Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет98/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   160
Экономикада бәсеке бірқатар функцияларды атқарады: 
1.
 
 Ӛндірісті реттеу функциясы.
Бәсеке тауардың нарықтық қҧнын 
анықтайды және белгілейді, нақты еңбекті қоғамға қажетті еңбекке 
айналдырады: ӛнім ӛндіруші тҧтынушыға қажетті бҧйымдарды ҧсынуы 
керек, ал ол тауарлар сҧранысы кӛп салаларға жіберілуі керек.
 
2.
 
Кәсіпкерлік мінез-қҧлықты мотивациялау функциясы.
Кәсіпкер ҥшін 
бәсеке тәуекел мен мҥмкіндікті білдіреді. Сапасы бойынша ең жақсы 
ӛнімді нарыққа ҧсынатын кәсіпорындар пайда табу арқылы 
артықшылыққа ие болады. Яғни, олар ӛндірісті дамыту, инновациялық 
тетіктерді ендіру ҥрдісіне ҧмтылады. Қажеттіліктердің ӛзгеруіне баяу 
икемделетін және сапасы тӛмен тауарды ҧсынатын кәсіпорындар зиян 
шегеді немесе нарықтық жҥйеден шеттеу қалады. 
 
3.
Ӛндірушілер табысын бӛлу функциясы. 
Бәсеке басқару тиімділігі мен 
еңбек ӛнімділігіне байланысты дара қҧндылықтарды ӛзара теңестіруге 
және сәйкесінше пайданы ҧтымды тҥрде бӛлуге септігін тигізеді. 
4.
Нарыққа қатысушылардың мінез-қҧлқын бақылау функциясы. 
Бәсеке 
экономикалық таңдауды жҥзеге асырады, сатып алушыларға бірнеше 
ӛнім сатушылар арасынан тауарды таңдауға мҥмкіндік береді. Сонымен 
қатар олардың нарықтың жалпы жағдайына әсер етуіне мҥмкіндік 
бермей, әрбір сатушының мінез-қҧлқын шектейді.
Бәсекелік стратегияға байланысты
бәсекелік мінез-қҧлықтың келесідей 
типтерін бӛліп кӛрсетуге болады: 

креативті, 

бейімделгіш, 

кепілдендірілген. 
Креативті мінез-қҧлық
бәсекелестерге қарағанда ҥстемдікке (жаңа ӛнімдер, 
ӛнімді ӛткізу мен технологияның жаңа нысандары, жаңа жарнама) жеткізетін 


157 
іс-әрекеттермен сипатталады. Креативті мінез-қҧлықтың маңызды белгісі
кәсіпкерлердің сҧраныс пен ҧсыныстың қазіргі жағдайын ӛзгертуге деген 
ҧмтылысы болып табылады. 
Бейімделгіш мінез-қҧлық 
бәсекелестердің іс-әрекеттерінің алдын-алумен 
және ӛндірісті жаңартумен байланысты. Бҧл жағдай әсіресе кәсіпкер ӛз іс-
әрекеттеріне толық сенімді болмай, қысқа уақыт ішінде ӛз бәсекелестерінің 
жетістіктерін ӛзіне толығымен пайдалануға ҧмтылған жағдайларда байқалады. 
Кепілдендірілген мінез-қҧлық
кәсіпкерлердің ӛнім сапасын арттыру, ӛнім 
ассортиментін ӛзгерту, алуан тҥрлі қызметтерді қҧру есебінен нарықтағы қол 
жеткізілген позицияларын ҧзақ мерзімді болашақта сақтап қалуға және 
тҧрақтандыруа деген ҧмтылысымен анықталады. 
11.2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ 
БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІ 
 
Кез-келген жҥйенің (кәсіпорынның, аймақтың және т.б.) бәсекелік 
артықшылығы – бҧл оның ӛзіне ғана тән және оған бәсекелестеріне қарағанда 
артықшылық беретін қандай да бір ерекше қҧндылық. Қҧндылық – бҧл жҥйенің 
иелігіндегі (ӛзінде бар) және болашақта сақтап қалуға тырысатын қандай да бір 
ерекше бағалы нәрсе. Бәсекелестеріне қарағанда кәсіпорынның шығаратын 
ӛнімінің бәсекелестік артықшылығы және алдына қойған мақсаттарына жетуі, 
оның таңдап алған бәсекелестік стратегиясына тікелей байланысты болады.
Бәсекелік артықшылықтардың ерекшеліктері бойынша жіктелуі: 
1) артықшылықтардың сыртқы және ішкі тҥрлерімен сипатталатын жҥйеге 
(ҧйымға) деген қатынасы арқылы; 
2) артықшылықтардың пайда болу аясы табиғи-климаттық, әлеуметтік-
саяси, технологиялық, мәдени және экономикалық болуы мҥмкін;
3) артықшылық факторының мазмҧны, тауар сапасы мен бағасына, 
тҧтынушының оған жҧмсалған шығындарына және қызмет кӛрсету сапасына 
байланысты;
4) артықшылыққа ие болудың қҧралы немесе әдісі ретінде мамандарды 
оқыту, жаңашылдықтарды енгізу және бизнес жҥргізу ҥшін оңтайлы жерге 
орналасу факторларын атауға болады;
5) артықшылықтарды жҥзеге асыру орны адамдардың жҧмыс орны, 
кәсіпорын, аймақ, сала, ел, әлемдік қоғамдастық болуы мҥмкін;
6) артықшылықты жҥзеге асыру уақыты стратегиялық және тактикалық 
факторларға байланысты;
7) артықшылықты жҥзеге асырудан алынатын тиімділіктің тҥрлері
ғылыми-техникалық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық болуы 
мҥмкін. 
Әрбір кәсіпорында бәсекелік артықшылықтарды жіктеудің ӛз ерекшеліктері 
бар. Ол алуан тҥрлі экономикалық және басқарушылық аспектілердің қажетті 
кӛлемін қамтуға, сонымен қатар бәсекелік артықшылықтарды іздестіру мен 
іздеу ҥрдістерін автоматтандыруға мҥмкіндік береді. Соған қарамастан, 
бәсекелік артықшылықтардың барлық тҥрлерін кешенді бағалау жеткілікті 


158 
тҥрде кҥрделі, еңбек сыйымды және бәсекелестер бойынша бірқатар 
ақпараттың жабық болуына байланысты әрқашанда шынайы нәтижеге қол 
жеткізуге мҥмкіндік бере бермейді. Сондықтан да талдаудың тек бақыланатын 
объектісінде ғана бәсекелік артықшылықтарды толық және жеткілікті тҥрде 
анықтау 
мҥмкін 
болады. 
Тауарлар 
мен 
қызметтердің 
бәсекелік 
артықшылықтарын анықтаудың жалпы тәсілі екі тҥрден тҧрады, олар –
шығындар тӛмендігі мен тауарлар дифференциациясы. Бҧл екі тҥрі де қандай 
да бір шамада жоғарыда келтірілген жіктемедегі бәсекелік артықшылықтың 
барлық белгілерінің мәнін қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет