Нуржігіт Алтынбеков 182
Валла (1407-1457) болды. «Ләззат алу жөнінде» деген еңбегінде ол адамның
дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады», -
деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы «өзінің өмірі мен
денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару» сезімдік іс-әрекетсіз
болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға
тырысуы керек. Ләззат - «жан мен дененің рахатқа батуы» ретінде игілікті іс. Мұндай
көзқарастың ортағасырлық аскеттікке (asketos - грек сөзі, кұмартудан бас тарту,
адамның өзін-өзі шектеуі) карсы бағытталғанын байқау қиын емес.
Жастай өмірден кеткен талантты ойшыл Пико делла Мирандолланың (1463-1494
жж.) еңбектерінде Қайта ерлеу заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік
көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің «Адамның абыройы жөніндегі сөздер»
деген еңбегінде ол: «Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды
орналастырды», - дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен
әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.
Оның ойынша, адам - бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер.
Сонымен катар Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік
еш нәрсе жоқ. Құдай адамды жаратқанда, оған әртүрлі өмірдің ұрықтарын салды.
Адамның рухының ең ғажабы оның еріктігінде, оның алдындағы әртүрлі өмір
жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, адам
тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін.
Адамның таңдау еріктігі - ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны Сократтың
айтып кеткен «өзіңді тани біл» деген жолынан іздеу керек, ол өмірдегі күресте
шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра
көрсетеді.
Сонымен Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға апаратын жол
деп түсінген Орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, керісінше, ол адамға
берілген құнды сый деп түсінді.
Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып қалмай,