Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Азаматтық  іс жүргізу құқығының қайнар



Pdf көрінісі
бет126/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136
 38.1. Азаматтық  іс жүргізу құқығының қайнар 
көздері   
 
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық 
істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін 
нормалар баянды етілген нормативтік актілер болып табылады.
Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі 
сот әділдігін жүзеге асырудың сот органдарына ғана жүктеп, 
сот әділдігін жүзеге асырудасот органдарына ғана жүктеп, сот 
әділдігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда 
істердің  ашық  қаралуын,  заңдылықты  және  т.б.  нығайта 
отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының 
Конституциясы болып табылады.
Азаматтық  іс  жүргізу  құқықтың  келесі  бір  аса  маңызды 
деректемесі  1999жылы  13  шілдеде  қабылданған  Қазақстан 
Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады. 
Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі 
регламенттелген.  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексі  жалпы  және 
ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің  
барлық түрлері мен сатыларына қатысты нормалар енгізілген.
Құқықтың осы саласының нормалары Қазақыстан Респуб-
ликасы Президентінің «Қазақыстан Республикасындағы соттар 
және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылы 20 желтоқсандағы 
конституциялық заң күші бар Жарлығында, «Мемлекеттік баж 
туралы» Заң мен басқа заңдарда баянды етілген. 
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндір-
мелері ерекше орын алды. Ғылымда бір авторлар басшылыққа 
алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санауға 
негіз береді.
Азаматтардың құқтары мен бостандықтарын сот қорғауының 
кеңейтілуі  азаматтық  іс  жүргізу  нормаларын  қамтитын    заң 
актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап аитқанда, сотқа қарасты 
мәселелер материалдық құқтың түрлі салаларының заңдарына 
енгізілген. 


365


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет