Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Берілістердің кинематикалық дәлдігі



бет49/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Берілістердің кинематикалық дәлдігі. Кинематикалық дәлдікті қамтамасыз етуге берілістің кинематикалық қателігін және дөңгелектің кинематикалық қателігін шектейтін нормалар қарастырылған.
Берілістің кинематикалық қателігі Fкпп деп берілістің жетектегі тісті дөңгелектің, бөлгіш диаметрінің доға ұзындығының сызықтық шамасымен көрсетілген нақты φ2 және номиналды (есептеу) φ3 бұрылыс бұрыштарының айырмасын айтады.
,
мұнда r – жетектегі дөңгелектің бөлгіш шеңберінің радиусы.
Тісті дөңгелектің кинематикалық қателігі Fкпк деп дөңгелектердің айналу осьтерінің өзара номиналды орналасуы жағдайындағы, тісті дөңгелектің жетектегі дәл жұмыс (өлшеу) дөңгелегінің нақты φ2 және номиналды (есептеу) φ3 бұрылыс бұрыштарының айырмасын айтады, оны бөлгіш диаметрінің доға ұзындығының сызықтық шамасымен көрсетеді.
Кинематикалық дәлдік параметрлеріне адымның жиналған қателіктері, тіс тәжінің радиалды соғуы, жалпы нормаль ұзындығының тербелісі, номиналды ось аралық өлшеу арақашықтығы жатады.
Беріліс жұмысының бірқалыптылығы. Берілістің бұл сипаттамасы тісті дөңгелектің айналымында қателіктері көп рет (цикл бойынша) білінетін және кинематикалық қателіктің бөлігін құрайтын параметрлерімен анықталады.
Берілістің бірқалыпты жұмысын бұзатын қателіктердің циклдық сипаты және гармониялық талдау мүмкіндігі бұл қателікті кинематикалық қателік ретінде нормалауға және анықтауға негіз береді. Берілістің циклдық fzkor қателігі және тісті дөңгелектің fzkr қателігі берілістің немесе дөңгелектің кинематикалық қателігін құрайтын екі еселенген амплитудасы. Циклдық қателіктерді шектеу үшін шақтамалар тағайындалған. Бұл шақтамалар:

өрнегімен анықталады. Мұнда kц – тісті дөңгелектің айналымындағы цикл жиілігі, Fr – тісті дөңгелектің дәлдік дәрежесіндей fzk дәлдік дәрежесі бар тіс тәжінің радиалды соғуының шақтамасы. Тісті дөңгелектің айналымындағы цикл жиілігі kц артқан сайын циклдық fzkor қателік және тісті дөңгелектің fzkr қателігі кемитінін өрнектен көруге болады.
Тіс пішінінің қателігі ffr – арасында дөңгелек тісінің нақты активті бүйір пішіні орналасқан екі жақын номиналды бүйір пішіні арасындағы нормаль бойымен алынған арақашықтық. Пішін қателігі дөңгелек қозғалысының бірқалыпты болмауын, қосымша динамикалық жүктеменің пайда болуына, тістердің түйісу беттерінің азаюына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет