Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет34/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   99
Байланысты:
52 (1)

1. Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің? Отбасы, табиғат,  
мектеп үшін қандай жақсылық жасай алатыныңды тізіп жаз.
2.  Жақсылыққа  жамандық  бар  ма?  Осы  сұраққа  жауап  іздей 
отырып оқы.
Баланың айласы
Бiр  ғалым  адам  жапан  далада  келе  жатып,  аяқ 
астындағы бiр үлкен тасқа сүрiнiп жығылыпты. «Бұл 
тас адамға зиян келтiретiн тас екен, жолдан алып таста-
йын» деп ойлады. Сол оймен тасты көтерiп едi, астынан 
сандық шықты. Сандықты ашып едi, iшiнен бiр жылан 
Сурет бойынша мәтінді  
әңгіме лей аласың.
16
жабық сұрақтар
ашық сұрақтар
Жақсылық жасау – борышың
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


46
шығып, ғалымға ұмтылды: «Шағамын», – дедi. Ғалым 
айтты: «Мен сенi қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан 
жарыққа шығардым,  жақсылыққа жамандық бар ма?»
Жылан  айтты:  «Бар».  Ғалым  айтты:  «Олай  болса, 
бiреуге жүгiнелiк, төре саған тисе, шағарсың». Жылан 
да бұл сөзге тоқтады.
Екеуi  келе  жатып,  түйеге  жолықты.  Түйеге  бұлар 
iстерiнiң мәнiсiн айтып едi, түйе айтты: «Жақсылыққа 
жамандық  бар,  не  үшiн  десеңiз,  мен  адамның  қанша 
ауыр  жүгiн,  мүлкiн  тасып,  өзiмше  қызмет  етсем  де, 
адам қай уақытта да шамамнан тысқары жүк артады, 
жүре  алмасам,  ұрып-соғып  ренжiтедi».  Жылан  мұны 
естiп, ғалымның мойнына бiр оралды.
Мұнан шығып, жемiс ағашына келiп жүгiндi. Жемiс 
ағашы: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшiн десеңiз, 
менiң жемiсiммен қанша адам күн көрiп, пайдаланып 
тұрса  да,  жемiсiмдi  қолымен  алмай,  түбiмнен  қатты 
ұрып,  жемiсiмдi  жерге  түсiрiп  алып  жейдi».  Жылан 
ғалымның мойнына тағы бiр оралды.
Одан  кейін  итке  жолығады.  Ит  те  айтты:  «Жақсы-
лыққа жамандық бар, мен күнi-түнi ұйықтамай, иемнiң 
мүлкiн,  малын  бағып  қызмет  қылып  едiм,  ақырында 
мен қартайып, ауру болған соң, ұрып, қуып жiбердi».
жақсылық жасау
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


47
Ғалым айтты: «Ендi тағы бiреуге жүгiнелiк, төре тағы 
саған тисе, шаға бер». Содан шығып, ойнап жүрген бiр 
топ балаға келдi. Iшiнде бiр бала ғалымға сәлем бердi. 
Ғалым  сәлемiн  алып,  сол  балаға  iстiң  жайын  айтты. 
Бала естiп болып:
–  Әй,  ата,  бекер  сөйлейсiң,  осы  қолыңдағы  кiп-
кiшкентай қобдишаға мойныңа үш оралған әйдiк жылан 
сыюшы ма едi? – дейдi. Сонда жылан айтты: «Бұл сөз 
рас», – деп. Бала: «Тiптен нанбаймын, бұл сөзге көзбен 
көрмей, кiсi нанып болмайды», – дедi. Сонда жылан ба-
ланы нандыру үшiн барды да, иiрiлiп манағы қобдишаға 
кiрiп жатты. Бала сонда тарс еткiзiп, сан дықты жа уып, 
бекiттi  де,  ғалымның  қолына  бердi:  «Апарып,  алған 
орныңызға қойыңыз», – дедi.
Ыбырай Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет