Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 НОРМАТИВТІК  РЕТТЕУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет18/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

2.2  НОРМАТИВТІК  РЕТТЕУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚҰҚЫҚТЫҢ  ОРНЫ
Адам қоғамында  сан алуан қатынастар, яғни байланыстар 
туындайды.Осы  қатынастарды  реттеу,    тәртіптік    ережелер, 
қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз  мінез- 
құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері үлгісі эталоны.
Нормативті реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін 
нормалардан тұрады.  Олар әлеуметтік және әлеуметтік техникалық 
нормаларға бөлінеді.
Қоғамның  әлеуметтік  нормалары  дегеніміз–қоғамдық 
қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе 
мемлекеттің  мәжбүрлеуімен қаматамасыз  етілетін, қоғамдағы 
адамдардың  мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары  ережелерінің жүйе-
сі.  Әлеуметтік    нормаларға  жататындар    құқық    нормалары, 
мораль,  имандылық, өнеге  нормалары,  қоғамдық ұйымдар  
(корпoрoтивтік) нормалары, әдет-ғұрыптар дін нормалары және 
т.б.
Әлеуметтік  техникалық  нормалар–техникалық  құралдар 
пайдалану, қолдану ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар, 
агрономиялық нормалар және т.б.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және  қамтамасыз ету тәсілдері 
бойынша ерекшеленеді.Мысалы, құқық нормаларын мемлекет 
белгілейді  және  қамтамасыз  етеді,  имандылық,  әдет-ғұрып 
нормалары қоғам өмірімен туындайды,  және қоғам  пікірімен 
адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі . Діни нормалар, 
діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-
сезімімен қамтамасыз етіледі.
Жазалау тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық 
түрде бөлінеді.Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар 
ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары 
әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар   ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз,адамдардың қарым-қатынасын рет-
тейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық,экономикалық  
факторларға    байланысты  тарихи    қалыптасқан,  жазылмаған  
мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан  ұрпаққа ауысып, 
адамдардың  сана-сезіміне  ананың  сүтімен,  қауым    өмірінің 
үлгісімен  сіңісіп,  адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін 
бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында 
әдет-ғұрыптар,дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.


85
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әртүрлі дәрежеде сақталған. 
Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет