Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері



Pdf көрінісі
бет71/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

15.2Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
Қаржылық  бақылау  мемлекеттің  қаржылық  қызметінің 
түрі  ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория 
ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы 
бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, 
бөлу және пайдаланылуын  ұйымдастыру процестерінің заңды 
негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге  
асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен  қатар,  осы  қаржылық  қызмет  аясындағы  уәкі-
летті  қаржылық  органдардың  қызметтеріне  де  бақылау  жүр-
гізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың  ұғымы екі тұрғыдан 
түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын 
қалыптастыру,  бөлу  және  мемлекеттің  ақша  қаражаттарын 
пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес 
жүргізілуін тексеруді айтамыз.
Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметте 
қатысушылардың өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын 


246
тексеру  жөніндегі  мемлекеттік  уәкілетті  органдардын  іс-
қимылдары болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: 
қаржылық  қызметтің  барысында  заңдылықтың  сақталуын 
қамтамасыз ету;  мемлекеттің ақша қаражаттарының  орынды 
және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен  
ұйымдардың  мемлекет алдындағы қаржылық  міндеттемелерінің 
орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың 
қаржылық    операцияларының  тиімді  және  белгілі  мақсатқа 
сәйкес  жүргізілуін  тексеру;  мемлекеттік  емес  шаруашылық  
субъектілерінің  ақшалай  оператцияларының  заңды  негізде 
жүзеге  асырылуын  тексеру;    қаржылық  тәртіптің  сақталуын 
қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың 
алдын алу және жою.
Қаржылық бақылау әр түрге негіздер бойынша мынадай 
түрге бөлінеді:
1)Нысандар бойынша: а)Тікелей бақылау; б)Жанама бақылау;
Тікелей бақылау нақты бақылау  объектісі мен объектісі 
аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау 
құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.
2)Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
а)алдын-ала  қаржылық бақылау;
ә)ағымдағы қаржылық бақылау ; 
б)кейінгі қаржылық бақылау.
Алдын ала қаржылық бақылау  қандай да болмасын  қар-
жылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескерпе 
бақылау ;
Ағымдағы қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық 
шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;
Кейінгі қаржылық бақылау  қаржылық міндеттерін сапалы  
орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған 
фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық  шаралар жүргізгеннен 
кейін жүзеге асырылатын  бақылау.
3) Субъектілері  бойынша: арнайы және функциялық қаржы-
лық бақылау.
а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уәкілетті  
оргындары    жүзеге  асыратын  бақылау    (мысалы,  Қазақстан 
Респубикасының Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық  
Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б) 


247
ә)функциялық  қаржылық  бақылау  мемлекеттік  органдар 
жүзеге асыратын және оар үшін қаржылық қызмет пенқаржылық 
бақылау  қызметтерінің  бір  бағыты  ретінде  көрініс  табатын 
бақылау.
4) Қаржылық бақылау аясына байланысты: а) бюджеттік 
бақылау; ә)банктік бақылау; б) сақтандыру бақылауы; в)валюталық 
бақылау; г)салықтық бақылау; д)қаржылық-шаруашылық бақы-
лауы болып бөлінеді.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру: 1.Ревизия; 2.Алғашқы 
ақша  құжаттарын тексеру; 3.Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі 
жазуларды тексеру; 4.Статистикалық және бухгалтерлік есеп-
теулерді тексеру; 5.Жоспарлар мен сметаларды тексеру; 6. Тек-
серу кезінде туындаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар  
мен материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардан жазбаша 
түсініктемелер алу;  7. Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын 
және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу;  8.Банктер 
мен басқа да есеп айырысу мемекеттеріне ресми сұраныс жасау;  
9. Құқық қорғау оргындары мен соттардан түскен ақпараттарға 
талдау жасау.
Осы қаржылық бақылау әдістерінің ішіндегі ең бастысы  
ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін объектілердің 
қаржылық-шаруашлық  қызметтерін мұқият зерделеу арқылы 
олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды  жүргізілген 
тексеруді айтамыз.
Ревизия жүргізу кезінде мына келесідей әдістер қолданылады: 
1. Тексеру объектісі бойынша құжаттық тексеру;факті бойынша, 
яғни  жасалған  жұмыстың  көлемі  мен  сапасын,  тауарлық  –
материалдық құндылықтардық бар жоқтығын тексеру . 2.тексеру 
объектісінің қамтылуы бойынша толық, жаппай тексеру; ішінара  
іріктеп тексеру.  3.ұйымдастырылуы бойынша жоспарды тексер; 
жоспардан тыс тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет