Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет107/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
128 
талап етпейді. 
Егер гректердің ойынша сүйетін — адам болса, жаңа рухани ахуалда - ол Құдай, 
оның сүйіспеншілігі - риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, кемтарды да – бәрін сүйеді... 
Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, бірін-бірі сүю керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, 
ол әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз - ол сүйіспеншілік. Христиан 
діні жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да сүй деп, 
адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап қояды. 
Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы - соңғы ерекшеліктердің бірі. 
Гректердің ойынша, тарих Ғарыштың тағдырымен тығыз байланысты. Ғарыш 
оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы жаңа Дүние келеді. Ол тағы 
да өртте құрып, тағы да жаңарады. 
Ал жаңа Дүниеге келген көзкарастың шеңберінде тарих қайталанбайды, ол өзінің 
соңына бара жатыр. Уақыттың соңы сонымен қатар жаратылған Дүниенің 
сарқылуымен тең. Соңғы сот -Құдайдың патшалығының толыққанды келуіне тең. 
Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар 
Александриядан шыққан Филон (1 ғасырда өмір сүрген) Грек философиясындағы 
кейбір ұғымдарды Христиан дінінде пайдаланып, христиандық діни философияның 
негізін қалайды. 
Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші - ондағы 
жазылғанды тікелей түсіну; екінші -- ондағы сөздермен көмкерілген астыртын 
жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-мағынаны ашу. 
Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда болуы керек. Филон 
Грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын кіргізеді. Құдай Дүниені жоқтан 
жаратты. Бірақ материалдық Дүниеден ерте ол «интеллигибелдік Дүниені», яғни 
«идеялар әлемін» тудырды. Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. 
Сонымен Логос - Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы Дүние өмірге келеді. 
Филонның айтуынша, Құдайдың екі потенциясы бар: біріншісі - жаратушылық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет