Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет123/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
37.1.  Қылмыстық  іс-жүргізудің  және  сот  төрелігінің 
ұғымдары, олардың өзара байланысы
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан 
қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге 
асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық 
қорғау органдары (прокуратура,алдын ала тергеу және анықтама 
жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік 
құқық  қорғау  органдары  мен  соттың  атқаратын  қызметтері 
бірдей емес болғанымен, олардың қызметін сипаттайтын негізгі 
мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, 
қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға 
заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ 
адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын 
жүргізу.   
Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты 
болса да, олардың өкілеттері бірдей емес. Мысалы, алдын ала 
тергеу органдары істелген қылмысты ашып, оны істеген адамды 
әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанның өзінде айыпталушының 
кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға 
құқылы емес. Яғни заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын 
ала тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың 
сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор 
тергеу  органының  жасаған  тұжырыммен  келіскен  жағдайда 
бұл  қылмыстық  істі  тиісті  сотқа  жіберуге  міндетті.  Содан 
кейін  сот  алдын  ала  тергеу  жүргізу  барысында  жиналған 
дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының 


351
келтірген  дәлелдемелерінің  негізінде  сотталушының    кінәлі 
немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау 
жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп бұл қызмет тек қана заңда 
көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс 
жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық 
процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Қылмыстық іс жүргізу түсінігі жөнінде айтқанда, бұл қызметті 
сот, алдын ала жеке тергеу және прокуротура органдары атқарумен 
қатар басқадай жеке тұлғалардың да (азаматтардың) мұндай іс 
жүргізуіне қатысатындықтары ескерілуі қажет. Атап айтқанда, 
сезіктіні,  айыпталушының,  қорғаушының,  жәбірленушінің 
азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың 
өкілдердің қылмыстық іс жүргізуге қатысулары заңда көзделген. 
Бұлар, заң тілімен айтқанда, қылмыстық процесске қатысушылар 
деп аталады және олардың әр қайсысы өз мүдделерін қорғау 
мақсатында тиісті процесуалдық әрекеттер жасай алады. Мысалы, 
жәбірленуші ретінде танылған адам мынадай құқықты қолданып 
қылмыстық іс жүргізуге қатыса алады: жауап беру, дәлелдемелер 
тапсыру тілектер қою, қарсылық білдіру, алдын ала тергеу жүргізу 
аяқталған соң істің барлық матерялдарымен танысу, өкіл алу, 
соттағы  жарыс сөздерге қатысу және т.б
Қылмыстық іс жүргізуге жоғарыда айтылған адамдардан 
басқа да жеке тұлғалардың (маман, сарапшы, аудармашы, куә, 
куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы) қатысулары 
қажет болады және бұл адамдардың да құқықтары мен міндеттері 
заңда көрсетілген.
Мұның  бәрі  қылмыстық  іс  жүргізу  қызметін  атқаратын 
тергеу, прокуротура органдары мен соттың және бұл органдардың 
лауазымды  адамдардың  арасында  құқықтық  қатынастардың 
болатындығын көрсетеді.  Мұндай құқықтық қатынастар бір-
бірімен тығыз байланыста қалыптасады және ол қатынастардың 
болатындығын  қылмыстық  іс  жүргізу  түсінігін  толық  түрде 
тұжырымдағанда ескеруге тиіс.
Сонымен, қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу 
дегеніміз – бұл заңмен реттелген соттың, алдын ала тергеу және 
прокуратура органдарының қылмыстары мен күресуге байланысты 
өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды(азаматтарды) 
қатыстыра  отырып  атқаратын  қызмет  жүйесі,  сондай-ақ  осы 
қызмет саласын да туындап қалыптасатын құқықтық қатынастар 
жүйесі болып табылады.


352
Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін 
жүргізу деп аталады, яғны қылмыстық іс жүргізу кодексінде 
және ғылыми еңбектерде (әдебиетте) де осы екі термин аралас 
қолданылады(орысша: «уголовный процесс» және «уголовное 
судопроизводства»).  Бұл  терминдер  бір-біріне  қайшы  емес, 
олар бір ұғымды білдіреді деп саналады. Себебі – қылмыстық 
іс жүргізу алдын ала тергеу немесе прокурордың қызметімен 
аяқталмайды, қылмыстық әс жүргізудің жалғасы сот қызметін 
түрінде атқарады, яғни әр қылмыстық істі жүргізу бұл істі сотта 
қарап шешумен аяқталады. Сондықтан қылмыстық іс жүргізуді 
«қылмыстық  сот  ісін  жүргізу»  деп  те  атауға  болады.  Яғни, 
«қылмыстық сот ісін жүргізу» немесе «қылмыстық іс жүргізу» сот 
төрелігінін жүзеге асырудың бір түрі болып табылады. Осыдан 
«сот төрелігі» ұғымының «қылмыстық іс жүргізу» ұғымымен 
сәйкес жері көрінеді: қылмыстық істі сотта қарап, шешіу сот 
төрелігіне  жатады.  Бірақ  та  «қылмыстық  іс  жүргізу»  ұғымы 
толық көлемде «сот төрелігі» ұғымымен бірдей емес.
Сот төрелігі дегеніміз – бұл соттың қылмыстық істермен қатар 
басқа да (азаматтық) істерді қарап шешу үшін мемлекет атынан 
атқаратын қызметтің арнайы түрі болып табылады. «Сот төрелігі» 
ұғымының тікелей мағынасы – сот қызметі болып табылады да, 
ал «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы соттың қызметімен қатар 
алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қызметтерін 
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет