Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет142/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
168 
дүниеге келген Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының түп-тамыры осыдан 400 
жылдай бұрын тұрпайы түрде Шығыстағы араб топырағында пайда болған. 
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және коғам мәселесін шешу қажет болған. 
Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін (онсыз өмір жоқ) бірігеді. 
Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол айнала ортадағы қауіпсіздікті сақтау 
қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші, тағы жыртқыштардан, екінші, 
адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі 
құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін 
адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек. 
Сонымен адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен асып, 
әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан, адам «табиғаттың туғызған пендесі» 
ретінде толығынан айнала қоршаған ортадан тэуелсіз бола алмайды. 
Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері - ол ауа райы (ик-лим). Ол жердің 
бетіндегі ауа райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6), ең ыстық 
(1,2) және қоңыржай (4) аймақтар. Ал 3-ші жэне 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыржайға 
жақын аймақтар. Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында 
шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен 
түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың қаралығы ыстықпен, 
солтүстіктегі адамдардың актығы, суықпен байланысты деген пікірге келеді. 
Табиғат халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін тамақтары
дене-құрылысына әсерін тигізеді. Қазіргі ұғымдармен айтқанда, мұндай 
көзқарастарды «Географиялық себептікке» (детерминизм) жатқызамыз. Оны 
уақытында Кеңес заманында маркстік тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең 
мән-мағынасына келер болсақ, онда «оның түйіні бар ма» деген сұрақ туады. Бұл 
сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық қана емес, сонымен қатар 
практикалық үлкен мағынасы бар. Мысалы, Қазақстан коғамының ерекшеліктері: 
оның ауа райының қаталдығы (7 ай қыс) судың аздығы, жер көлемінің адамдардың 
санымен салыстырғанда кең-байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет