124
қҧқығы бар. Бірлескен борышкерлердің бірінен борышын толық алып
қанағаттанбаған кредитор міндеттеме толығымен орындалмайынша міндетті
болып қала беретін басқа бірлескен борышкерлерден, сол борышкердің ӛтей
алмағанын қарызын талап етуге қҧқығы бар. Борышкерлердің бірімен бірлескен
міндеттеменің толығымен
орындалуы, қалған борышкерлерді міндеттемелерін
орындаудан босатады. Осылайша, ӛз ҥлестерін толық салмаған жауапкершілігі
шектеулі қоғам қатысушылары, әр қатысушының міндеттемелері бойынша
белгіленген салым мӛлшерінде бірлескен жаупкершілікте болады.
Қосымша (субсидиарлы) жауапкершілік
деп заңмен немесе келісімшартпен
қарастырылған жағдайларда кредиторлар алдында міндеттемелерді дҧрыс
орындамағаны ҥшін, борышкермен қатар жауап беретін тҧлғалардың
(азаматтардың) қосымша жауапкершілігі танылады.
Қайта талап ету (регрессивті) жауапкершілік, заңдық тҧрғыдан бір
тҧлғаның жауапкершілігін екінші тҧлға ӛтейды. Мысалы, жҧмыс беруші, ӛз
жҧмыскерінің
әрекетінен болған зардапты, оны шегушіге ӛтегеннен кейін,
зардап мӛлшерін жҧмысшыдан ӛндіріп алуға қҧқығы бар, яғни қайта талап ету
әдісімен.
Аралас жауапкершілік
деп екі тараптың да кінәсі бойынша міндеттемелерді
дҧрыс орындамау немесе толық орындамау нәтижесінде пайда болатын
жауапкершілік танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәсіпкерлік қызмет
аясындағы қылмысты істерге арналған – «Экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстар» атты арнайы тарау бар.
«Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар» тарауы бойынша
жиі
кездесетін қылмыстық істерге
келесілер жатады:
1) заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы тҧру;
2) заңсыз кәсіпкерлік;
3) жалған кәсіпкерлік;
4) заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды немесе басқа да мҥлікті
заңдастыру;
5) монополиялық іс-әрекеттер мен бәсекені шектеу;
6) тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
7) акцизделуге жататын тауарларды маркілеу ережелері мен тәртібін бҧзу,
акциздік алым маркаларын қолдан жасау мен пайдалану;
8) экономикалық контрабанда;
9) кедендік алымдар мен тӛлемдерді тӛлеуден бас тарту;
10) бухгалтерлік есеп ережелерін бҧзу;
11) кредиторлық борышты тӛлеуден бас тарту;
12) азаматтың салықты тӛлеуден бас тартуы;
13) ҧйымдардың салықты тӛлеуден бас тартуы;
14) тҧтынушыларды алдап-арбау;
15) мәмілені жасауға кҥштеу немесе одан бас тартуға кҥштеу.
Қылмыстық жауапкершілік келесідей тҥрлерде қарастырылған:
125
1) 25-25000 дейінгі айлық есептік кӛрсеткіш мӛлшерінде немесе 2 аптадан 1
жылға дейінгі кезеңге сотталғанның жалақысының немесе басқа да табысының
мӛлшері ретінде айыппҧл;
2) белгілі бір қызметпен айналысуға немесе белгілі бір лауазымынан айыру
қҧқығы, негізгі жаза ретінде 1-5 жылға дейінгі
аралықта және қосымша жаза
ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта;
3) 60 сағаттан 240 сағатқа дейінгі аралыққа қоғамдық жҧмыстарға тарту;
4) 2 айдан 2 жылға дейінгі тәртіп жҧмыстарына жіберу;
5) 1-6 айға дейінгі аралыққа тҧтқындау;
6) мҥлікті тәркілеу арқылы немесе 6 айдан 15 жылға дейінгі аралыққа бас
бостандығынан айыру.
9.2
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘКІМІШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
«Әкімшілік қҧқық бҧзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексінде (ары қарай Кодекс)
кәсіпкерлік қызмет, сауда мен қаржылар
аясындағы, сонымен қатар салық салу аясындағы әкімшілік қҧқық
бҧзушылықтарға арналған арнайы тараулары бар (11-кесте).
11-кесте – Әкімшілік қҧқық бҧзушылықтар
Ә
кі
мш
іл
ік қ
ҧқ
ы
қ
бҧ
зушы
лы
қта
р
Достарыңызбен бөлісу: