Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет69/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

11-тапсырма.  Романның  оқиғасына  байланысты  өз  ойыңды  шағын  эссе 
түрінде жаз. Эсседе шығарманың көркемдікидеялық құндылығына баға 
бер.  Жамалдың  тағдырының  не  себепті  қайғылы  аяқталғанына  назар 
 аудар.
12-тапсырма. Роман бойынша жазылған ғылыми талдауларға сүйене оты
рып,  романның  сюжеті,  автордың  тіл  шеберлігі,  кейіпкерлерінің  ерек
шеліктері  туралы  сыни  пікір  жаз.  (Р.  Нұрғали  құрастырған  «Қазақтың 
100 романы» анықтамалығын пайдалануға болады).
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
(1910–1982)
Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы, 
қазақтың  көрнекті  жазушысы.  Ол  1910  жылы 
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көл
бастау деген жерде туған. Бауыржан Момышұлы 
жеті  жылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін  біраз 
уақыт  мұғалім  болған.  Сонда  жүргенде  кезекті 
әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жа
рым жыл жүріп, командир атағын алады. 
1941  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  басталысы
мен,  Бауыржан  Момышұлы  генералмайор  
И.В.  Пан филовтың  басшылығымен  Алма ты  ма
ңында  жаңадан  жасақталған  316  атқыштар  ди
визиясының құрамында майданға аттанады. Ол батальон, полк ко мандирі 
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардия лық диви
зияны басқарады.
Гвардия  полковнигі  Бауыржан  Момышұлына  1990  жылы  Кеңес 
Одағының  Батыры  деген  жоғары  атақ  берілді.  Момышұлының  қаһар
мандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамск тас
жолы» повесінде жанжақты жазды. Б. Момышұлының өміріне арналған 
Ә.  Нұршайықовтың  «Ақиқат  пен  аңыз»  (1976)  романы  жарық  көрді, 
«Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін 
түсірді. Москва академиялық драма театры Момышұлы туралы «Волоко
ламск тасжолы» спектаклін қойды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір 
түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) 
атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектерін 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


109
орысқазақ  тілдерінде  бірдей  жазды.  Мұнымен  қатар  «Жауынгердің 
тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс 
тілінде),  «Генерал  Панфилов»  (1963,  қазақ  тілінде  –  1966),  «Төлеген 
Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн туса» (1970), 
«Ұшқан  ұя»  (1975),  «Адам  қайраты»  (1981)  т.б.  кітаптары  жарық 
көрді.  Шығармалары  бірнеше  шетел  тілдеріне  аударылды.  Бауыржан 
Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы басылған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.  Бауыржан  Момышұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  басқа 
қандай шығармаларды білесің?
2. Не себепті Бауыржан Момышұлы өз шығармасын «Ұшқан ұя» деп атаған? 
Егер өз отбасыңның тарихын жазсаң, ол шығармаға қандай ат қояр едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет