Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет47/49
Дата31.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#10770
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

5. Тоңазытпалар 

5.1. Тоңазытпа түзілу  

Зольдерден  құрылымданған  жүйелер  алуға  болады.  Алынған 

құрылымданған жүйелерді гельдер (сірнелер) деп атайды. Құрылым 


 

430 


 

түзілу  ҮМҚ  бар  жүйелерде  де  болады.  Бұл  кездегі  алып 

құрылымданған жүйелерді тоңазытпалар деп атайды. 

Тоңазытпа түзілу үдерісін – тоңазытпатүзілуді- тоңазытылған 

жүйенің  кеңістік  торларының  біртіндеп  мықтылануы  (қатаюы) 

ретінде  қарастыруға  болады.  Тоңазытпалардың  қасиеттері  көп 

жағдайда  сірнелердің  қасиеттеріне  ұқсас.  Олардың  принциптік 

айырмашылығы мынадай: 

1. 

Тоңазытпатүзілуде 



негізгі 

себеп 


– 

ҮМҚ 


жеке 

макромолекулаларының  арасындағы  байланыстардың  түзілуі. 

Сондықтан тоңазытпаларды гомогендік жүйелер ретінде қарастыру 

керек.  Сірнелер  коллоидтық  бөлшектердің  әрекеттесуінен  болады, 

сондықтан олар гетерогендік жүйелер

2.  Сірнелерде  кеңістіктік  тор  Ван-Дер-Ваальстік  күштер 

нәтижесінде,  ал  тоңазытпаларда  химиялық  және  сутектік  сияқты 

мықтырақ байланыстар нәтижесінде болады. 

3. 

Тоңазытпаларда 



байланыстар 

макромолекулалардың 

шеттерінде  ғана  емес,  кез-келген  өзара  әрекеттесетін  топтары  бар 

учаскелерде  болады.  Сондықтан  олардың  әр  түрлі  құрылымдық- 

механикалық қасиеттері болады. 

 

Тоңазытпатүзілуге әсер ететін факторлар 

Біз  жоғарыда  қатты  ҮМҚ  шектелген  ісіну  жағдайында 

тоңазытпа  түзілетінін  айттық.  Мысалы,  желатиннің  судағы  ісінуі 

нәтижесінде. Тоңазытпатүзілу ҮМҚ шын ерітінділерінде де болуы 

мүмкін. Тоңазытпатүзілу үдерісіне келесі факторлар әсер етеді: 

1. ерітіндідегі ҮМҚ концентрациясы; 

2. ҮМҚ пішіні мен өлшемі; 

3. температура; 

4. уақыт; 

5. индифференттік электролиттің болуы; 

6. ортаның pH-ы; 

ҮМҚ 


ерітінділерін 

тоңазыту 

әрқашанда 

ерітіндінің 

концентрациясын  арттырады,  өйткені  макромолекулалардың 

немесе  олардың  учаскелерінің  арасындағы  соқтығысу  жиілігі 

артып, бірлік көлемдегі түзілетін байланыстар саны артады. 

Макромолекулалардың  өлшемі  өте  үлкен,  оның  үстіне 

полимерлік 

тізбектің 



майысушылық 

қабілеті 

көптеген 

конформациясының болуын қамтамасыз етеді, абсолютті созылған 

күйден  тығыз  доңғалақ  (түйнек)  күйге  дейін.  Макромолекуланың 


 

431 


 

басқа  макромолекулалармен  байланыстар  түзуі  оның  пішініне  де 

байланысты  болады:  ол  созылыңқы  болса,  оның  әрекеттесуге 

бейімділігі  де көп  болады, өйткені  оның әрекеттесетін  бөліктеріне 

қол  жеткізу  оңай  болады.  Ендеше  тоңазытпатүзілу  үшін  қажет 

жағдай  –  ол  макромолекуланың  түйнек  болып  жиырылмауы. 

Созылған 

пішіндегі 

макромолекулалар 

өте 


сұйылтылған 

ерітінділерде  де  тоңазытпалар  түзеді.  Мысалы,  құрғақ  заттың 

мөлшері  агар-агарда 0.1%,  ал  желатинде  0.5%  болғанда  тоңазытпа 

түзіледі  екен.  Теңіз  медузаларын  «тірі»  тоңазытпа  ретінде 

қарастыруға болады, оларда судың мөлшері 99%-ға дейін болады. 

Тоңазытпатүзілу  үдерісін  кеңістіктік  тордың  пайда  болуы  мен 

біртіндеп  қатаюы  ретінде  қарастыруға  болады.  Ендеше  уақыт 

артқан сайын бұл процесс жақсы жүреді. 

Индифференттік  электролиттердің  белок  ерітінділерінің 

тоңазытпатүзілуге  әсері  олардың  ісінуге  әсеріне  қарама-қарсы 

болады.  Ісінуді  арттыратын  иондар  тоңазытпатүзілуді  баяулатады. 

Керісінше  ісінген  тоңазытпаның  көлемін  азайтатын  иондар, 

тоңазытпатүзілуін арттырады. 

Ортаның  pH-ы  егер  ҮМҚ  амфотерлі,  мысалы,  белок  болса 

күштірек болады. Тоңазытпатүзілу изоэлектрлік нүктеге сәйкес pH-

та  жақсы  жүреді.  pH  ИЭН-нен  екі  жаққа  қарай  өзгергенде 

макромолекулалар  бірдей  зарядталғандықтан  байланыс  түзілу 

нашарлайды.  Қышқыл  немесе  негізді  көп  қосқанда  иондалу 

дәрежесі  төмендейді  де,  қайтадан  тоңазытпатүзілу  үдерісі 

күшейеді. 



 

5.2 Тоңазытпалардың қасиеттері 

Тоңазытпалар және сірнелер қатты денелердің де, сұйықтардың 

да  қасиеттерін  көрсетеді.  Олардың  қатты  денелер  сияқты 

механикалық  қасиеттері  серпімділік,  мықтылық,  пластикалық, 

пішінін  сақтау  сияқты  болады.  Сірнелерден  айырмашылығы 

көптеген  тоңазытпалар  тиксотроптық  қасиет  көрсетпейді. 

Тоңазытпаларда  судың  (сұйықтықтың)  көп  мөлшері  болады, 

сондықтан  олар  сұйықтықтың  да  кейбір  қасиеттерін  көрсетеді. 

Мысалы,  КМҚ,  жоғары  дисперстік  зольдер,  молекулалары  үлкен 

емес ҮМҚ ерітінділері тоңазытпаларға диффузияланады. 

Тоңазытпаларға  синерезис  құбылысы  тән.  Ол  кеңістіктік 

тордың  сұйықтықты  біртіндеп  шығарып  сығылуы.  Тоңазытпа 

торын толтырған сұйықтықты мицеллаарлық деп атайды. Онын өзін 


 

432 


 

бос  (еркін)  және  байланысқан  деп  екіге  бөледі.  Бос  су  тоңазытпа 

қаңқасына механикалық түрде енген сольваттың қабатына енбейтін 

су.  Ал  байланысқан  су  макромолекуланың  гидрофильдігіне 

байланысты  болады:  молекулада  неғұрлым  гидрофильдік  топтар 

көп  болса,  соғұрлым  тоңазытпада  байланысқан  су  көп  болады. 

Байланысқан  судың  тығыздығы  көп,  қату  температурасы  төмен 

және т.б. қасиеттері болады. Байланысқан су топырақта, өсімдікте, 

барлық  тірі  организмдерде  маңызды  роль  атқарады:  суыққа 

төзімділік,  клетка  (ағза)  мен  тканьдардың  морфологиялық 

құрылымдарын  анықтайды.  Мысалы,  адам  организміндегі 

байланысқан су жас сәбилерде 70% ,ал кәрі кісілерде 40% болады, 

сондықтан әжім, терінің бос болуы т.б. байқалады. Сонымен, адам 

организмінде  синерезис  өте  баяу  жүреді,  және  оның  жылдамдығы 

әр адамда әртүрлі болады. 

Тоңазытпаның  электрөткізгіштігі-  алынған  ерітінділердің 

электрөткізгіштігіиен  бірдей  болады.  Тоңазытпалар  сірнелер 

сияқты  түскен  жарықты  шашыратады.  Тоңазытпалардың  «жады» 

болады. 


Екі 

сұйылтылған 

және 

концентрлі 



желатиннің 

тоңазытпаларын бірдей құрғатып қайтадан ісіндірсек, біріншісі көп 

ісінеді себебі олардың ішкі құрылымы сақталады.  

 

Қайталауға  және  өзін-өзі  бақылауға  арналған  сұрақтар  мен 



есептер: 

1.

 



Үлкен 

молекулалық 

қосылыстардың 

(ҮМҚ) 


қандай 

классификациясын білесіз? 

2.

 

Ісіну  және  ісіну  дәрежесі  дегеніміз  не?  Шектелген  және  шексіз 



ісінудің айырмашылықтары қандай? 

3.

 



ҮМҚ ерітінділерінің коллоидтық ерітінділермен қандай ұқсастықтары 

және қандай айырмашылықтары бар? 

4.

 

Полимердің  салыстырмалы  молекулалық  массасын  қалай  анықтауға 



болады? 

5.

 



Полиэлектролиттер дегеніміз не? Олардың қандай түрлерін білесіз? 

6.

 



Белоктың  изоэлектрлік  күйі  және  изоэлектрлік  нүктесі  дегендеріміз 

не? 


7.

 

« Ерімталданбау » дегеніміз не? 



8.

 

Тоңазытпа  түзілу  үдерісі  мен  гельдер  (сірнелер)  түзілуінің 



ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 

9.

 



Тоңазыта түзілуге қандай факторлар, қалай әсер етеді? 

10.


 

Тоңазытпалардың қасиеттерінің негізгі ерекшелітері қандай? 



 

433 


 

11.


 

Төмендегі 

эксперименттік 

мәліметтер 

бойынша 

резинаның 

төртхлорлы  көміртекте  ісіну  қисығын  сызыңыз.  Ісіну  уақыты,  мин  5  25  60 

120 Сіңірілген сұйықтық мөлшері, % 30 110 230 316 

12.

 

Төмендегі  эксперименттік  мәліметтер  бойынша  каучуктың    этил 



спиртіндегі  ісіну  дәрежесін  есептеңіз  және  уақыт  –  ісіну  дәрежесі 

координаттары  бойынша  ісіну  қисығы  сызыңыз.  Ісіну  уақыты,сағ  1  5  10  15 

Ісінуге дейінгі каучуктың массасы, г 10 20 45 60 Ісінген каучуктың массасы, г 

20 45 50 78  

13.

 

50  г  каучук  ісінгенде  482  мл  хлороформ  сіңірілген.  Алынған 



тоңазытпаның  пайыздық  құрамын  есептеңіз.  Хлороформның  тығыздығы  1,9 

г/см. 


14.

 

Ісіну процесіне әр түрлі электролиттердің әсері қандай? 



 

 

ХV-тарауды зерделеуді бітіргенде сіз мыналарды: 

Үлкен 

молекулалық 



қосылыстарды 

(ҮМҚ), 


олардың 

классификацияларын;    ісіну  және  ісіну  дәрежесін;  ҮМҚ  ерітінділерінің 

қасиеттерін;  салыстырмалы,  меншікті  және  келтірілген  тұтқырлықтарды; 

полиэлектролиттерді;  изоэлектрлік  күй  мен  изоэлектрлік  нүктені; 

тоңазытпаларды  және  олардың  қасиеттерін;  тоңазытпаларға  әсер  ететін 

факторларды білуге тиістісіз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

434 


 

Глоссарий 

Ағу  потенциалы  (Квинке  эффектісі)  –  дисперсиялық  орта 

бөлшектерінің  қозғалуынан  потенциалдар  айырымының  (электр 

өрісінің) пайда болуы. 

Адгезия  –  әртүрлі  фазалар  өзара  жанасқанда  пайда  болатын 

фазалар молекулаларының арасындағы байланыс. 



Адиабаттық  процестер  –  жүйемен  қоршаған  орта  арасында 

жылу алмасуы болмайтын процестер.  



Адсорбат – фазааралық бөлу беттерінде адсорбцияланатын зат. 

Адсорбент – бетіне басқа зат адсорбцияланатын дене. 

Адсорбтив – жүйедегі адсорбциялана алатын зат. 

Адсорбция  –  фазааралық  бөлу  бетінде  заттың  өздігінен 

шоғырлануы.  



Активтендіру энергиясы – молекулалардың орташа энергиясы 

мен  оларды  әрекеттестіру  үшін  қажет  ең  аз  энергия  қорының 

айырмасы. 

Аққышқтық – тұтқырлық коэфицентіне кері шама (1/η); 

Амфолиттік БАЗ – бірі қышқылдық, екіншісі негіздік сипатта 

болатын  екі  функционалдық  топтары  бар  БАЗ.  Мысалы 

аминқышқылдары және т.б. 

Аниондық  БАЗ  –  сулы  ерітіндіде  беттік-активті  анион  түзіп, 

диссоциацияланатын  БАЗ.  Мысалы  карбон  қышқылдары,  олардың 

тұздары, алкилсульфаттар және т.б. 

Ашық жүйелер – қоршаған ортамен затымен де, энергиясымен 

де алмаса алатын жүйелер. 



Аэрозольдер – дисперстік фазасы сұйықтық немесе қатты дене 

болатын,  ал  дисперсиялық  ортасы  газ,  әдетте  ауа  болатын 

дисперстік  жүйелер.  Мысалы  түтіндер,  тұмандар,  тозаңдар  және 

т.б. 


Байланысқан  дисперстік  жүйелер  –  дисперстік  фаза 

бөлшектері  өзара  байланысқандықтан  дисперсиялық  ортада  еркін 

қозғала алмайтын дисперстік жүйелер.  

Бейтараптану  жылуы  –  бір  грам  –  эквивалент  қышқыл  мен 

бір грам – эквивалент негіз әрекеттескенде бөлінетін жылу. 



Бейтараптану  жылуының  тұрақтылық  заңы  –  бір  г/экв 

қышқыл  мен  бір  г/экв  негіз  әрекеттескенде  бөлінетін  жылудың 

тұрақты екенін білдіреді. Ол 57,3 кДж болады. 

Беттік  активтік  заттар  (БАЗ)  –  гидрофильдік  бөліктен 

және  гидрофобтық  радикалдан  тұратын,  сондықтан  құрылысы 



 

435 


 

дифильді  болатын,  фазааралық  бөлу  беттерінде  өздігінен 

адсорбцияланып, беттік керілуді төмендететін заттар.  

Беттік  керілу  –  сұйықтық  бетінің  бірлік  периметріне  әсер 

ететін ішкі (молекулалық) қысым өлшем бірлігі: н/м; немесе бірлік 

бет  түзілуге  кететін  энергия  мөлшері,  өлшем  бірлігі Дж/м

2

.  Беттік 



крілу σ әрпімен белгіленеді.  

Бірінші  текті  электркинетикалық  құбылыстар  –  берілген 

кернеудің  (электр  өрісінің)  әсерінен  фазалар  бөлшектерінің 

қозғалуы. Оларға электрофорез, электроосмос жатады. 

Больцман тұрақтысы (k

б

) – газ тұрақтысын Авогадро санына 

қатынасымен анықталады. k

б

=

 ; 



Броундық қозғалыс – дисперсиялық ортаның молекулаларымен 

соқтығысуы  нәтижесінде  пайда  болатын  ұсақ  дисперстік  фаза 

бөлшектерінің  үздіксіз,  ретсіз  және  барлық  бағытта  бірдей 

қозғалуы.  



Буферлік  жүйе  (ерітінді)  –  әлсіз  қышқылдан  және  оның  өте 

күшті негізден түзілген бір тұзының немесе әлсіз негіз оның күшті 

қышқылмен  түзілген  бір  тұзының  қоспасы.  Ол  ортаның  рН-н 

тұрақты етіп ұстайды. 



Буферлік  сыйымдылық  –  буферлік  қасиет  көрсететін  аралық. 

Ол  әдетте  1м

3

  буферлі  ерітіндіге  рН-ты  бір  бірлікке  өзгерту  үшін 



қажет күшті қышқыл немесе күшті негіз мөлшерімен анықталады.  

БЭТ  (Брунауэр,  Эммет  және  Теллер)  теориясы  –  адсорбент 

бетінде  активті  орталықтардың  болатындығын  және  адсорбаттың 

полиқабаты  түзілетінін  еске  алып,  адсорбенттің  меншікті  бетін 

анықтау теориясы.  



Газдың  универсал  тұрақтысы  (R)-  идеалды  газ  күйін 

түсіндіретін  пропорционалдық  коэфициент  R.  R-дің  мәні  қысым 

мен көлемнің өлшем бірліктеріне байланысты әртүрлі болады. R = 

0,82  n∙атм/град∙моль;  R=8,313  ∙10

7

  эрг/град∙моль;  R=8,313 



Дж/град∙моль; R=1,987=2 кал/град∙моль. 

Гальваникалық  (электрхимиялық)  элемент  -  электродтарда 

болатын  химиялық  реакциялардың  көмегімен  электр  тоғын  алуға 

арналған құрал.  

Гетерогендік  жүйе  –  екі  немесе  одан  да  көп  фазалардан 

тұратын жүйе.  



Гетерогендік катализ – бұл жағдайда реакция реагенттер мен 

катализатордың бөліну шекарасында жүреді. 



 

436 


 

Гиббстің  фазалар  ережесі  –  ол  фазалар  теңдеуімен 

анықталды:  С=К-Ф+2.  Мұндағы  С-еркіндік  дәрежесінің  саны.  Ф- 

фазалар саны. К – құрамдастар саны. 

Гидратациялану  жылуы  –  гидратация  процестерінде 

бөлінетін жылу. 



Гидрофильдік  –  липофильдік  баланс  (ГЛБ)-  су  –  май  бөлу 

бетіндегі  гидрофильдік  және  липофильдік  әрекеттесулердің 

арақатынасы. 

Гидрофобтық  байланыстар  –  сулы  ортада  пайда  болатын, 

полюссіз бөлшектер мен молекулалардың арасындағы және күрделі 

молекулалардың көмірсутек радикалдары арасындағы байланыстар.  

Гомогендік жүйе – бір фазадан тұратын жүйе. 

Гомогендік  катализ  –  бұл  жағдайда  катализатор  (өршіткі) 

және реагенттер бір фазада болады. 



Десорбция  –  адсорбцияға  қарсы  құбылыс,  яғни  бетке 

адсорбцияланған молекулалардың бетті босатуы. 



Дзета  (ξ)  потенциал  –  тығыз  қабат  пен  диффузиялық 

қабаттың  арасындағы  жылжу  жазықтығына  сәйкес  келетін 

потенциал. 

Оның 


мәні 

дисперстік 

фаза 

бөлшектерінің 



дисперсиялық ортада қозғалу мүмкіндігін анықтайды.  

Диализ  –  коллоидтық  ерітінді  құрамындағы  қоспалардың 

(электролитердің) өздігінен жартылай өткізгіш жарғақ арқылы өту 

құбылысы. Оны коллоидтық ерітінділерді тазарту үшін қолданады. 

Диспергациялау  –біріңғай  денені  немесе  ірі  бөлшектерді 

ұсақтау арқылы дисперстік фаза бөлшектерін алу.  



Дисперстік  анализ  –  дисперстік  фаза  бөлшектерінің 

өлшемдерін, пішінін және концентрациясын анықтау.  



Дисперстік жүйелер – кем дегенде екі фазадан тұратын және 

бірінші  (дисперстік)  фаза  екінші  фазада  (дисперсиялық  орта)  ұсақ 

бөлшектер түрінде таралған гетерогендік жүйелер.  

Дисперстілік  –  дисперстік  фаза  бөлшектерінің  өлшеміне  кері 

шама.  


Диффузия  –  дисперстік  фаза  бөлшектерінің  ерітінді 

концентрациясы  басым  аймағынан  концентрациясы  аз  аймаққа 

өздігінен тасымалдануы.  

ДЛФО (Дерягин, Ландау, Фервей және Овербек) теориясы – 

дисперстік  фаза  бөлшектерінің  тұрақтылығы  мен  коагуляциясын 

олардың  арасында  болатын  (молекулааралық)  тартылыс  күші  мен 


 

437 


 

(электростатикалық)  тебіліс  күшінің  өзара  арақатынасы  арқылы 

түсіндіретін теория.  

Дюкло 

–Траубе 

ережесі 

– 

адсорбцияланған 



БАЗ 

молекуласының 

беттік 

активтілігінің 



өзінің 

көмірсутек 

радикалының  ұзындығына  тәуелділігін  көрсетеді.  Бұл  ереже 

бойынша радикал ұзындығы бір – СН

2

 топқа артқанда оның беттік 



активтілігі 3,2-3,5 есе артады.  

Екінші  текті  электрокинетикалық  құбылыстар  –  фазалар 

еріксіз  салыстырмалы  қозғалғанда  потенциалдар  айырымының 

пайда болуы. Оларға ағу потенциалы, шөгу потенциалы жатады.  

Ерімталданбау(ерімталдандырмау  )  –  еріген  заттың 

ерігіштігінің тұз қатысында азаюы. 



Ерімталдану(ерімталдандыру)  –  еріген  заттың  ерігіштігінің 

тұз қатысында артуы. 



Еркін  дисперстік  жүйелер  –  дисперстік  фаза  бөлшектері 

дисперсиялық ортада еркін қозғала алатын жүйелер.  



Еру жылуы -1 моль зат ерігенде байқалатын (бөлінетін немесе 

сіңірілетін) жылу эффектісі. 



Әрекеттесуші массалар заңы (Гульдберг, Вааге) – химиялық 

реакция 


жылдамдығы 

реакцияға 

түсетін 

заттардың 

концентрациясының  көбейтіндісіне  тура  пропорционалдығын 

көрсетеді. 



Жану  жылуы  –  берілген  қосылыстың  оттекпен  тотығып, 

қосылыстардағы  элементтердің  жоғарғы  оксидтері  түзілетін 

реакцияның жылу эффектісі. 

Жүйе  күйінің  параметрлері  –  тәуелсіз  айналмалылар  ретінде 

алынған  кейбір  жүйе  күйлері.  Мысалы  газдар  үшін  жүйе  күйінің 

параметрлері  ретінде  үш  параметрдің  (қысым  (ρ),  көлем  (V)  және 

температура (Т)) тек екеуі ғана алынады. 



Жүйенің  күйі  –  жүйені  сипаттайтын  барлық  физикалық, 

химиялық  күйлердің  (мысалы:  көлем,  температура,  қысым, 

химиялық құрам және т.б.) жиынтығы. 

Жұғу – тамшының пішіні мен сұйықтықтың қатты дене бетімен 

жанасу  беті  анықталатын,  сұйықтықтың  қатты  дене  бетіндегі 

адгезиясы.  

Жылу 

сыйымдылық 

– 

жүйеге 



берілген 

жылудың 


температуралық  кемуіне  немесе  өсуіне  (бір  температураға) 

қатынасын білдіреді. 



 

438 


 

Зольдер  (кірнелер)  –  қатты  дисперстік  фазадан  және  сұйық 

дисперсиялық  ортадан  тұратын,  седиментацияға  тұрақты  ұсақ 

дисперстік  жүйелер,  олардың  дисперстілігі  коллоидтық  жүйеге 

сәйкес келеді.  



Идеалды  газдар  –  идеалды  жағдайдағы  газдарды  идеалды 

газдар деп атайды. 



Изобаралық  –  изотермиялық  потенциал  (немесе  Гиббс 

энергиясы) (G) - ол келесі теңдеу арқылы сипатталады : G=Н-ТS: 

мұндағы Н – энтальпия; Т- температура; S- энтропия. 



Изобаралық жылу сыйымдылық – қысым тұрақты болғандағы 

жылусыйымдылық. 



Изобаралық процестер – тұрақты қысымда жүретін процестер.  

Изобарлы  –  изотермиялық  процестер  –  қысым  да, 

температура да тұрақты болғанда жүретін процестер. 



Изоляцияланған  (оқшауланған)  жүйе  –  жүйе  мен  қоршаған 

орта арасында ешқандай әрекеттесу болмайтын жүйе. 



Изотермиялық процесстер – тұрақты температурада жүретін 

процестер. 



Изотондық 

коэффициент 

– 

диссоциацияға 



дейінгі 

молекулалар  концентрациясынан  диссоциацияланған  молекулалар 

мен  иондардың  тиімділік  концентрациясының  неше  есе  артық 

екенін көрсетеді. 



Изохоралық жылу сыйымдылық – көлем тұрақты болғандағы 

жылу сыйымдылық.  



Изохоралық процестер – тұрақты көлемде жүретін процестер.  

Изохорлы  –  изотермиялық  процестер  –  көлем  де, 

температура да тұрақты болғанда жүретін процесс.  



Изохорлық – эндотермиялық потенциал (немесе Гельмгольц 

энергиясы)  (Ғ)–Ол келесі теңдеу  арқылы сипатталады: Ғ=U  – ТS. 

Мұндағы U- ішкі энергия, Т- температура, S- энтропия.   



Изоэлектрлік  күй  –  дзета  потенциалдың  мәні  нольге  тең 

болған кездегі қос электрлік қабаттың күйі. Белоктар үшін олардың 

молекулаларындағы 

оң 


және 

теріс 


зарядтардың 

өзара 


компенсацияланатын күйі. 

Изоэлектрлік  нүкте  (ИЭН)  –  белоктың  изоэлектрлік  күйде 

болатын рН-тың мәні. 



Интенсивтік  (қарқындылық)  параметрлер  –  жүйедегі 

заттардың  мөлшеріне  тәуелсіз  параметрлер.  Мысалы:  қысым, 

тұтқырлық, концентрация мәні және т.б. 


 

439 


 

Иондардың 

электр 

қозғалғыштығы 

– 

иондардың 



қозғалуының 

абсолюттік 

жылдамдығын 

Фарадей 


санына 

көбейткенге тең.  



Иондық алмасу – қатты дене (ионит) мен электролит ерітіндісі 

арасында болатын ион алмасу құбылысы. 



Иондық 

емес 

БАЗ 

– 

ерітіндіде 



иондарға 

диссоциацияланбайтын  БАЗ.  Оларды  этилен  оксидіне  карбон 

қышқылдарын, спирттерді, аминдерді қосып алуға болады. 

Ионның  қозғалу  жылдамдығы  –  ионның  екі  электродтың  бір 

біріне қарай қозғалу жылдамдығы. Оның өлшем бірлігі м/с. 



Ісіну  –  полимердің  массасы  мен  көлемінің  еріткішпен  жанасу 

кезінде уақыт бойынша көбеюі. 



Ісіну  дәрежесі  –  ісінуді  сандық  түрде  сипаттайтын  шама  (α). 

Ол  мына  формуламен  анықталады: 

∙100%  немесе     

∙100% 


Мұндағы: 

,

-  полимердің  бастапқы  массасы  мен  көлемі; 



ісінген полимердің массасы мен көлемі 

Ішкі  энергия  –  жүйенің  энергиясының  жалпы  күйін  көрсетеді 

(оған  атомдардың,  электрондардың,  ядролардың,  молекулалардың 

қозғалысы мен әрекеттесу энергияларының барлық түрі кіреді)  

Катализ (өршу)– күйі мен массасы реакция соңында өзгеріссіз 

қалатын  заттың  қатысуында  химиялық  реакция  жылдамдығының 

өршуі.  Реакцияны  өршітетін  затты  катализатор  (өршіткі)  деп 

атайды. 


Катиондық  БАЗ  –  сулы  ерітіндіде  беттік  -  активті  катион 

түзіп,  диссоциацияланатын  БАЗ.  Мысалы:  алифаттық  және 

ароматикалық аминдер, пиридиндік қосылыстар және т.б. 

Кеңістіктік  полимерлер  –  мономердің  функционалдығы 

екіден  көп  болып  және  тізбек  өскен  кезде  макромолекуланың 

функционалдығы 

артатын 


жағдайда 

болады. 


Мысалы: 

фенолформальдегид шайырлары және т.б. 



Коагуляция  (ұю)–  дисперстік  фаза  бөлшектерінің  әртүрлі 

факторларының  әсерінен  бірігіп,  іріленіп,  агрегаттар  түзуі.  Көп 

факторлардың  ішінде  электролит  әсерінен  коагуляцияланудың  әрі 

теориялық, әрі практикалық маңызы зор. 



Коалесценция  –  қозғалғыш  дисперсиялық  (сұйықтық  немесе 

газ) 


ортадағы 

сұйықтық 

тамшыларының 

немесе 


газ 

көпіршектерінің өзара бірігіп, ірілену құбылысы. 



 

440 


 

Когезия - бір фазалы дене құрамындағы молекулалар (атомдар, 

иондар) арасындағы байланыс. 



Коллигативтік  қасиеттер  –  ерітінділердің  тек  сандық 

концентрациясына  –  бірлік  көлемде  еріген  заттың  активтік 

бөлшектерінің  (молекулалар,  атомдар,  иондар)  санына  тәуелді 

қасиеттері.  Оларға  диффузия,  осмос  қысымы,  ерітіндінің  қайнау 

температурасының 

жоғарылауы, 

ерітіндінің 

қату 


температурасының төмендеуі және т.б. жатады.  

Коллоидтық БАЗ-ң мицеллалары – өлшемі жоғары дисперстік 

жүйелердің  өлшеміне  сәйкес  келетін,  БАЗ  молекулаларының 

агрегаттары.  

Коллоидтық  беттік  активтік  заттар  –  тек  беттік  керілуді 

азайтып  қана  қоймай,  белгілі  бір  концентрацияда  молекулалары 

мицеллалар түзетін заттар.  

Кольрауш  заңы  –  шексіз  сұйылтылғандағы  молярлық 

электрөткізгіштік  (

)  берілген  электролиттің  катионы  мен 

анионының электрлік қозғалғыштығының қосындысына тең. 



Компонент  (құрамдас)-  жүйені  құрайтын  заттарды  оның 

компоненттері (құрамдастары) деп атайды. 



Концентрация  (қоюлық-)  деп  ерітіндінің  белгіл  бір 

мөлшеріндегі еріген зат мөлшерін айтады.  



Көбіктер  –  дисперстік  фазасы  газ  дисперсиялық  ортасы 

сұйықтық (немесе қатты ) фаза болып келетін дисперстік жүйелер. 



Көбіктің  еселігі  –  көбік  көлемінің  (V

к

)  сұйықтық  көлемінен 



(V

с

) неше есе артық екенін көрсететін шама.β= V



к

/V

с 



Кризистік  температура  –  таза  сұйықтықтар  үшін  ол  сол 

сұйықтықтың абсолютті қайнау температурасы, екі сұйықтық үшін 

олардың өзара еру температурасы.  

Криоскопия  –  ерітіндінің  қату  температурасының  таза 

еріткіштің  қату  температурасынан  төмендеуіне  негізделген  еріген 

заттың молекулалық массасын анықтайтын әдіс. 

Қос  электрлік  қабат  –  қатты  дене  сұйық  фазааралық  бөлу 

беттерінде  пайда  болады.  Ол  потенциал  анықтағыш  ион 

адсорбцияланған  беттен  және  қарама  -  қарсы  зарядталған, 

сұйықтық көлемінде таралған қарсы иондардан тұрады.  



Құрамдастардың  саны  (К)  –  тепе  теңдік  жүйені  құрайтын, 

барлық  фазалардың  түзілуіне  қажетті  құрамдас  бөліктердің  ең  аз 

саны. 


 

441 


 

Лө – Шателье – принципі (тепе теңдіктің ығысу ережесі)  

бағытталған  тепе  –  теңдік  күйдегі  жүйеге  сырттан  әсер  етілсе 

(қысым,  температура  және  т.б.  өзгерсе),  онда  жүйенің  ішінде  сол 

әсерді әлсірететін өздігінен жүретін процестер пайда болады. 



Лиофильдік  дисперстік жүйелер – өздігінен  түзілетін,  сұйық 

дисперсиялық 

ортамен 

жақсы 


әрекеттесетін, 

сондықтан 

термодинамикалық 

тұрғыдан 

қарағанда 

тұрақты 


болатын 

дисперстік жүйелер. 



Лиофобтық  дисперстік  жүйелер  –  өздігінен  түзілмейтін, 

дисперсиялық ортамен әрекеттеспейтін немесе әлсіз әрекеттесетін, 

сондықтан  термодинамикалық  тұрғыдан  қарағанда  тұрақсыз 

болатын дисперстік жүйелер.  



Меншікті бет ауданы – заттың бірлік массасына немесе бірлік 

көлеміне сәйкес келетін беттің ауданы.  



Мицелла  түзілудің  кризистік  концентрациясы  –  мицелла 

түзілетін  БАЗ-ң  ең  аз  концентрациясын  айтады.  Мицелла 

ерітіндідегі  БАЗ-ң  молекулаларымен  термодинамикалық  тепе  – 

теңдік күйде болады. 



Молярлық  электрөткізгіштік  –  бір  бірінен  1  м  қашықтықта 

орналасқан  электродтар  арасындағы  1к  моль  еріген  заты  бар 

ерітіндінің электрөткізгіштігі. 

Монодисперстік  жүйелер  –  дисперстік  фаза  бөлшектерінің 

өлшемі (дисперстілігі) бірдей дисперстік жүйелер. 



Нефелометрия  –  жоғары  дисперстік  жүйелердегі  жарықтың 

шашырау  құбылысына  негізделген,  зольдегі  бөлшектердің  өлшемі 

мен концентрациясын анықтайтын әдіс.  

Опалесценция  –  коллоидтық  ерітінділердегі  жарықтың 

шашырау құбылысы.  



Осмос  –  еріткіш  молекулаларының  еріткіш  көлемінен  жарғақ 

арқылы  ерітіндіге  (немесе  концентрациясы  аз  ерітіндіден  жоғары 

ерітіндіге) өздігінен көшу құбылысы.  

Панет–Фаянс 

ережесі 

– 

иондарының 



таңдамалы 

адсорбциясының  ерекшеліктерін  көрсетеді.  Бұл  ереже  бойынша 

кристал  бетіне  сол  кристалл  торында  болатын  иондар  немесе  сол 

иондармен диссоциацияланбайтын қосылыстар беретін иондар ғана 

адсорбцияланады. 

Пептизация  –  тұнбадағы  дисперстік  фаза  әртүрлі  факторлар 

әсерінен  ұсақ  бөлшектерге  айналатын,  яғни  коагуляцияға  кері 

құбылыс. 


 

442 


 

Полидисперстік  жүйелер  –  дисперстік  фаза  бөлшектерінің 

өлшемі (дисперстілігі) әртүрлі дисперстік жүйелер. 



Полимерлену дәрежесі – макромолекулалардағы қайталанатын 

буындар  саны  (n).  Кез  –  келген  полимер  әртүрлі  полимерлену 

дәрежесі 

болатын 


макромолекулалардан 

тұрады, 


яғни 

полидисперсті болады. 



Полиэлектролиттер  –  ерітіндіде  үлкен  молекулалық  ион 

түзіп,  диссоциацияланатын  ҮМҚ-  ды  полиэлектролитер  (ПЭ)  деп 

атайды. Полиэлектролиттердегі иондардың табиғатына байланысты 

үш 


топқа 

бөлінеді: 

полиқышқылдар, 

полинегіздер, 

полиамфолиттер. 

Процесс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет