53
Шешен
данышпан
дана
тапқыр
суырып-
салма
ақылды
білімді
...
...
...
...
...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
14
2. Мәтінді пайдаланып, түсіндіріп көр.
Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ,
Жол анасы – тұяқ.
Сырым шешен
3. Өлеңді тыңда.
Асыл сөз
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем,
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
ата ақылы
асыл сөз
ата сөзі
нақыл сөз
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
15
Асыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Әуес боп жел сөзбенен
Көргенім жоқ мен әлі.
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жүрем әділ жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
Дейтін атам әманда
Мейірімділік – борышың.
Қадірлі қарт адамға
Берем ылғи қол ұшын.
Орындаймын табанда
Тілегінің бәрін де.
Кейде ауырып қалғанда,
Әкеп берем дәрі де.
Атам менің әманда
Бол дейтұғын тілалғыш.
Асыл сөзі санамда –
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де, кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.
Абдырахман Асылбек
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
16
4. Семантикалық картаны толтыр.
Атаның
ақылдары
1-шу-
мақ
2-шу-
мақ
3-шу-
мақ
4-шу-
мақ
5-шу-
мақ
Кішіпейіл бол
Мейірімді бол
Әділетті бол
Үлкенмен
сәлемдес
Тілалғыш бол
5. Атаның ақылын тыңдап, оны сен қалай орындайсың?
Өлең сөзімен жауап бер.
Мысалы, кішіпейіл бол – Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
6. Көркем ойға сәйкес келетін өлеңді бөліктерге бөліп, әр
бөлікке ат қойыңдар. Атауды нақыл сөз түрінде ұсыныңдар.
Күй құдіреті
Шығармадағы көркем ойды
жалғастырасың.
1. Жұмбақты шеш.
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
54
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|