Нуржігіт Алтынбеков 165
Латынша аты - Аверроэс. Өмірге Испаниядағы Кордова қаласында келеді. Жас кезінде
мұсылман құқын, араб әдебиеті мен поэзиясын, соңынан дәрігерлік ғылымды,
математика мен физиканы оқиды. Содан кейін философиямен айналыса бастайды.
Ибн-Рошд көп жылдар Севилья мен Кордовада кадилық (соттың) қызмет
атқарады. Өмірінің кейбір кезеңдерінде өзінің көзқарастарына бола діни қуғындауға
ұшырайды. Ибн-Рошд ғылыми еңбектерінің көпшілігін Аристотельдің еңбектеріне
түсініктемелер жасауға арнайды. Еуропа философиясында «Ұлы комментатор»
(түсініктемеші) деген атаққа ие болған.
Негізгі еңбектері: «Терістеуді теріске шығару», «Аспандағы денелердің қозғалысы
жөнінде», «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Жан-дүние ғылымы жөнінде» т.с.с.
Соңынан оған Данте «Білетіндердің ұстазы»деген ат береді.
Өзінің философиядағы көзқарастарында Ибн-Рошд Дүниенің мәңгілігі мен
шексіздігі жөнінде айтады. Әрине, ол - өз заманының туындысы болды, сондықтан ол
Құдайды мойындады. Құдай-шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя -
Дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік кайнар көзі, өйткені «егер Жаратушы мәңгілік болса,
онда жаратылған Дүние де – мәңгілік». Құдай - қажетті барлық, ол Дүниенің
мүмкіндігі материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады. Дүниедегі еш нәрсе
пайда болып, я құрымайды, ол өзгеру арқылы басқа затқа айналады. Материя заттын
ішкі мүмкіндігін кұраса, бітім (форма) оның сырткы іске асуына, өмірге келуіне
әкеледі.
Ибн-Рошд Аристотель философиясынын негізгі кағидасының бірі - «материя
ешкашан бітімсіз, ал бітім материясыз өмір сүре алмайды» деген ойын толығынан
колдап, оны әрі қарай тереңдетеді. Егер материя мен бітімді біз ажырата алмасақ,
онда мүмкіндік пен шындық та -- бірегей, олардың айырмашылығы салыстырмалы
ғана. Дүние мәңгілік болғаннан кейін, қайсыбір мүмкіндік ертелі-кеш шындыкқа
айналуға тиіс.
Ибн-Рошдтың таным ілімінде ақыл-ой негізгі орын алады. Әрине, Құранда да
Дүние жөніндегі белгілі қағидалар берілген. Бірақ олар калың бұқараға