368
мүделерін сотта олардың заңды өкілдері – ата-аналары, асырап
алушылары және қорғаушылары қорғайды.
Заңды өкілдің өкілеттігі төлқұжатпен немесе арнаулы
куәлікпен куәландырылады ( Азаматтық іс жүргізу кодексінің
63-бабы). Басқа өкілдердің істі жүргізуге өкілділігі Азаматтық
іс жүргізу кодексі 62-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуге
тиіс.
Сотқа берілген талап қойылған арызға баж төлеуге тиіс (
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 101-бабы, «Мемлекеттік баж
туралы» 1996 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Заңының 3-бабы).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья
ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне
қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс
пайда болды.
Осыдан кейін судья істі соттың қарауына әзірлейді,
мұның мақсаты істі дұрыс және мезгілінде қарау мен заңды
және негізделген сот шешімін шығару болып болып табылды
(Азаматтық іс жүргізу кодексінің 166-бабы).
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 147-бабына аталған істерді
қоспағанда, азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс. Істі дайындау
7 күн ішінде жүргізіледі, күрделі істер бойынша судья дәлелді
ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады.
Достарыңызбен бөлісу: