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени ӛзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» ұғымына қарама қарсы қолданылатын болды.
Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бӛліп кӛрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы ӛзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, ӛз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын кӛрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сӛйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.
Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.
Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісі, эмпирикалық деуге болады, ол– бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, үдерістерді дамытуды кӛздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады.
Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст ӛз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бӛлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты ӛзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын
айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді.
Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті ӛзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып кӛрсетуге болады. Осы схема бойынша ӛзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.
Тӛмендегі суретте (1-сурет) мәдениет түрлері мен (3) әлеуметтік-мәдени және ұйымдасқандық қабаттарына оларды түгел қамтитын (4) идеалдық (абстрактылық және ойлау негізіндегі ғана) құрылым мен (1) менталдық түрлер қабаттарын қосады. Ондағы жоғарыға бағытталған сызықшалар арқылы кӛтерілу үрдісі берілсе, тӛменге қарай бағытталған сызықшалар орындалу, жүзеге асырылу үрдісін кӛрсетеді.

4 – идеалдық құрылым қабаты
З– мәдениет түрлері қабаты
2– әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық
қабат
1– менталдық түрлер қабаты
Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру схемасы
Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бӛліну принциптерін кӛрсетеді және олар екі үдерістің – кӛтерілу және орындалу немесе жүзеге асырылу–жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа ӛтуді білдірсе, екіншісі, идеалдық, яғни, идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы менталитетте, салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н. Г. Алексеев атап кӛрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы кӛтерілу үдерісіне де, жүзеге асырылу үдерісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Ӛйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу кӛтерілу үдерісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үдерісіне тән құбылыстар.
Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үдерісті қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени–инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклі білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибелік–бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды ӛзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни, ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық құрылым қабатында дей аламыз, ӛйткені, осы жерде ғана жобаланып отырған нысан ӛзінің басымдық тұрпатына сай идеалдық құрылымына ие болады. Ол ерекшеліктер тӛменде
2-суретте берілген.

4 – идеалдық құрылым қабаты
З– мәдениет түрлері қабаты
2– әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет