Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет46/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Білік 60n6. СТ СЭВ 144-75 стандартына сәйкес өлшем ауытқуын табамыз:
Жоғарғы ауытқу ei = +39 мкм, төменгі ауытқу ei = 20 мкм.
Максималды диаметр dmax = 60,039 мм, dmin = 60,02 мм.
6 квалитет үшін МСТ 24853-81 стандартына сәйкес 50-80 мм аралығында мәліметтерді табамыз: H1 = 5 мкм, Z1 = 4 мкм, Y1 = 3 мкм.

  1. Жаңа ПР калибрдің ең кіші өлшемі:

ПРmin= dmax – Z1 – H1/2 = 60,039 - 0,004 - 0,005/2 = 60,0325 мм.
Сызбада қойылатын калибр өлшемі 60, 0325 + 0,005 мм.

  1. Тозған ПР калибрдің ең үлкен өлшемі:

ПРmax тозу = dmax + Y1 = 60,039 + 0,003 = 60,042 мм.
Егер өлшемі осы мәнге тең немесе үлкен болса, онда ол жарамсыз.
3. Жаңа өтпейтін калибрдің НЕ ең кіші өлшемі:
НEmin = dmin - H1/2 = 60,02 - 0,005/2 = 60,0175 +0,005 мм (2.21-сурет)

2.8 -кесте. Калибрлердің шақтамалары мен ауытқулары, тесіктерді бақылау үшін (тығын), (ішкі өлшемдерді) СТ СЭВ 157-75 стандарты бойынша

Шақтама ква-литеті

Белгіленуі

Ауытқу аралығы (өлшемдер), мм

3-тен 6-ға
дейін

6-дан 10-ға
дейін

10-нан18-
ге дейін

18-ден 30-
ға дейін

30-дан 50
-ге дейін

50-ден 80-
ге дейін







Өлшемдер, мкм

6-7

Z

2

2

2,5

3

3,5

4

Y

1,5

1,5

2

3

3

3

H

2,5

2,5

3

4

4

5

8

Z

3

3

4

5

6

7

Y

3

3

4

4

5

5

H

2,5

2,5

3

4

4

5

9-10

Z

6

7

8

9

11

13

Y

0

0

0

0

0

0

H

2,5

2,5

3

4

4

5

11-12

Z

12

14

16

19

22

25

Y

0

0

0

0

0

0

H

5

6

8

9

11

13

13-14

Z

24

28

32

36

42

48

Y

0

0

0

0

0

0

H

12

15

18

21

25

30


2.9-кесте. Білікті бақылауға арналған калибрлердің ауытқулары мен шақтамалары (қапсырма), (сыртқы өлшемдердің) СТ СЭВ 157-75 бойынша

Шақтама квалитеті

Бел гіленуі

Ауытқу аралығы (өлшемдер), мм

3-тен
6-ға
дейін

6-дан
10-ға
дейін

10-нан
18-ге
дейін

18-ден
30-ға
дейін

30-дан
50-ге
дейін

50-ден
80-ге
дейін







Өлшемдер мкм

6-7

Z1

2

2

2,5

3

3,5

4

Y1

1,5

1,5

2

3

3

3

H1

2,5

2,5

3

4

4

5

8

Z1

3

3

4

5

6

7

Y1

3

3

4

4

5

5

H1

4

4

5

6

7

8

9-10

Z1

6

7

8

9

11

13

Y1

0

0

0

0

0

0

H1

4

4

5

6

7

8

11-12

Z1

12

14

16

19

22

25

Y1

0

0

0

0

0

0

H1

5

6

8

9

11

13

13-14

Z1

24

28

32

36

42

48

Y1

0

0

0

0

0

0

H1

12

15

18

21

25

30

2.9. Домалау мойынтіректерінің шақтамалар және қондырулар жүйесі

Домалау мойынтіректері дегеніміз арнайы зауыттарда жасалынатын, көп тараған стандарттық біріктіру бірліктері. Домалау мойынтіректерінің сапасы:


- біріктіру өлшемдерінің дәлдігімен dп – ішкі диаметр (тесік), Dп – сыртқы диаметр (білік), B – мойынтірек ені, T – конустық мойынтірек үшін орнату биіктігі;
- мойынтірек сақинасы бетінің пішіні мен өзара орналасу және кедір-бұдырлығының дәлдігімен;
- домалау денелерінің пішіні мен өлшемдерінің дәлдігімен;
- айналу дәлдігімен анықталады.
ГОСТ 520-71 (СТ СЭВ 774-77) мемлекетаралық стандартымен домалау мойынтіректері үшін дәлдіктің 5 класы тағайындалған, 0, 6, 5, 4, 2 дәлдігінің жоғарылау ретімен орналасуы. Дәлдік класы мойынтірек жұмысы жағдайының талаптарын ескере отырып таңдалады. Механизмдердің көбіне «0» класын қолданады. Дәлдігі бұдан жоғарырақ мойынтіректерді айналу жиілігі үлкен кезде және біліктің жоғары айналу дәлдігі талап етілген жағдайларда (аз бойлау және радиалды соғу) қолданады. Дәлдік класы мойынтіректің шартты белгіленуінің алдында сызықшамен жазылады (6- 205) – 6 клас.
Шақтамалар мен қондырулар. Түрлерін қысқарту үшін мойынтіректерді ішкі және сыртқы диаметрлері өлшемінің ауытқуын, олардың қондыру түрлеріне тәуелді болмайтындай етіп жасайды, демек әрбір мойынтірек типтері үшін бұл ауытқулар әрқашанда тұрақты және бірдей.


Барлық дәлдік кластары үшін біріктіру диаметрлерінің жоғарғы ауытқуы «0» тең болады. Сонымен, сыртқы Dп және ішкі dп сақина диаметрлері негізгі білік пен тесік (H, h) сәйкес диаметрі ретінде алынады, осымен сыртқы сақина мен тұрқының бірігуінің қондыруын білік жүйесінде /h, ал ішкі сақинаның білікпен бірігуінің қондыруын тесік жүйесінде Н/ тағайындайды. Бірақ, ішкі сақинаның тесігінің диаметрінің шақтама алаңы, қарапайым негізгі тесіктегідей номиналды өлшемнің «плюс» жағында емес «минус» жағында орналасқан, сақинаның «денесіне» қарай емес, нөлдік сызықтан төмен қарай кетеді. Ішкі сақина диаметрінің шақтама алаңының төңкеріліп орналасуы барысында шамалы керіліспен сақина мен біліктің бірігуінде, біліктің n6; m6; k6; jS6 шақтама алаңдарын пайдаланып, шамалы керілісі бар қондыруларға қол жеткіземіз. Үлкен керілісті, сақинаның қабырғасының жұқалығынан және оны орнату кезінде өзгеріп және сынып кетуі мүмкін болғандықтан қолданбайды.
Білік пен тұрқыға қондыруды мойынтіректің типі мен өлшеміне, пайдалану шарттарына, жүктеме түрлері мен сипатына байланысты таңдайды. СТ СЭВ 773-77 стандарты бойынша мойынтірек сақиналарын жүктеудің 3 түрін ажыратамыз:
1. Жергілікті жүктеу - тұрақты бағытталған радиалды Fτ жүктемені (қайыстың тартылуы, салмақ күші) сақина домалау жолының шеңберінің тек шектелген бөлігімен қабылдайды және оны біліктің немесе тұрқының қондыру бетінің шектелген сәйкес бөлігіне береді.
2. Циркуляциялық жүктеме – қорытынды радиалды Fτ жүктемені сақина домалау жолының барлық шеңберімен қабылдайды және білік пен тұрқының барлық қондыру бетіне береді. Сақинаны бұлай жүктеу оның айналуында және тұрақты бағытталған Fτ жүктемеде немесе керісінше, қарастырылып отырған сақинаға қатысты айналатын, радиалды Fс жүктемеде болады.
3. Тербелісті жүктеме – айналмайтын сақина екі радиалды жүктеменің (Fτ – тұрақты бағытталған, Fс – айналмалы, демек Fτ> Fс) мойынтірек домалау шеңберінің шектелген бөлігімен теңдесін Fτ қабылдайды және оны білік пен тұрқының қондыру беттерінің шектелген сәйкес бөлігіне береді.
Теңдес Fτ жүктеме толық айналым жасамайды, А және В аралығында тербеледі. Қондыруды, мойынтіректің айналатын сақинасы білік пен тұрқының отырғызу беттерімен сырғанауы мен орағытуын болдырмайтын керіліспен таңдау қажет.
Сақинаның басқасы саңылаумен орнатылуы керек
Қолданыста жиі кездесетін және ұсынылатын қондыру. Айналмалы білікте – ішкі сақина білікпен бірге шамалы керіліспен қозғалмайтындай етіп орнатылады, білік ауытқуы (к6), ал тұрқыдағы сыртқы сақина шамалы саңылаумен орнатылады, тұрқының – тесіктің ауытқуы (Н7) (2.22-сурет).

Сыртқы сақина айналып тұрғанда қондыру керісінше – білік ауытқуы h7, тұрқы-тесік ауытқуы (К6) (2.23-сурет). Домалау мойынтіректері үшін ұсынылған қондырулар СТ СЭВ 773-77 стандартында берілген.




2.10. Бұрандалы біріктірулерді стандарттау

Машина жасау саласында бұрандалы біріктірулер кеңінен тараған. Қолданылатын негізгі бұрандалар.


1. Машина тетіктерін ажыратпалы біріктіру үшін қолданылатын бекіткіштік (метрикалық, дюймдық) бұрандалар, олардың негізгі функциясы – біріктіру беріктігін және пайдалану кезінде біріктіру жапсарының тығыздығын сақтауды қамтамасыз ету.
2. Жүрістік бұрамалар, метал кескіш станоктардың суппортарының бұрамалары, өлшеу құралдарының үстелі т.б. үшін қолданылатын кинематикалық бұрандалар (трапециялық, тікбұрышты), орын ауыстыруға және дәл жылжуға, баспақтар мен домкраттарда айналу қозғалысын түзу сызықты қозғалысқа түрлендіруге арналған.
3. Құбырлық және арматуралық бұрандалар, құбыр жолдары мен жабу арматуралары үшін арналған негізгі мақсаты біріктірудің қымталуын қамтамасыз ету.
Бекіткіш бұрандаларын жиі қолданатындықтан және көп тарағандықтан қарастырайық.
Бекіткіш цилиндрлік бұрандалардың негізгі параметрлері (2.24-сурет). Сыртқы (ішкі) бұранданың орта d2,(D2), сыртқы d,(D) және ішкі d1,(D1) диаметрлері, Р адымы, α пішін бұрышы, бастапқы үшбұрыштың биіктігі Н, пішін жақтарының көлбеу бұрышы β және γ, бұранда өрінің бұрышы ψ, бұрау ұзындығы l, пішіннің жұмыс биіктігі Н1 және ішкі бұранда ойықтарының номиналды дөңгелену радиусы R. Сыртқы бұранда өзекте (бұрандамада), ішкі бұранда тесікте (сомында) жасалады.

0,25-тен 600 мм дейінгі диаметрлер үшін метрикалық бұранданың пішіні мен оның элементтерінің өлшемдері ГОСТ 9150-81, СТ СЭВ 180-75 (Н = 0,8660254хР) мемлекетарлық стандартымен реттелген, бұранда төбесінің кесімі Н/4 тең сомынды және Н/8 тең бұрандаманы қарастырады. Мұндай пішінді бұрандалы біріктірулер жоғары беріктікті көрсетеді. Бұрандалар статикалық жүктемелерде өзін-өзі тоқтату қорына ие.
Метрикалық бұрандалар үлкен және кіші адымды болады. ГОСТ 8724-81, СТ СЭВ 181-75 мемлекетарлық стандарттары метрикалық бұранда диаметрлерінің, үлкен және кіші адымдарының 3 қатарын бекітеді. Бұранда диаметрлерін таңдауда бірінші қатарды екіншіге, ал екінші қатарды үшіншіге қарағанда тәуірірек деп табу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет