Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Конституцияның заңдық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет29/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136
3.3 Конституцияның заңдық қасиеттері
Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше 
белгілерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап 
көрсетілгендей  тек  Конституцияда  ғана  мемлекеттік  мем-
лекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі қағидаттары ,Қазақстан 
Республикасының  біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық 
және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылғандығы ,мемлекеттік 
биліктің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді.


111
Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік 
жәнеқоғамдық  органдардың  өзге  актілеріне  де,соның  ішінде 
басқа  заңдарға  да  қатысты  ең  жоғары  заңдық  күші  болады. 
Мемлекеттік  органдардың    өзге  актілері,  барлық  заңдар 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының    негізінде  және 
соған сәйкес,   сол белгілеген  рәсім бойынша қабылданады. 
Мемлекетіміз жасасатын халықаралық  келісімдер де Қазақстан 
Республикасына сәйкес жасалынуы тиіс. Қолданылып  жүрген 
нормалар Конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда 
соңғысы  қолданылады,өйткені  басқа  нормалар  осыған  сай 
келтірілуге тиіс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетін 
заңдар жән еөзге актілердің заңдық күші болмайды. Яғни, кез 
келген демократиялық құқықтық  мемлекеттегі ағымдағы заңдар 
құқықтың базалық көзі ретінде Конституцияға негізделеді және 
оның әдісі мен рухына сай келуге тиіс.Конституцияның нормалары 
ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкін. Алайда,ағымдағы 
заңдар Конституцияның шеңберінен шығып кетпеуге тиіс және 
Конституциялық нұсқамалар  мазмұнын өзгертпеуге тиіс.Кез 
келген құқықтық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған 
қайшы келуі бұл құқықтық актіні заңдық күшінен айырады,оны 
жарамсыз  етеді.  Бұл  Қазақстан  Республикасында  құқықтық 
мемлекет құрудың аса маңызды шарты.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  жоғары 
тұратындығын арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Респуб-
ликасының    Конституциялық  Кеңесі  қамтамасыз  етеді.Конс-
титуциялық Кеңестің қорытынды шешімі ол қабылданған күннен 
бастап күшіне енеді, және Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында құқықтың барлық субъектілері үшін міндетті болып 
табылады,  бұл  шешім  түпкілікті  және  оған  шағым  жасауға 
болмайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды  шешім қа-
былдауы жеке және заңды тұлғалар үшін заңдық салдар тудырады. 
Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабына 
сәйкес  Қазақстан    Республикасының    Конституциясына  сай 
келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол 
қойылуға жатпайды немесе тиісінше бекітілуге және күшіне 
енгізілуге тиісті емес. Заңдарды Конституцияға сай келеді деп 
тану,  оларға қол қою мерзімінің басталғандығын  білдіреді. 
Конституцияда баянды етілген адам мен азаматтың құқықтары 
мен бостандықтарын тарылтады деп танылған заңдар, немесе  


112
өзге нормативтік құқықтық актілер күшін жояды және қолданудан 
алынып  тасталады.Осындай  заңға  немесе  өзге  нормативтік 
құқықтық актіге негізделген соттар мен өзге де құқық қолданушы 
органдарды шешімдері орындалуға жатпайды.
Ақыр аяғында,Қазақстан Республикасының Конституциясы 
тұрақтылық қасиетімен  ерекшеленеді. Негізгі заң ретінде оған 
өзгеріс енгізу тәртібі де ерекше сипатта болады , бұл тәртіп 
Конституцияның  өзінде белгіленеді. Мәселен, 91-баптың   І тар-
мағына сәйкес Қазақстан  Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Республика  Президентінің 
өз  бастамасымен,  Парламенттің  немесе  Үкіметтің  ұсынысы 
мен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық 
референдумда  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Егер  Президент 
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Парламенттің қарауына 
беруді  ұйғарса,  өзгерістер  мен  толықтырулардың  жобасы 
республикалық  референдумға  шығарылмайды.Бұл  жағдайда 
Парламенттің  шешімі  Конституцияда  белгіленген  тәртіп-                     
пен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/2 даусымен 
қабылданады.
Ал  егер  де,  Республика  Президенті    Конституцияға 
өзгерістер  мен  толықтыру  енгізу  мәселелері  бойынша  рес-
публикалық  референдумға шығару туралы Парламенттің ұсы-
нысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының 
әрқайсысының  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  бестен 
төртінің  көпшілік  даусымен    Парламент  осы  өзгерістер  мен 
толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға 
хақылы.Мұндай  жағдайда  Республика  Президенті  осы  заңға 
қол қояды,  немесе оны референдумға  қатысуға құқығы бар,   
Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге 
қатысса, ол өткізілді деп есептеледі,ал егер де осылардың  жар-
тысынан астамы жақтап дауыс берсе,қабылданды деп есептеледі.
Бұл ерекшелік те оны жай ағымдағы заңдардан сапалық жағынан 
ерекшелендіріп тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Республиканың 
бүкіл аумағында тікелей және тура қолданылады. Бұл консти-
туциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік құқықтық 
актілер нормаларынан үстемдігін белгілейтін Конституциядағы 
4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туын-
дайды. Осындай конституциялық ережеге сәйкес,соттар іс қара-


113
ғанда барлық қажетті жағдайда  Республика Конституциясын  
тікелей  күші  бар  акт  ретінде  қолданғандары  дұрыс.Өйткені 
конституциялық қағидалар күшін әрі қарай дамытуға,  немесе 
басқа да құқықтық актілерді тәптіштеуге байланысты,  қосымша 
нормативтік актілерді қабылдауға болмайды. Мұндай тәртіпті 
барлық  құқықтық  субъектілер  орындауға  тиіс.Егер  олай  іс-
темесе  онда  олардың    іс-әрекеттері  құқық  бұзушылық  деп 
есептеліп, кінәлі адамдар тиісті жазаға тартылуы мүмкін.Бұл 
Конституцияның  басқа құқықтық актілерге қатысты және заң-
дармен салыстырғанда республиканың бүкіл аумағында жоғары 
тұратындығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет