Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет20/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

2.4 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтын 
пайда болуы мен, оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы 
күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы 
күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың бүкіл 
халықтың  ер-жігері және ең соңында қоғамның материалдық 
тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді.
Сондай бола тұрса да құқық негіздері ұғымының тар мағынасы 


88
да бар. Заң ғылымында құқық негіздері дегеніміз қоғамдық қа-
тынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей 
міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте  құқық  негіздері  төрт  түрге  бөлінеді:  құқықтық  
әдеттер, сот президенттері құқықтық келісім-шарттар, норма-
тивтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер  қоғам өмірімен шыққан , адамдардың 
қарым-қатынасын  реттейтін,  мемлекет    күшімен  қамтамасыз 
етілетін  ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық 
қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы»(XVғ), «Есім ханның 
ескі  жолы»  (ХVғ)    Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы»  (ХVIIIғ). 
Сонымен  қатар  қазақ  қоғамында  билердің    үлгі  шешімдері  
де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан 
қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда 
күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. ХХғасырда  
билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар 
жазылып,  нормативтік  актілер ретінде пайдаланылған. Солар-
мен  қатар  қазақ  қоғамында  ежелден  қалыптасқан  құқытық 
қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті  жоғары мемлекет сот  органдары қабыл-
даған нақты шешім.Осы шешім төменгі мемлекет сот органдарына 
ұқсас істерді шешкенде  негіз болады.  Құқық прецедентінің 
шыққан елі–Англия.Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, 
АҚШ, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі 
болып табылады.
Құқықтық келісімшарт екі немесе көп жақтың өз еркімен 
жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз 
етілетін келісімшарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісімшарттар  халықаралық 
қатынастарда құқықтың  негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер құқықтың ең басты қайнар 
көзі негізі  ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті  мемлекеттік органдар ресми 
турде  қабылданған  ,  жалпы  ережелерден  тұратын,  қоғамдық 
қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей  міндетті құжат, яғни 
акті.


89
Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасында  ұлттық  құқық  тек 
қана нормативтік актілер арқылы қалыптысуда. Құқықтың нәр 
алатын бастауы–Қазақстан  Республикасының  Конституциясы. 
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және  Республиканың 
бүкіл  аумағында    ол  тікелей    қолданылады.  Одан  төмен  –
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды 
реттейді.  Одан  кейінгі –жай заңдар. Конституциялық және жай 
заңдарды  Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір 
жылдан аспайтын  мерзімге заң шығару өкілеттіліген беруге 
қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші 
бар  Жарлық  шығаруға  қақылы.  Президент  өз  өкілеттілігіне 
жататын мәселелер бойынша нормативтік Жарлық шығарады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер 
бойынша  Республиканың бүкіл аумағында міндетті  күші бар 
қаулылар  шығарады.Конституциялық  Кеңес  өз  құзырындағы 
мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға  құқылы. 
Ол Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты да құзырында 
жататын  мәселелер бойынша  нормативті қаулылар  қабылдауға 
құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет