Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет129/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
39.1.Қазіргі кезеңдігі халықаралық құқық ұғымы
Қазіргі  кезеңдегі  халықаралық  қатынастардың  негізгі 
сипаттары
Мемлекеттер  арасындағы  сындарлы  қарым-қатынастың 
алғышарты халықаралық құқықтың және мемлекеттердің егеменді 
құқық нормаларын құрметтеу болып табылады.Халықаралық 
қатынастардың  халықаралық  құқық  реттейді  және  сонымен 
бірге оның нормаларына ықпал етеді.Халықаралық құқық кез 
келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар тарамдана дамыған 
халықаралық құқықтың нормалардың мазмұнын белгілейді.
Жеке  зерттеулерді  қажет  ететін  іргелі  проблемаларға 
бәрінен  бұрын,  халықаралық  жүйедегі  халықаралық  құ-қық 


369
және  халықаралық  қатынастар  проблемасының  орна  жат-
қызылады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер, 
әдетте,халықаралық  қатынастарды  неғұрлым  маңызды  және 
айқындаушы деп айырады,оларды жүйе ретінде қарайды(Г.А.
Арбатов,Н.И.Лебедов,Ш.П.Санакоев,Д.Г.Томашевский және т.б.)
Халықаралық жүйеге тар мағынасында мыналар кіреді:
біріншіден,мемлекет және мемлекеттектес құрылымдар;
екіншіден  мемлекеттік  құрылым  ретінде  қалыптасу 
процесіндегі  тәуелсіздік  үшін  күресіп  жатқан  халықтар  мен 
ұлттар;
үшіншіден,халықаралық қатынастар;
төртіншіден,мемлекеттердің топтасуы;
бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыс.
Жоғарыда аталып өткендерден басқа,халықаралық жүйеге 
сондай-ақ  халықаралық-құқықтық  және  өзге  де  әлеуметтік 
нормалар кіреді.Халықаралық жүйе үшін белгілі бір тұтастық,басқа 
компотенттерден салыстырмалы түрдегі оқшаулауға тән.Халық-
аралық жүйенің өзіне тән ерекшелігі,біріншіден,оның негізгі 
элементі-мемлекет-халықаралық жүйенің бір бөлігі болып сана-
лады,екіншіден,-онсыз өмір сүре алады.
Сонымен,  халықаралық  құқықтың  даму  және  өмір 
сүру  проблемаларын  анықтай  отырып,қазіргі  халықаралық 
қатынастардың  ерекшеліктерін,халықаралық  жүйенің  ұғымы 
мен компоненттерін анықтап алу қажет.
Осы  айтылғандарды  ескерсек,халықаралық  қатынастар 
ұғымы,олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды 
шығаруға болады.
Халықаралық қатынастар дегеніміз-ол мемлекеттер арасын-
дағы саяси,экономикалық,құқықтық,дипломаиялық,әскери,мәд
ени,ғылыми,идеологиялық және өзге байланыстардың жүйесі.
Халықаралық қатынастар үшін мемлекеттер арасындағы өзара 
қарым-қатынастарды нығайту және кеңейте түсу,халықаралық 
ұйымдардың  ролін  арттыру,бейбітшілік  және  халықаралық 
қауіпсіздіктің жаңа проблемаларын шеше білу,ядролық соғысты 
болдырмау,халықаралық құқықтың беделін көтеру қасиеттері тән.


370


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет