Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Мемлекеттік шығыстардың құқықтық негіздері



Pdf көрінісі
бет75/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

1.6.Мемлекеттік шығыстардың құқықтық негіздері
Мемлекеттік шығыстардың нысаналы бағыты және тізбесі 
республикалық бюджетте бюджеттік жіктеу(топтастыру) арқылы 
айқындалады. Бюджеттің жіктелуі функционалдық, ведомствалық 
және экономикалық сипаттамасы бойынша бюджетке түсетін 
түсімдермен бюджеттің жұмсалатын шығыстарды топтастыру 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Демек,  мемлекеттік  шығыстар 
тарапына жиыстырылған ақша қорларымен, яғни мемлекеттік 
кірістер мен байланысты болатынын көреміз.
Сонымен  мемлекеттік  шығыс  деп,  мемлекеттің  өзіне 
жүктелген  функциялары  мен  міндеттері  жүзеге  асыру 
кезінде жұмасалатын ақша қаражаттарын айтамыз. Осы ақша 
қаражаттары қажетті мақсат бағыттарға мемлекет тарапынан 
үзбей пайдаланылады.
Қаражаттардың  ең  басты  жұмсалу  көзі  бюджет  болып 
табылады. Бюджеттен басқа мемлекеттік шығыстарға жұмса-
латын  ақша  қаражаттары  мемлекеттік  кәсіпорындар  мен 
бірлестіктерден, мемлекеттік банктерден, мемлекеттік сақтандыру 
компанияларынан және бюджеттен тыс қорлардан алынады.
Мемлекеттік шыгыстардың құқықтық негіздері(бюджет жүйесі 
туралы), бюджет туралы және әр бөлек бюджеттен тыс қорлар 
туралы заңдар және т.б. нормативтік актілер болып табылады. 
Негізінде  мемлекеттік  шығыстардың  ұғымын  кең  мағынада 
түсінуіміз қажет. Жоғарыда айтылып өткеніміздей, мемлекеттік 
шығыс  мемлекеттің  біріктірілген  қаржылық  байланысының 
шығыстарымен басқада мемлекеттік құрылымдардың шығыс-
тарын қамтиды. Мемлекеттік шығыстардың бағыттары нақты 
кезеңде  мемлекет  алдында  тұрған  мәселелерге  байланысты 
анықталады. Осы шығыстардың екі мағынасы бар: 1) ақшалай 
кірістерді  олардың  мақсат-бағыттары  бойынша  пайдалану;                      
2) бөлу сипатындағы шығыстар. Шығыстардың бірінші мағынасы 
айырбас процесінде жұмсалатын ақша қаражаттары туралы болса, 
екінші мағынасы мемлекеттік қаржыларды жалпы мемлекеттік 
мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, қайтарылмайтын негізінде 
жұмсау болып табылады.


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет