119
Азамат ұғымы публистикалық мағынасында жиі қолданы-
лады, ол адам – өз Отанының ұлы (немесе қызы) деген ұғым
білдіреді. Басқаша мағынасында бұл ұғым адамның кез келген
мемлекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста
екендігін аңғартады (мәселен адамның монархиялық мемлекетпен
құқықтық байланысы «бодан» ұғымымен сипатталады). Оның
тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет
азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе,
ал азаматтар заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды
және өзге де міндетті төлемдерді төлеу т.с.с. жүзеге асырады.
Жаңа Конституцияда «азамат» термині қолданылған кезде
Қазақстан Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Мәселен
мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан
аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып
табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе
азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары
мен бостандықтарының сол мемлекет азаматтарына қарағанда
аздығы–мысалы,кейбір саяси және әлеуметтік – экономикалық
құқықтардың, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер
қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне
болмайтындығы. Жалпы алғанда, Конституцияда заңдарда және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген
құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер
атқарады ( 12-бап, 4-тармақ).
Адамның өмір сүру құқығын іс жүзіне асырған кезде оның
туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қасиеттеріне ие
болуы міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзіне асырған
кезде
адамның тұлға,азамат болуы шарт.
Адамның жиынтық заңдық атауы түрінде азамат ұғымы
Аристотель заманынан бері белгілі. Ежелгі орыс тілінде «азамат»
сөзі қалалық тұрғынды айқындау үшін қолданылған. XVII
ғасырдың аяғынан бастап бұл сөз қалалық тұрғындар жөнінде
ғана емес, осы мемлекеттің кез келген тұрғынына қолданылатын
болды.
Қазіргі қазақ,орыс тілдеріне азамат сөзі осы мемлекеттің
тұрақты халқына жататын, заңда белгіленген барлық құқықтарды
пайдаланып, сондай-ақ барлық міндеттерді орындайтын адам-
ға қатысты айтылады. Сөздің осы аталған мәні Қазақстан
120
Республикасының азаматтығы туралы (1991 жыл желтоқсан
20-сы ) Заңның негізінде алынды.
Достарыңызбен бөлісу: