38.2. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыты, кеңістік және тұлғалар бойынша қолданылуы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтық
іс жүргізу істі қарау, жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасау
немесе соттың шешімін орындау кезінде қолданылып жүрген
азаматтық іс жүргізу бойынша жүргізіледі.Басқаша айтқанда,
азаматтық іс жүргізу нормаларының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу нормаларының кеңістіктегі әрекетті бұл
құқық саласының барлық нормаларының орта сипаты болуымен
және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етуімен
сипатталады.
Адамдар тобы бойынша азаматтық іс жүргізу нормаларының:
1) азаматтық заң мен сот алдындағы теңдігінің принципі
себепті республиканың барлық азаматтарына; 2) мемлекеттік,
кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындарға, азаматтарға, азаматтығы
жоқ адамдарға; 4) заңдарда көзделген жағдайларда шетелдік
кәсіпорындар мен ұйымдарға қолданылады.