Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет136/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
162 
уақыттың шеңберінде дүниеде жиналған қоғамды жаңарту жөніндегі білімді тез 
игеріп жатыр. Тапқырлық көрсетіп, шетелдерден экономикаға инвестициялар 
(қаражат) тартып жатыр; корегендіктен де кем емеспіз: кандай қиындықтарды 
басымыздан өткізіп жатсақ та, қазақ елі 2030 жылға қарай қандай дәрежеге көтерілуі 
керек, - оны да ойлыстырып койдық; дүниежүзілік заң шығару дәрежесіне сай етіп, 
біршама заңдарды да тудырдық; саяси элитаға талантты жастарды тартып 
жатырмыз. 
Соған қарамастан, жеткен нәтижелер аздау. Оның негізгі себептерінің бірі
даналықтың жетіспеуі. Жалғыз технократизм (білім билігі), нақтылы жағдайды
тарихи тәжірибені ескермейтін, арсыз саясаткорлыққа әкеліп, Әл-Фараби айтқан 
надан қалаға жеткізуі мүмкін. Сондықтан саяси элитаға интеллектуалдық топтардың 
дәрежесін көтеріп, саяси шешімдерді солардың сараптауынан өткізіп отыруы қажет 
қой деп ойлаймыз. 
Міне, осыдан 1000 жыл бұрын өмір сүрген бабамыз Әл-Фараби даналығы - оның 
қалдырған терең ойларының бүгінгі біздің өмірімізге сай келіп, алдымыздағы қиын 
мәселелердің шешімін табуға көмектесіп жатқандығы болса керек. Жалпы алғанда
кең түрде, философия тарихы, осы жағынан алғанда, ешқашан, қандай көне заманда 
пайда болса да ескірмейді, ондағы жиналған ойлар біздің шабытымызды оятып, жаңа 
көзқарастардың дүниеге келуіне, олардың өткен тарихпен сабақтастығының 
тереңдеуіне әсерін тигізеді. 
Ибн-Сина мен Ибн Рошд 
Абу-Али Ибн-Сина (980-1037жж.) Бұхара төңірегінде дүниеге келіп, 
Хамаданда 1037 жылы қайтыс болды. Ұлты – тәжік. Еуропа халықтарына Авиценна 
деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде «Логика», «Риторика», «Поэтика», 
«Физика», «Жан жөнін-де», «Метафизика» т.с.с. атауға болады. 
Авиценна дүниежүзілік ағарған қауымға өзінің шығармашылығының екі жағымен 
таныс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет