Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет52/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
8.1.Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқық – Қазақстан Републикасы құқық жүйесінің 
ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қаты-
настарды    реттейтін,  мемлекеттің  ,аппараттың  тәртіптелген 
бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің 
бірі болып табылады.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу 
қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екен-
дігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар 
арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін 
қанағаттандыру  және  де  азаматтардың  өміріне  қалыпты 
жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-
мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге 
асырып отырады.


187
Мемлекеттік  басқаруды  жетілдіруде,  оның  тиімділігін 
және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері  үшін 
азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік 
құқық маңызды рөл атқарады.Оның көмегімен қоғамдық өмірдің 
әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік 
басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орын-
далуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік  -құқық  азаматтардың  мемлекетті  басқаруға 
қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді.
Өкілетті  органдар  мен  лауазымды  адамдар  үшін  де,  сондай-
ақ  қатардағы  азаматтар  үшін  тиісті  мінез-құлық  (жүріс-тұ-
рыс)  ережелерін  тағайындайды.  Оның  көмегімен  Қазақстан 
Республикасында құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі 
және әкімшілік-құқықтық қатыныстарға барлық қатысушылардың 
құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, 
күрделі  құрылыс,  ауыл  шаруашылығы  мен  агроөнеркәсіп 
комплексі,  көлік  пен  байланыс,  қоршаған  табиғи  орта  мен 
табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 
халыққа тұрмыстық қызметін көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік 
құрылыс (білім, денсалық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік 
қорғау,  дене  тәрбиесі  және  спорт),  әкімшілік-саяси  құрылыс 
(қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) 
саласында мемелекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты 
пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын 
реттейді.
Қазіргі кезеңдегі әкімшілік-құқықтың негізгі проблемала-
рының бірі – өкіметтің орталық  органдары мен жергілікті орган-
дарының арасындағы біріне-бірінің бағыныштылығы мен өзара 
бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы 
болып отыр.
Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбе-
гейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Қазақстан  –  2030» 
жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.
Құқық  қорғау  мәніндегі  әкімшілік  құралдардың,  яғни 
мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті 
сақтауға жасалатын бақылау-қадағалау қызметінің маңызы арта 
түсуде.


188
Прогрессивтік  қайта  құру  барысында  қабылданған  заң-
дардың  барлығы    бірдей және барлық жерде түгелдей орындала 
бермейтіндігі, оларды  теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, 
мемлекеттік аппаратқа терең  тамыр жайған құқықтық мойын 
сұнбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.
Қазіргі кезде ең қауіпті құбылыс – бұл қоғамдық өмірдің 
барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас 
жемқорлық.  Ол  қоғамның  барлық  салаларына,  мемлекеттің 
конституциялық негіздеріне қатер төндіреді.
Сондықтан  мемлекеттік  басқару  қызметінде  жағымсыз 
факторларды жою және билік пұрсаты мен қызмет бабын теріс 
пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жылдары қабылдаған 
құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының 
қылмыстық кодексінің «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдардың ерекше маңызы 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет