Нуржігіт Алтынбеков 149
Бұл билік күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі.
Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды тәрбиелеп,
ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы қоғам өмірінде тәртіп орнап,
адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.
«...Бірақ мемлекет адамдардың барлык рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей
алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары да оған жеткіліксіз.
Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген зандарды ұсынды . Сол
себепті адамның басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен
толықтырып отыруымыз керек», - деп қорытады Фома Аквинский.
Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін калдырды. Оның
сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі осы күнгі
заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзаттың рухани өміріне әсерін тигізуде.
Уильям Оккам ілімі Орта ғасырдағы ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі Уильям Оккам (1280-1349жж.) Оксфорд университетін бітірген. Негізгі еңбектері: «Логика
жинақтары», «Құпиялықтар жөніндегі трактат», «Сұхбаттар» т.с.с.
Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ен биік шыңына жетсе,
Уильям Оккамнан бастап, оның тек құлдырауы басталады. Біріншіден, сенімнің ақыл-
ойдан дербестігі оларды бір-бірінен ажыратады. Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды
бір-бірінен айырып алыстатуға тырысады.
Логикаға негізделген ақыл-ой сезімдік дүниені тануға мүмкіндік береді, оларды
тексеруге, дәлелдеуге болады.
Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, дәлелдеу де
мүмкін емес. Аян ақиқаттарын біріктіретін логика емес, Сенім ғана.Мысалы
христиан дінінің үштік қағидасына Уильям Оккам мынандай баға береді: «ол
қайсыбір мән-мағына, ақыл-ойдан басым». Сондықтан ақыл-ой сенімге тірек бола