Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет36/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Тәуекел дәрежесін болдырмау және лимиттеу
. Кәсіпкерлік тәуекелдерді 
болдырмаудың бҧл бағыты ең ҧтымды болып табылады және кәсіпорын ҥшін 
тәуекелдің кез-келген тҥрін болдырмауды білдіреді. Тәуекелден бас тарту 
туралы шешім, оны қабылдаудың алдынғы сатысында немесе шешімді 
қабылдау сатысында қабылдануы мҥмкін, ал кейбір жағдайда кейіннен де 
қабылдануы мҥмкін. Тәуекел деңгейі болжанғаннан жоғары болса, кәсіпорын 
ӛзі атқаратын қызметтің қандай да бір тҥрінен бас тартуы да мҥмкін. Оны 
болдырмау туралы шешімдердің кӛбісі шешімді қабылдау сатысында 
қабылданады. Ӛйткені кәсіпорын қатысатын қызмет тҥрі ол ҥшін біршама 
қаржылық және басқа да шығындарға алып келуі мҥмкін. Бҧл жағдай кӛбінесе 
келісім шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты.
Тәуекелді тӛмендетудің аталған бағыты ең қарапайым және ҧтымды болып 
табылады. Ол жҧмсалатын шығындар мен белгісіздікті толығымен 
болдырмауға мҥмкіндік береді, алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда 
кӛлемін алуға мҥмкіндік бермейді.
Белгілі бір дәрежеде тәуекелді жартылай болдырмау тәсілі оның 
шоғырлануын лимиттеу
болып табылады. Бҧл механизм тәуекел жіберілетін 
деңгей шегінен шығатын кәсіпкерлік тәуекелдерге қатысты қолданылуы 
мҥмкін. Мҧндай лимиттеу, кәсіпорын қызметінің алуан тҥрлі аспектілерін 
жҥзеге асыру саясатын жасап шығару ҥрдісінде, кәсіпорында сәйкес 
нормативтерді 
орнату 
жолымен 
жҥзеге 
асырылады. 
Тәуекелдердің 
шоғырлануын лимиттеуді қамтамасыз ету келесі жағдайлардан тҧруы мҥмкін:

шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті 
мӛлшері (ҥлес салмағы).
Бҧл лимит кәсіпорынның операциялық және 
инвестициялық қызметі ҥшін бӛлек белгіленеді. Ал бірқатар жағдайларда – 
жеке қаржылық операциялар ҥшін де (нақты инвестициялық жобаны 
қаржыландыру ҥшін, айналым активтерін қалыптастыруды қаржыландыру ҥшін 
және т.б.);

жоғары ӛтімді нысандағы активтердің минималды мӛлшері (ҥлес 
салмағы).
Бҧл лимит кәсіпорынның жедел қаржылық міндеттемелерін жуық 
арада ӛтеу мақсатында жоғары ӛтімді активтердің резервін жасаумен 
сипатталатын «ӛтімді жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді. «Ӛтімді 
жастық» ретінде ең алдымен кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық 
салымдары, сонымен қатар оның дебиторлық борышының қысқа мерзімді 
нысандары шығады;

бір сатып алушыға ҧсынылатын тауарлық (коммерциялық) немесе 
тҧтынушылық 
несиенің 
максималды 
мӛлшері.
Несиелік 
тәуекелді 
шоғырландыруды тӛмендетуге бағытталған несиелік лимиттің мӛлшері, ӛнім 
сатып алушыларына тауарлық несиені ҧсыну саясатын қалыптастыру кезінде 
орнатылады;

бір банкте орналастырылатын депозитті салымның максималды 
мӛлшері.
Бҧл нысандағы депозитті тәуекелді шоғырландыруды лимиттеу, 
кәсіпорын капиталын инвестициялаудың аталған қаржылық қҧралын қолдану 
ҥрдісінде жҥзеге асырылады;

бір эмитенттің бағалы қағаздарының қаражаттарын салудың 


60 
максималды мӛлшері.
Лимиттеудің бҧл нысаны, бағалы қағаздар портфелін 
қалыптастыру кезінде жҥйелік емес (ерекше) қаржылық тәуекелді 
шоғырландыруды тӛмендетуге бағытталған. Бірқатар институционалды 
инвесторлар ҥшін бҧл лимит міндетті нормативтер жҥйесінде, олардың 
қызметін мемлекеттік реттеу ҥрдісінде орнатылады;
- дебиторлық борышқа қаражаттарды аудартудың максималды кезеңі. Осы 
қаржылық норматив есебінен тӛлемқабілетсіздік тәуекелін, инфляциялық 
тәуекелді, сонымен қатар несиелік тәуекелді лимиттеу қамтамасыз етіледі.
Қаржылық тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеу 
ҥлкен шығындарды 
талап етпейтін және осы тәуекелдерді қабылдау бӛлігіндегі, кәсіпорынның 
қаржылық идеологиясын жҥзеге асыратын тәуекел-менеджменттің, кеңінен 
таралған ішкі механизмдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың 
аталған әдісі қаржылық және коммерциялық тәуекелдерге қатысты тиімдісі 
болып табылады және басқа тәуекелдерді басқару кезінде оны қолдану міндетті 
емес.
Кәсіпкерлік 
қызметте 
тәуекелдерді 
тӛмендету 
әдістерінің 
бірі
әртараптандыру болып табылады. Әртараптандыру – бір-бірімен ӛзара тікелей 
байланысты емес, қызметтің алуан тҥрлері арасында капитал салымдарының 
кҥшін ҥйлестіру. Бҧл жағдайда, егерде кҥтілмеген жағдайлар нәтижесінде 
қызметтің бір тҥрі зиянды болса, екіншісі табыс әкелетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет