Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық



Pdf көрінісі
бет90/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

23.5.Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық 
қатынастар.
Ата-атаналар  мен  балалардың  құқықтарының  туындау 
негіздері
Ата-аналар мен балалардың  арасындағы құқықтық қаты-
настардың    пайда  болуының  негізі  балалардың  белгіленген 
заң тәртібімен  куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден 
туатындығы  болып  табылады.  «Неке  және  отбасы  туралы  » 
Заңда балалардың туу тегін куәландырудың  бірнеше әдістері 
бар (түрлері) қарастырылған.
Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған тәсіл бір-
бірімен некеде тұратын  ата-аналардан туған балалардың тегін 
анықтау болып табылады.
( «Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабына) сәйкес 
бір-бірімен некеде тұратын адамдардан  туған  баланың туу тегі 
ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл 
некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі 
мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп,өтініш беруі 
бойынша солардың атына жазылады деген сөз.Некелі әйелден 
туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.
Бала  неке  бұзылған,оны  жарамсыз  деп  таныған  кезден 
бастап,  немесе  бала  анасының  жұбайы  қайтыс  болғаннан 
кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда,егер өзгеше 
дәлелденбесе,анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып 
табылады  («Неке  және  отбасы  туралы»  Заңның  46-бабы,2-
тармағы).
Некесіз  туылған  баланың  тегін  куәландыруды  реттейтін 
бұрынғы    қолданылып    жүрген    заңдар  іс  жүзінде  әкелікті 
белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді.


292
Жаңа заң,сонымен бірге,баланың анасы жағынан тегін (анасы 
болуын) белгілеу тәртібін де  негіздеп берді.(«Неке және отбасы 
туралы» Заңның 46-бабының 1-тармағына) сәйкес баланың анасы 
жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде 
бала туғанын растайтын құжаттар негізінде,ал бала медициналық 
мекемеден  тыс жерде туған жағдайда-медициналық құжаттардың, 
куәлардың көрсетулерінің  немесе өзге де айғақтардың негізінде 
азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы 
жағынан тегін  белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған 
жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.
Бала  туғанда  ата-анасы  некеде  болмаса,немесе  анасы 
баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, 
баланың әкесі жағынан тегін  белгілеу   мәселесінің шешілуі 
күрделірек болады.
Заң баланың анасымен некеге тұрмаған адамның әкелігін 
белгілеудің бірнеше әдістерін  қарстырады.
Ол  баланың  әкесі  мен  шешесінің  бірлескен  арызын,  ал 
кейбір  жағдайларда  (шешесінің  қайтыс  болуы,оның  әрекет 
қабілетсіздігін  мойындау және т.б.) әкесінің  арызын АХАЖ 
органына беру жолымен белгілеуі мүмкін.
Ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы 
болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-
аналарының біреуінің  бала қорғаушысының  (қамқоршысының) 
арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы 
бойынша,сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы 
бойынша сот тәртібімен белгіленеді («Неке және отбасы -туралы» 
Заңның  47-бабы). Сонымен  қатар заңда көрсетілгендей,сот 
баланың туу  тегі нақты кімнен екендігін растайтын дәлелдерді 
есепке алатын болады.
Мұндай дәлелдерге баланың анасы мен жауапкердің бала 
туғанға дейін бірге тұруы және ортақ шаруашылықты жүргізу 
немесе  жауапкердің  әкелікті  мойындауын    (ертеректе  бұл 
жағдайлар  заңда  тура  атап  көрсетілген  болатын)    растайтын 
айғақтар жатады.
Баланың  тегі  жорамалданып  отырған  әкесінен  екендігін 
заңда көзделген дәлелді әдістердің  кез-келген түрінің көмегімен 
де растауға болады.Баланың  тегіне байланысты жеке мәселелер 
(жүкті болу уақыты,бала мен жорамалданып отырған әкесінің  
қанының  қай  топқа  жататындығы  және  т.б.)  медициналық-


293
биологиялық  сараптаманы,оның  ішінде  соңғы  кездері  пайда 
болған гендік сараптаманы қолдану арқылы анықталады.
Өмірде  кейде  некеден  тыс  туған  баланың  әкесі  әкелікті 
белгілегенге дейін қайтыс болып кететін жағдайлар да кездеседі.
Заң  мен  сот  практикасы  әкелікті  талап  арызбен  белгілеудің 
салдарына ұқсас,заңды салдар туғызатын,әкелік фактісі айрықша 
жағдайда белгіленуі  мүмкін  жағдайларда қарастырады.
Азаматтың әке екенін тану фактісі ол қайтыс болып кеткен 
жағдайда азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер 
бойынша сот тәртібімен белгіленеді. («Неке және отбасы туралы» 
Заңның 48-бабы).
Әкелікті  («Неке  және  отбасы  туралы»  Заңның  46,                                 
47 және 48-ші баптарында) көзделген тәртіппен, яғни баланың 
ата-анасының  бірлесіп  арыз  беруі,сондай-ақ  әкелікті  сотпен 
белгілеген  жағдайда,балалардың  ата-аналары  мен  олардың 
туыстарына қатысты  бір-бірімен   некеде тұратын адамдардан 
туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады 
(«Неке және отбасы туралы»  Заңның 51-бабы).
Заң баланың ата-аналарын туу туралы жазбалар кітабына  
жазу тәртібін белгілі  ережелерге бағындырады.
Бір-бірімен  некеде  тұрған  әке  мен  ана  туралы  жазбалар 
кітабына олардың кез келгенінің арызы  бойынша ата-анасы 
болып жазылады.
Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса,баланың 
анасы туралы жазба-анасының арызы бойынша,ал баланың әкесі 
туралы жазба баланың   әкесі мен анасының   бірлескен арызы  
(немесе жалғыз әкесінің ) бойынша,немесе соттың шешіміне 
сәйкес жазылады.
(«Неке  және  отбасы  туралы»  Заңның  49-бабына)  сәйкес 
бала  некеде  тұрмаған анадан туған ретте,ата-ананың  бірлескен 
арызы болмаған  жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы 
сот шешімі  болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында 
бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша бала әкесінің аты-
жөні –бала анасының   көрсетуі бойынша жазылады.
Некеде жоқ адамдардан туған балалардың тегін белгілеудің  
жоғарыда көрсетілген әдістерінен ерекшелігі,аталған жазу тәртібі 
баланың  тек  анасына  қатысты    құқықтары  мен  міндеттерін 
туғызады.


294
Тіпті әкесі туралы  мәліметтер баланың әкесінің немесе  
соның  атын,тегін  алып  жүрген  басқа  адамның  шын  атымен 
кездейсоқ  сәйкес  келсе  де  баланың  анасының    айтуымен 
жазылған  әкесі  туралы  жазбалардың  ешқандай  да  құқықтық  
салдар-себептері болмайды.
Бойға бала бітірудің жаңа әдісі жағдайындағы және баланың  
тууы кезіндегі  ата-аналарды жазу тәртібі туралы ерекше айтуға 
тура келеді.   («Неке және  отбасы туралы» Заңның  49-бабының 
4-тармағында) қарастырылғандай,некеде тұратын  және бойға 
бала бітірудің  жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын 
қолдануға  жазбаша  түрде  өз  келісімін  берген    адамдар  осы 
әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда 
туу туралы  жазбалар  кітабына оның ата-анасы болып жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет