Глоссарий
Азаматтық құқық принциптері - нормативтік сипаты бар,
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастаасын
басшылыққа алатын негіз.
Шарт - шаруашылық қызметінің негізгі құралы.
Азаматтық заң күші - заң күшіне енгеннен бастап, оның
күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы
заңдық болмысына тән нысан.
Заңды тұлға - өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді
еншілейтін, оның құрамына кіретін тұлғалардан тәуелсіз өзі
жауап беретін тұлға.
Азаматтық құқық қатынастары - азаматтық құқық
нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаға
тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері - әрбір
құқық қатынастарының қатысушылары.
Обьектілер - құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік
және мүліктік емес игіліктер.
Заттар - азаматтық құқық қатынастарының обьектілері.
Заттық құқық - заттар жөнінде туатын құқық.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа
мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
Азаматтық құқық қабілеттілігі - Азаматтық Кодекстің 13 -
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен
азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі
үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық -
құқықтың белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық
құқығын иелену.
Дербес мүліктік жауапкершілік - ол заңды тұлғаның міндет-
темелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
Ар - намыс - тұлғаның рухани және әлеуметттік болмысына
берілетін қоғам бағасы.
Өкілдік - басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа,
заңдарға, сот шешіміне ие әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі
күшімен жасалған мәміле.
380
Азаматтардың меншік құқығы - тиесілі мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету өкілеттігі.
Міндеттемелік құқық - міндеттемелік қатынаста реттейтін
азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық
құқық нормаларының жиынтығы.
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі.
Азаматтық құқық обьектісі - азаматтың құқықтық нормалар-
мен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Цивильді құқық – римдік заңгерлер Рим азаматтарының
құқығы.
Цивилист – азаматтық құқық саласындағы мамандар
Мүліктік қатынастар – материалдық игіліктермен байланысы
бар қоғамдық қатынастар
Азаматтық принциптер (қағидаттар)- нормативтік сипаты
бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеу
бастамасын басшылыққа алатын негіз.
Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған
нәрселерді істеуі. Әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік
кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша
өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын
мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын
түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз
Қылмыстық құқық — жеке құқық саласы ретінде адамды,
оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған,
қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз
Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын
және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы
көрінісіне жататын белгісі.
Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі
дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар
үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық
жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады.
381
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі
мәнін, мазмұны
ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны
қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды
Мемлекеттік баж — уәкілді берілген мемлекеттік орган-
дардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-
қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын
міндетті төлем.
Салық дегеніміз — белгілі бір мерзімде және белгілі бір
көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті
төлемдер.
Сенімхат бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік
ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі
реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу
пәні немесе ғылым саласы
Төлемақы дегеніміз — мемлекет меншігіндегі объектілерді
пайдаланған кезде төленетін төлем.
Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық
нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда
қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған
ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау,
жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті
түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар
арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі таби-
ғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қаты-
настарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы
табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне
жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық
денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экология заңдарын бұзу дегеніміз — белгіленген экологиялық
тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы
кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып
табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық келісімшарт – оның субъектілерінің арасындағы
құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті
халықаралық — құқықтық нормаларды тудыру туралы анық
көрсетілген келісім.
382
Меншік құқығы – ол субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы – ол мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге
асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы – ол мүліктен оның табиғи қасиеттерін
алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз
етілуі.
Билік ету құқығы – ол мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Заттық құқық - ол құқылы тұлғаның немесе өзге тұлғалардың
әр түрлі затқа деген заңмен танылып және қорғалатын билік
ету құқығы.
Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған,
жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке
тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс
алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің
меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
Авторлық құқық. Ғылыми, әдеби және өнер щығармаларын
пайдалануға байланысты қарым-қатынастарды реттейтін
азаматтық құқықтың бір саласы. Авторлық құқықты қорғау үшін
щығарманың әр данасында автордың аты-жөні, жарияланған
уақыты мен жері көрсетілуі қажет. Авторлық құқық ең алдымен
авторға тиісті. Белгілі бір авторлық құқық түрлері автордың
мұрагерлеріне көшетін тұстары бар.
Адвокат – қорғаушы,сотта қылмысты істе қорғаушы,
ал азамыттық істе талапкердің немесе жауапкердің мүддесін
қорғаушы. Оған жоғары білікті және заң мамандығы бойынша
кем дегенде екі жылдық стажы бар азаматтар қабылданады.
Азаматтық хал актісі. Жеке тұлғаның тууын; өлгенін;
неке қиюын; бала асырап алуын; әкелікті анықтау; өз атын,
әкесінің атын және фамилиясын өзгер сияқты жағдайларды
тіркеу актілері.
Акциз. Кейбір көпшілік қолды тауарларға, қызметкерге
салынатын жанама салықтың түрі. Акциз мемлекеттік бюджеттің
көзі.
383
Алиби, дәлел. Қылмыс жасалған кезде айыпкерлердің
қылмысқа қатысты жоқтығын дәлелдеп беру.
Алимент. Отбасының көмекке мұқтаж еңбекке жарамайтын
мүшесіне, жасы толған асыруға міндетті мүшесінің төлейтін
ақшалай қаржысы.
Дифференциалдық рента - Табиғи жоғары өндіргіш күштерді
қолданудың нәтижесінде болтын артық пайда.
Еңбек нарығы - Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсер етуімен
тепе-теңдіктің бағасы және саны белгіленетін, еңбек тауар болып
табылатын, еңбек ресурстарының нарығы.
Еңбек өнімділігі - Еңбектің тиімділігінің көрсеткіші
уақыттың бірлігінде өндірілген өнімнің санын сипаттайды.
Еңбек ресурстары - Халық шаруашылығында еңбек етуге
қабілетті елдің халқының бөлігі.
Еңбек сыйымдылығы - Өнімінің бірлігін шығаруға
жұмсалған еңбектің жалпы шығындары.
Жалпы пайда - Тауарлардың өндірісі мен сатуынан түсетін
фирманың табысы.
Жалпы табыс - Өнімнің белгілі көлемін өткізуден түскен
жиынтық ақшалай түсім.
Жалпы шығындар - Тұрақты және өзгермелі шығындардың
сомасы.
Жұмыс күші - Адамның өмірлік тіршілігімен бірлесіп кеткен
және оның өте маңызды атрибутивтік (ажыраспайтын) қасиеті
болып табылатын, еңбекке жеке-дара қабілеті
Импорт - Басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтердің
жиынтығы
384
Достарыңызбен бөлісу: |