Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет7/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.4 Стандарттау және сапа
Сапа және бәсекеге қабілеттілік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Қазіргі таңда нарықта сенімді түрде бекінуді өзінің мақсаты етіп қойған бірлестіктер мен өнеркәсіптер үшін сапа өнім мен қызметті алға жетелеу жетістікке жетудің маңызды факторы болып тұр. Бірақ, қажетті сапаға жету лездік үрдіс емес, ол жүйелілікті талап етеді. Бұл қиын істе отандық бірлестіктерге бұрынғыдай Қазақстанның Мемстандарты мен оның бірлестіктері қажет көмектер көрсетуде. Сапаны жақсарту бойынша жұмыстардың бірлестіктерде жүйелі түрде жүргізілуі бұрынғы КСРО-да 50 жылдардың (қалдықсыз өнім дайындаудың саратовтық жүйесі) ортасынан бастап дамығанын айта кету керек, содан кейін КАНАРСПИ (1960 жыл, бірінші бұйымдардан бастап сапа, сенімділік, ресурс) және басқа да жүйелер жұмыс жасай бастады. 70-ші жылдардың басында өнім сапасын басқарудың кешендік жүйесі ӨСБ КЖ дайындалды.
Бірақ, өндірістің жоспарлық жүйесі, көп көлемге ұмтылу, өнімге кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыстар өндірісте сапаны жоғарылатуға жетелемеді, керісінше бұрынғы КСРО-да өндірілетін тауарлардың сапасына кері әсерін тигізді.
Сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда жинақталған. Сапаны қамтамасыз ету қазіргі таңда стандарттаудың басты тапсырмаларының бірі болып табылады. Бұл халықаралық тауар айналымының ұлғаюымен, жаһандандыру саясатымен, әлемдік өнеркәсіптік өндірістің көлемімен, адамдардың барлық қызметтерінің салаларына ғылым мен техниканың жетістіктерінің енгізілуімен түсіндіріледі.


1.5. Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі

Стандарттау мәселесі адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қорғауда әрқашан ақтуалды. Стандарттардың жеткілікті көлемдегі бөлігі ток күшінің, шудың, шаңның, сәулеленудің жарықтандырудың және т.б. көрсеткіштердің қажетті деңгейлерін анықтады.


Соңғы уақытта отандық өнеркәсіптер жұмыстарының тәжірибесінде денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарының мәні артуда. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қадам басуымен, мемлекеттің дамуы мен жаңа экономика талаптарымен айқындалады.
Қазақстандық өнеркәсіптердің көптеген шетелдік серіктестіктері ИСО 9000 сапа жүйесінің халықаралық сертификатын алу талаптарымен қатар OHSAS 18001:2007 (Occupational health and safety management systems) халықаралық стандарттың талаптарына жауап беретін денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесінің халықаралық сертификатының бар болуын талап етуде. Бұл стандарт бірлестіктерде келеңсіз жағдайлардың орын алуын азайтатын, яғни жабдықтар сынуының, қызметкерлер жарақаттануының және денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалардың алдын алып отыратын жұмыс жүйесінің құрылуына әсер етеді.
Мұндай халықаралық стандарттың қажеттілігі күмән тудырмайды. Бұл келесі қағидалармен айқындалады: жаһандану үрдісі мемлекеттердің экономикалық байланыстарын кеңейтуде, өнімнің өндірісі мен тауарайналымының көлемін жоғарылатуда, жаңа технологиялардың қуаты мен жылдамдығын тұрақты түрде өсіруде, осының барлығы жабдықтардың авариялық жағдайларға ұшырап, адамдар мен қоршаған ортаға экологиялық жүктемелердің түсуін көбейтіп, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмастай ететін оқиғаларға жеткізуі мүмкін. Мысал ретінде, Черно­быльдегі атом электр станциясының, алып мұнай құятын танкерлердің, ірі әуе кемелерінің жарылыстырын келтіруге болады. Жаңа әлем өндіріс обьектілерімен қаныққан, бұл әсіресе, Жапония, АҚШ, Еуропа сияқты жоғары деңгейде дамыған өңірлерге тән сипат. Бұл өнеркәсіптік елдер қазір экономикада жаңа белестерге көтерілуде, олар өздерінің жетістіктерін жоғары қояды және өз ауқымында, сол тәрізді көрші елдерде де ешқандай техногенді жағдайлардың болмауын қалайды. Өндірістегі апаттардың негізгі себебі «адамдық» фактор болып табылады, ешқандай автоматтандыру өндірістің толық қауіпсіздікте болуына кепілдік бере алмайды. Адам бұрынғыдай соңғы шешімді қабылдайтын, басты фигура болып қалады. Өндірістік ортада адамның әрекеті көптеген: кәсіби білім, тәжірибе, көңіл-күй, физикалық қалып және т.б. факторларға негізделеді
Кейбір жағдайларда адамның іс-әрекетін болжау өте қиын. Нәтижесі қандай жағдайға әкелетінін анықтау қиын әрекеттерді болжауды болдырмау үшін, адамның өндірісте барлық іс-әрекетін толығымен жазып отыратын іс-әрекеттер жүйесінің халықаралық стандарттары, әсіресе, оның түсініксіз іс-әрекеттерін штаттық емес жағдайларда болдырмау үшін енгізілуде. Бұл ИСО 9000 сапа жүйесінің стандарттары мен OHSAS 18001 стандартында қамтылған жалпы қағида.
Соңғы уақытта стандарттау өз қызметтерінің саласын кеңейтуде, ол жеке түрде әлеуметтік қатынастарға енгізілуде. Бұл үрдіс БҰҰ-ның «тұрақты даму» жаңа концепциясының қабылдануымен, экономиканың жаһандануымен негізге алынды.
1997 жылы Кеңестің аккредиттеу бойынша агенттігімен экономикалық бағыт бойынша SA 8000:1997 «Әлеуметтік жауапкершілік» (Social Accountability) халықаралық стандарты дайындалды және енгізілді. Стандарт 2001 жылы жаңартылды.
SA 8000 стандарты кез келген бірлестікте оның көлеміне, меншіктік пішініне және қызмет түрлеріне қарамастан қолданылады. Ол бала еңбегіне, қажетті еңбекке қатысты, тәртіптік әдістердің, еңбек ақысының кепілдігі мен әлеуметтік қамтамасыздандырудың, жұмыс күнінің ұзақтылығының, денсаулық пен қауіпсіздіктің, қауымдастықтар бостандығының, ұжымдық келіссөздердің, сонымен бірге басқару жүйесінің мониторингтерінің бағдарламалары мен стандарттар қатарын қамтиды. Бұл стандарттың талаптары географиялық орналасуға, қызметтің саласына, компанияның көлемі мен меншіктік пішініне тәуелсіз қолдануға ыңғайлы.
SA 8000 стандарты ерікті сертификаттауды жүргізу үшін үшінші жақтың қатысуымен әлеуметтік жауапкершіліктің бақыланып отыратын, реттелген стандартын орнатуға бағытталған. SA 8000 стандарты Бала Құқығы бойынша БҰҰ-ның Конвенциясына, Адам Құқығының Жалпы Декларациясына және Халықаралық Еңбек Бірлестігінің (ХЕБ) конвенциясының 11 қағидасына негізделеді.
Бұл стандартқа келесі талаптар енгізілген:
1. Дамымаған елдерде 14 жастан, дамыған елдерде 15 жастан кіші балаларды жұмысқа алуға болмайды.
2. Қамауға алынғандар мен әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғандардың еңбегін қоса алғанда, жұмысшыларды өз еріктеріне қарсы жұмыс істетуге болмайды.
3. Жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар қабылдау қажет. Жұмыс істеу қауіпсіз және қоршаған ортанның тазалығын қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігінің барлық талаптарын орындау, жұмысшыларды толық көлемді оқыту, сапалы тұрмыстық ауыз суға қол жеткізу сияқты іс-шаралар атқарылуы тиіс.
4. Жұмысшыларды жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуде бостандықпен қамтамасыз ету қажет. Кәсіподақтардың, ассоциациялардың және басқа да жұмысшылар қауымдастықтарының бостандығы.
5. Кез келген шектеулерге тиым салу. Жыныстық, діни, денелік шектеулер, жас мөлшері және т.б. белгілер бойынша бөлулерді болдырмау.
6. Жұмыс берушілер тәртіптік қалыптандырылған әсерлерді қолданбау керек, ең кем дегенде, жұмысшылар мемлекетпен бекітілген минималды мөлшердегі еңбек ақы алуы тиіс. Жұмысшыларды масқаралауға, денелік жазалауға, денелік немесе ойлық қысым көрсетуге толығымен тыйым салу.
7. Жұмыс уақыты аптасына 48 сағат болуы тиіс, ал жоғары нормалы жұмыс аптасына 12 сағаттан аспауы тиіс.
8. Басқару жүйесі стандартталуы тиіс.
Стандарттың қорытынды бөлімінде алдағы уақытта стандарттың талаптарына сәйкестілікті қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелерді анықтайтын басқару жүйелері қарастырылады.
Бұл стандарттың қолданылуы жұмысшыны өндірісте жиынтықтық қорғауды қаматамасыз етуге мүмкіндік береді, тек қана дене денсаулығын емес, әлеуметтік-моральді қорғанысын қамтамасыз етеді, адамның жеке тұлға ретінде толыққанды дамуына шарттар жасайды, азамат және адам ретінде негізгі құқықтарын қамтамасыз етеді. Берілген жағдайда стандарттау құқықтық қамтамасыздандырудың заңдық функцияларын өзіне алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет