Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Метрикалық бұрандалардың шақтамалар және қондырулар жүйесі



бет47/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Метрикалық бұрандалардың шақтамалар және қондырулар жүйесі. Ішкі және сыртқы бұрандалар көбіне, пішіннің бүйір жақтарымен түйіседі. Бұранданың төбесі және ойығымен түйісу мүмкіндігі жоқ. Пішіннің бүйір жақтарымен (орта диаметрі бойынша) түйісу сипатына байланысты қондырулар саңылаулы, керілмелі және өтпелі деп ажыратылады. Бұранда пішінінің бүйір жағымен бұрау ұзындығы бойынша өзара түйісуінің қондыру сипаты орта диаметрінің мәнімен ғана емес, адымының ауытқуымен және біріктірілетін тетіктердің бұранда пішіні бұрышының жартысымен анықталады. Сондықтан, бұрандалы біріктірулердің қондыру сипаты бұрау мен сомынның келтірілген орта диаметрлерінің нақты мәндерінің айырмасын көрсететін саңылау немесе керіліске байланысты. 1-ден 600 мм дейінгі метрикалық бұранда диаметрлері үшін шақтамалар және қондырулар жүйесі, МСТ 16093-81, СТ СЭВ 640-77 – саңылаулы қондыру, ГОСТ 4608-81, СТ СЭВ 306-76 – керілмелі қондыру, ГОСТ 24834-81, СТ СЭВ 305-76 – ауыспалы қондыру, мемлекетарлық стандарттарымен регламенттелетін ИСО МС 965/1-73 халықаралық стандартына негізделген.

Бұл жүйе бұрандалы біріктірулерді халықаралық унификаттауды, тетіктерді біріктіруді жеңілдететін саңылаулы бұранданы кеңінен енгізуді қамтамасыз етеді, коррозияға қарсы жабындау мүмкіндігі, өзгермелі жүктемелерде бұрандалы біріктірулердің циклдық беріктігін жоғарылатады.


Саңылаулы қондыру. Саңылаулы қондыруға қол жеткізу үшін ГОСТ 16093-81 мемлекетарлық стандартына сәйкес сыртқы бұрандаға 5 негізгі ауытқу алаңы (d, e, f, g, h) және ішкі бұранда үшін 4 ауытқу алаңы (E, F, G, H) қарастырылған (2.25-сурет).
Бұл ауытқулар d1; d; d2; D1; D; D2 диаметрлері үшін бірдей. Негізгі H/h ауытқуларының үйлесімінде нөлге тең, ең кіші саңылау құрылады, H/g ; H/f; H/e; H/d E , F, G/ h, g, f, e, d ауытқуларының үйлесімінде кепілдікпен берілетін саңылау құрылады. Көрсетілген негізгі ауытқулар сыртқы бұранда үшін жоғарғы ауытқуларды, ал ішкі бұранда үшін бұранда диаметрінің төменгі ауытқуларын анықтайды. Екінші шекті ауытқу бұранда дәлдігінің қабылданған дәрежесі бойынша анықталады. Әріппен белгіленген негізгі ауытқу мен қабылданған дәлдік дәрежесінің үйлесімі бұранда диаметрінің шақтама алаңын құрады. Бұранда шақтама алаңы, орташа диаметрдің шақтама алаңы мен шығыңқылар диаметрінің шақтама алаңының үйлесімімен құрылады. Көп тараған түрлері шамалы саңылауы бар бұранда 6H/6g.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет