37.2. Қылмыстық іс-жүргізу шаралары
Жалпы алғанда, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейін
болатын және істің сотта өтетін кезеңдері ажыратылады.
Дегенмен, қылмыстық іс жүргізуді толық түсіну үшін ол осындай
кезеңдерден тұрады деп қарау жеткіліксіз. Дәлірек айтқанда,
қылмыстық іс жүргізу басқа да бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады. Ол сатылар
былайша аталады: 1) қылмыстық іс қозғау; 2) алдын ала тергеу
( анықтама және алдын ала тергеу); 3) бірінші сатыдағы сотта
іс жүргізу; 4) қассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізу; 5)
үкімді орындау. Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі
сатыларына жатады, яғни,жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық
353
іс осы сатылардан өтеді. Аталған сатыларды қылмыстық іс
жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге болады және олардың
әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар.
Сондықтан ол сатылардың әрқайсысына бөлек тоқталу қажет.
Қылмыстық іс қозғау сатысы. Әр қылмыс бойынша іс
жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәнісі – өкілетті
органдардың, олардың лауазымды адамдарының қылмыстың
белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді басау туралы тез арада
шешім (қаулы) шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы
шешім болса ғана, одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық
көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама
жүргізу арқылы істелген қылмыстын мән-жайларын ашу мүмкін
болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын
алатын тергу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтама органдары)
берілген. Бірақ, заңға сәйкес, кейбір ауыр қылмыстар жөнінде іс
қозғау жәбірленушінің шешуіне берілген, яғни жәбірленуші арыз
береген жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалады. Мұндай істер
жеке айыптау істері деп аталады және ондай істерге жататын
қылмыстардың тізбегі заңда көрсетілген.
Қылмыстық іс қозғау үшін себеп пен негіздің болуы қажет.
Заңға сәйкес, қылмыстық іс қозғаудың себептеріне мыналар
жатады:1) азаматтардың арызы; 2)мемілекеттік органдардың
немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламасы;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар; 4) кінәсін
мойындап келу; 5) қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдардың,
олардың лауазымды адамдарының тікелей өздерінің анықтауы.
Осындай заңда көрсетілген көздерден алынған қылмыс туралы
деректер – қылмыстық іс қозғаудың негізі болады. Қылмыстың
белгілерін көрсететін жеткілікті деректер бар болса, онда қыл-
мыстық іс қозғалуы тиіс. Себеп пен негіздің болуы қылмыстық
іс қозғаудың заңдылығын және дәлелділігін қамтмасыз ету үшін
қажет етіледі.
Алдын ала тергеу сатысы. Бұл ір қылмытық істі тез және толық
ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында
қолданылатын және заңмен реттелген тергеуші мен анықтама
органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмысытық
істерді тергеу екі түрде жүзеге асырлады: 1)анықтама; 2)алдын
ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым көпшілігі бойынша
алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу
354
– қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі болып саналады.
Ал заңда арнайы көрсетілген ауыр емес қылмыстар бойынша
алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және оның орнына
анықтама жүргізіледі. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсідік
комитетінің, ішкі істер және салық полициясы органдарының
тергеушілері жүргізеді. Қылмытық істер бойынша анықтама
жүргізетін органдар да заңда көрсетілген (ішкі істер органдары,
ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы органдары, кеден
органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары, шекара
бөлімдерінің командирлері және т.б.). Анықтама органдарының
жүргізуіне жататын қылмыстар бойынша анықтау қызметін
атқаратын лауазымды адам анықтаушы деп аталады.
Алдын ала тергеу және анықтама қызметі тергеу әрекеттерін
(оқиға болған жерді қарау, жауап алу, тінту, зат алу және т.б.)
қолдану арқылы жүргізледі. Анықтама органдары тергеу әре-
кеттерімен қатар жедел – іздестіру шараларын да қолданып қыл-
мыстарды ашады. Осындай амалдардың нәтижесінде қылмыс
істеген адам анықталса, ол адам айыпталушы реттінде жауапқа
тартылуы тиіс және алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізудің
барысында айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету
қажет.
Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы реттінде жауапқа
тартумен аяқталмайды. Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың
органдарының міндетіне жатады. Ал жалпы ережеге сәйкес
алдын ала тергеу жіргізудің екі нысаны болады: 1) істі қысқарту
(бұл жөнінде тергеуші немесе анықтама органы дәлеледі қаулы
шығарады); 2) айыптау қорытындысын жазу және қылмыстық
істі онымен қосып тиісті прокурорга жіберу. Қылмыстық істің
мән-жайлары толық ашылып, қылмыс істеген адам әшкереленген
болса, онда алдын ала тергеудің барлық материалдарымен
танысып, айыптау қорытындысының тұжырымдарымен келісетін
болса, онда прокурор айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы
жазып, қылмыстық істі негізінен шешу үшін бірінші сатының
тиесілі сотына жібереді.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу стадиясы. Қылмыстық іс
айыптау қорытындысымен прокурордың 1- сатысының сотында
келіп түскен соң жаңа стадия басталады. Алдымен бұл кезде
соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья
істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья
355
қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып
танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу
куезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот
отырысында қарап шешуге жеткілікті болса,онда судья басты сот
талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұдан кейін
осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі. Сөйтіп,
бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу екі кезеңнен тұрады: 1)басты
сот талқылауын тағайындау; 2)басты сот талқылауын жүргізу.
Басты сот талқылауының маңызы – осы арқылы алдын
ала тергеу (анықтама) жүргізу кезінде жиналған және айыптау-
шы мен қорғану жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты
зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төре-
лігі жүзеге асырылады. Ал басты сот талқылауының өзі бес
бөлімнен тұрады: 1) дайындық бөлімі; 2) сот тергеуі; 3) соттағы
жарыссөздер; 4) сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару.
Бұл аталған бөлімдердің әрқайсысының өз маңызы бар және
олар заңмен реттелген түрде жүргізіледі. Атап айтқанда,
дайындық бөлімінде сот отырысына шақырылғандардың
келуі тексеріледі, іске қатысушы адамдарға құқықтары мен
міндеттері түсіндіріледі, олардың тілектері қаралады және
істі осы сот отырысында тындау мүмкіндігі шешіледі. Бұдан
сон жүргізілетін сот тергеуі сотта іс қараудың негізгі орталық
бөлігі болып саналады. Себебі, сот тергеуі кезінде ғана алдын
ала тергеудің материалдары жан-жақты тексеріліп,тараптар
(айыптаушы, қорғаушы) ұсынған дәлелдемелерді жан-жақ-ты
және объективті зерттеудің нәтижесінде соттың үкімі шы-
ғарылады. Сот тергеуі кезінде қаралмаған дәлелдемелер үкім
шығарғанда оған негіз бола алмайды. Сот тергеуі аяқталған
соң төрағалық етуші судья сот жарыссөздері басталатынын
хабарлайды. Бұл жарыс сөздерге мыналар қатысады: айыптаушы,
жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе
олардың өкілдері, сотталушы және қорғаушы. Соттағы жарыс
сөздерге қатысатындар өз сөздерінде істің мән – жайларын және
жиналған дәлелдемелерді әр тұрғыдан қарап, соған сәйкес өз
ұсыныстарын жасай алады. Сондықтан бұл сөздердің маңызын
жоққа шығаруға болмайды. Істің материалдарына негізделген
және мазмұны сөздер судьялардың ішкі сенімінің қалыптасуына,
соттың заңды және дәлелді үкім шығаруына ықпал ете алады.
Заңға сәйкес, жарыссөздер аяқталған соң сотталушының соңғы
356
сөзін тыңдау басты сот талқылауының жеке бөлігі есебінде
қаралады. Сотталушының соңғы сөзін тыңдап, сот үкім шығару
үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Сонымен басты сот талқылауы
үкім шығарумен аяқталады.
Соттың үкімі сотталушының айыптылығы жөнінде мәселенің
шешілуіне қарай екі түрге бөлінеді: айыптау үкімі және ақтау
үкімі.Айыптау үкімі басты сот талқылауының нәтижесінде
сотталушының қылмыс істеудегі айыптылығы толық дәлелденген
жағдайда шығарылады, оны жорамалдарға негіздеуге болмайды.
Ақтау үкімі мынадай жағдайлардың бірінде шығарылады:
1) қылмыстың оқиғасы болмаса, 2) сотталушының әрекетінде
қылмыстың құрамы болмаса, 3) сотталушының қылмыс істеуге
қатысуы дәлелденбесе. Сот үкімді мемлекет атынан шығарады
және ол заңды күшіне енген күннен бастап міндетті түрде
орындалуға тиіс.
Кассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізу стадиясы.
Бұл стадияның негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші
сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылары дұрыстығын
(заңдылығын, дәлелдәгі) екінші саты сотының тез арада тексеріп,
онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақыттында
жою болып табылады. Осындай мақсатпен іс жүргізуге қатысушы
адамдардың (сотталған, ақталған, олардың қорғаушылары, жәбір-
ленуші, азматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың
өкілдері) шағым беру, ал прокуродың наразылық білдіру құқығы
заңда көзделген. Бұл аталған іске қатысатын адамдар шағымды
немесе прокурор наразылыгы үкім жарияланған күннен бастап он
тәулік ішінде, ал қамаудағы сотталған адам оған үкім көшірмесі
табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде бере алады.
Қазіргі қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың заңды
күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарап тексерудің
екі нысаны көзделген: 1) апелляциялық тәртіппен істі қайта қарау;
2) кассациялық тәртіппен істі қайта қарап тексеру. Бұлардың
бір-бірінен мынандай айырмашылықтары бар: біріншіден,
апелляциялық тәртіппен іс жүргізу кассациялық шағын немесе
наразылық бойынша істі тексеруден бұрын болады; екіншіден,
апелляциялық сот біріші сатының соты шығарған үкімінің
дұрыстығын тексере отырып, оны бұзу немесе өзгерту туралы
қаулы шығару өкілеттілігімен қатар бұрынғы үкімді өзгертетін
жаңа үкім де шығара алады және осыған байланысты бұл сотта істі
357
қарау бірінші сатының сотына ұқсас түрде жүргізіледі (сот тергеуі
түрінде дәлелдемелер тікелей зерттеледі), ал кассациялық сот
жаңа үкім шығармайды және мұнда бірінші сатының соты сияқты
сот тергеуі жүргізілмейді, бірақта материалдарды мұқият, жан-
жақты тексерудің негізінде бұрын шығарылған үкімді бұзу немесе
өзгерту жөнінде қаулы шығара алады; үшіншіден, апелляциялық
шағымдануға немесе наразылық білдәруге аудандық және оған
теңестірілген соттардың үкімдері мен қаулылары жатады, ал
кассациялық шағымды немесе наразылықты аудандық, облыстық
және Жоғарғы соттың үкімдері мен қаулыларына сонымен қатар
облыстық соттың апелляциялық үкіміне беруге болады.
Қорыта айтқанда, кассациялық (апелляциялық) сатыда іс
жүргізудің екі жақты маңызы бар. Бір жағынан, бұл стадияны
іске қатсатын адамдардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың қосымша кепілдігі деп санауға болады. Екінші жағынан,
бұл стадия бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қызметтінің сапасын
арттыруға және оның заңдылығын нығайтуға ықпал етеді.
Үкімді орындау сатысы.Үкімді орындау қылмыстық іс
жүргізудің соңғы садиясы болып саналады.
Үкімді орындау бірнеше органдардың қатысуымен ат-
қарылады (сот, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет
министірлігінің органдары). Олардың бұл қызметке қатысуы сот
тағайындаған жазалау шарасына және оның басқада қылмыстық
іс бойынша шығарған шешімдеріне байланысты болып табылады.
Үкім заңды күшіне енген соң орындалуга тиіс. Ол кассациялық
(апелляциялық) шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі
өткен соң, ал егер үкімге шағым немесе наразылық берілген
болса, онда кассациялық (апеляциялық) саты сотының қаулысы
шыққан кезден бастап заңды күшіне енеді. Сол сияқты заңды
күшіне енген соттың қаулыларында орындалуы міндетті.
Үкімді орындату, басқаша айтқанда оны орындауға кірісу, істі
қараған бірінші сатының сотына жүктеледі. Мұның мәні мынадай:
судья үкімді орындау туралы нұсқауын (распоряжение) үкімнің
көшірмесімен бірге тиісті органға, яғни үкімді орындау міндеті
жүктелген мекемеге жібереді. Мысалы, егерде сотталушыға
бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болса, онда
судья үкімді орындау жөнінде нұсқауын сотталғандарда қамауға
ұстайтын жердің бастығы атына жіберуге тиіс. Осы нұсқаға сәйкес
аталған мекеме өз міндетін атқарып, үкімнің орындалғандығы
358
жөнінде тез арада үкім шығарған сотқа хабарлайды. Ал сот
үкімінің орындалғандығын біліп отыруға тиіс.
Үкімді орындау міндетін кей кездерде үкім шығарған соттың
өзі атқарады. Яғни, атқару үкімі немесе жазадан босататын
үкім шығарылса, онда сот өз үкімін дереу орындап, қамауда
ұсталған сотталушыны осы жерде босатады.
Үкімнің және сот қаулыларының заңды түрде орындалуын
қамтамасыз етудің маңызды бір кепілдігі – прокуратуралық
қадағалау болып табылады және бұл жөнінде прокурорға тиісті
өкілеттік берілген.
Қылмыстық процесте жоғарыда қаралған негізгі стадиялармен
қатар екі ерекше стадиялар да қолданылады. Олар: 1) қадағалау
сатысында іс жүргізу; 2) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша
іс жүргізді қайта бастау. Бұл стадияларды қолданудың негізгі
мақсаты – заңды күшіне енген шешімдерін (үкімдері мен қауымы)
қайта қарап тексеру, тексеру мүмкіндігін шығарады. Осыдан
қадағалау іс жүргізудің сатысы іс жүргізуден айырмашылығын
көрсетеді. Яғни, бұрын айтылғандай, кассациялық сатыда заңды
күшіне енбеген бірінші саты соты үкімдерімен қалуларына
дұрыстығы тексеріледі.
Қадағалау сатысында іс жүргізу басқаша сөзбен «қадағалау
тәртібімен іс жүргізу» депте аталады. Бұл сатыға жататын соттар:
облыстық соттың және оған теңестірілген соттың Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы, президимему
және пленумы .
Қадағалау сатысында іс жүргізу процесске қатысушы адам-
дардың заңды күшіне енген соттың үкіміне (қаулысына ) берген
шағымы немесе өкілетті прокурордың наразылық білдіруіне
байланысты болады (мұндай наразылық білдіруіне байланысты
өкілетті мына прокурорларға берілген: Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар
мен оларға теңестірілген прокурорлар). Бірақ та іске қатысушы
адамдардың шағым беруімен прокурордың наралылық білдіруінің
салдары бірдей емес. Егер де прокурор заңды күшіне енген
үкімге наразылық білдірсе, онда бұл наразылық бойынша іс
міндетті түрде қадағалау стадиясының сотының қайта қарауға
жатады. Ал іске қатысушы адам шағым берсе, онда бұл істің
қадағалау стадиясын да қайта қаралуы міндетті емес. Ол шағымды
тиісті қадағалау сатысын соттың мүшелері (үш судья) алдын ала
359
тексеріп, істі осы сатыда қарау негізі бар деп шешім шығарса ғана
бұл іс бойынша шығарылған үкім (қаулы қадағалау) тәртібімен
қайта қадағалайды.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта
бастау сатысы.Бұл стадия заңды күшіне енген соттың үкімдері
мен қаулыларын қайта қараудың бір түрі болып табылады және
осы тұрғыда алғанда қараулар сатысын да іс жүргізу стадиясымен
ұқсас деп қарауға жатады. Бірақта оларды бір-бірімен ажырата
білу керек қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадиясын да үкімнің
(қаулының) заңсыздығы немесе дәлелсіздігі осы қылмыстық
істің материалдары ішінен табылады, ал жаңадан ашылған мән-
жайлар бойынша істі қайта бастау стадиясында заңды күшіне
енген үкімнің немесе сот қаулысының дұрыс еместігі бұрын іс
қаралған кезде белгісіз болған мән-жайлардан шығады (мысалы:
үкім шығару кезінде сотқа беймәлім болған куәнің немесе
жәбірленушінің жауаптарының көріну жалғандағы; сотталған
адамның айыпсыздығын немесе ақталған адамның айыптылығын
көрсететін өзге де мән-жайлар).
Жаңадан ашылған мән-жайлар іс жүргізуді қозғау прокурор-
дың өкілеттілігіне жатады. Егерде прокурор осындай мән-жай-
лардың болғандығын анықтаса, онда ол бұл жөнінде қорытынды
жазып, істі тиісті қадағалау сатысына жібереді. Яғни, жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау мәселесін
қадағалау сатысының соты шешеді. Бұл сот жаңа мән-жайлар
болмаған деп санап, прокурордың қорытындысын қарау, яғни
нәтижесіз қалдыру жөнінде қаулы шығару мүмкін немесе жаңа
мән-жайлар анықталса да олар бұрынғы сот шығарған үкімнің
дұрыстығына әсер етпеген деп тауып, прокурордың қорытындысы
қайыра алады. Ал прокурордың тұжырымдарымен келіскен
жағдайда қадағалау сатысының соты бұрынғы үкімді (қаулыны)
бұзып істі жаңадан тергеуге немесе сотта қарауға жіберу туралы
немесе үкімді бұзып, істі қысқарту туралы қаулы шығарады.
Қорыта айтқанда, қаралған стадиялар қылмыстық іс жүргізу
қызметін толық қамтып көрсетеді және олар қылмыстық іс
жүргізу пәнінің ерекше бөлімін құрайды. Сонымен қатар, бұл
пәнге жататын басқа да маңызды және барлық стадияларға
ортақ мәселелердің бар екендігін ескеру қажет болды. Олар –
қылмыстық іс жүргізу пәнінің жалпы бөліміне жататын мәселелер:
қылмыстық іс жүргізу принциптері, мемлекеттік құқық қорғау
360
органдары мен олардың лауазымды адамдарының өкілеттері, іс
жүргізуге қатысушы жеке түлғалардың құқықтары мен міндеттері,
қылмыстық іс бойынша қолданылатын дәлелдемелер, бұлтартпау
шаралары және т.б.
Аталған және олармен байланысты басқа да қажетті
ережелер толық көлемде қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13 желтоқсанында
қабылданған қылмыстық іс жүргізу кодексінде қамтылған. Бұл
кодексте белгіленген қылмыстық іс жүргізу тәртібі барлық
қылмыстық істер бойынша және барлық соттар, прокуратура
және алдын ала тергеу органдары үшін біртұтас міндетті тәртіп
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |