87
6. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке
ие болады. Ол – формальды анықтылық. Оның белгілері, айқын-
дығы, бір мағыналылығы, қысқалылығы.Бұл құқық субьектісінің
не нәрсені істеу болатынын, нені болмайтындығын білуіне
ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау қылмыс.
Құқықтың жүйелілігі–оның тағы бір қасиеті. Заңдарда
жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді
болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып,
қалыптаса ғана қоймай, құқық өзінің борышын орындауға
қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті–оның өзгермелілігі. Қоғамдық
өмір, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары
да өзгерген қатынастарды лайықты лайықты түрде реттеу үшін
өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін
жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты
түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің
баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі әлсіз, біреудің
қабілеті мол, екіншісінікі кем,біреудің отбасы бар, біреуі бойдақ.
Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді.
Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине,
өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтарымен
пайдаланғанда азаматтардың жағдайы бірдей.
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормала-
рының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған
байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу
тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп
есептеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: