Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Мемлекеттік және банктік несие



Pdf көрінісі
бет76/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

15.7.Мемлекеттік және банктік несие
Мемлекеттік несие (кредит) негізінен бюджеттік тапшылықты 
жою мақсатында қосымша каржылық ресурстарды қалыптастыру 
жөнінде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызмет болып 
табылады. Мемлекеттік несие екі түрге бөлінеді:
А) ішкі мемлекеттік заемдар   
 
 
 
        Б) сыртқы мемлекеттік заемдар
Ішкі  мемлекеттік  заемдарды  ерікті,  қайтарымды  және 
ақылы түде жеке және заңды тұлғалардан алу кезінде мемлекет 
борышқор, ал тұлғалар қарыз беруші болып есептеледі. Сыртқы 
мемлекеттік заемдар барысында мемлекет қарыз алушы немесе 
қарыз беруші ретінде болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің тағы 
бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уакытта тиісті бюджеттің 
кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік несиені 
2 тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар 
ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретінде 
мемлекеттік несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың 
еқша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы 
тірде және қайтарымды негізде бюджет тартуына байланысты 
туындайтын экономикалық қатынастардын жүйесін айтамыз. 
Ал құқықтық категория ретінде мемлекеттік несие дегеніміз, 
бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және 
ақша айналымын реттеу мақсатында, ерікті, ақылы, қайтарымды, 
мерзімді  негізде  мемлекеттің  заңды  және  жеке  тұлғалардың 
уақытша бос ақша қаражаттарын бюджетке жұмылдыру бары-
сындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік заемдар обли-
гация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер 
нысанында болады.
Енді  банктік  несие  немесе  мемлекеттік  кредиттеу  тура-
лы. Мемлекетімізде 1 деңгейдегі Ұлттық Банктен басқа екін-
ші  деңгейдегі  мемлекеттік  банктерде  (өзге  банктерде)  бар 
екенін білеміз. Осы мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын 
қызметтерінің ішінде ең бастысы несиелеу, яғни банктік сауда 
беру болып табылады. Мемлекеттік банктер мемлекеттің қар-
жылық-несиелік органдары болғандықтан оз қызметтерін жүзеге 
асыру  барысында  мемлекет  мүддесін  көздейді,  ал  табатын 
табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын 
қалыптастырады.


255
Сонымен  банктік  несие  (кредиттеу)  деп  ,  несие  беруші 
банктің қарыз алушы тұлғаға өзінің саудалық қорынан ақша 
қаражаттарын белгілі мерзімге, ақылы түрде және қайтарымды 
негізде уакытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктің несие беру 
тек кредиттік шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік 
шарт дегеніміз, банктік сауда беру жөнінде қарыз беруші банк 
пен қарыз алушы арасында жасалатын келісім.
Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар 
басшылыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық,материалдық, 
қамтамасыз етілуі, қайтарымдылық: мерзімдік: ақылық. Қарыз 
алушы тұлғалар (борышқорлар) банктік сауданы пайдаланғандары 
үшін банктік процент төлейді. Банктік процент – борышқордың 
банкке өзіне берілген сауданы пайдаланғаны үшін төлейтін, алған 
сауда соммасына процент есебіне қосылатын банктік есептеу 
ставкасы болып табылады.
Пайдалануға берілетін мерзімдері бойынша қысқа мерзімге, 
орта мерзімге және ұзақ мерзімге берілетін несие болып табылады.
Банктік несие зағды және жеке тұлғалардың (кәсіпкерлік 
қызметпен айналысатын) айналым қаражаттарына деген қажеттілік 
мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және негізгі қорларын құру 
мақсатында беріледі.
Қазіргі кезде несие саудалық капиталдың қозғалыс нысанын 
көрсетеді, сондықтан оның нарықтық экономика аясында атка-
ратын рөлі өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет