269
Азаматтық құқық талабына қатысушылар құрамының
өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық
себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың
(сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан- құқықтық із
ашардан екінші тұлғаға- құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі,
бұл ретте сңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық
ізашарының орнын басасды.
Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сенгулярлық
(жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір
заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық
қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа) жол берілмейтінін
қоспағанда құқықтық ізашарының орнын басатынымен сипат-
талады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың
құқықтары мен міндеттері, Азаматтық кодекстің 46-бабына
сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады;
мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған
адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының субьектілеріне
айналады.Жеке құқықтық мирасқорлық- қандай да болсын бір
құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы
құқықтық мирасқорлық.Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа
талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай
болады (Азаматтық кодекстің 348- бабы). Жеке сипатта болатын
құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б. құқықты
басқа адамдарға ауыстыруға болмайды), сондай-ақ былайша
ауыстыруға заңмен тиым салынған барлық жағдайларда құқықтық
мирасқорлыққа жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: