Нуржігіт Алтынбеков
153
латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.
Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны осы
тарауда талдайтын боламыз.
ХІ-ХІІ ғасырларда арабтардың барлык игерген мәдениет кұндылықтары Батыс
Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.
Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халыктарының тағдырына, мәдени дамуына
өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі Орта Азия халықтарының
бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай,
ислам - көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде
отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл
дін сай келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға
дейін дамып келеді.
Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға
Аль-Кинди (800 Ж.-879 ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдад
қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған
ғылым саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы
шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: «Аристотельдің кітаптарының саны және
философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына
жөніндегі кітап» т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: